62
өндірістен қол үзіп оқу орындарында оқитын адамдарға түзеу жұмыстары
тағайындала алмайды.
Түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған
жағдайларда, қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның
орындалмаған бөлігі – Қылмыстық кодекстің 43 және 45-баптарының ережелері
ескеріле отырып, бір айлық есептік көрсеткіш үшін қоғамдық жұмыстардың бір
сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептік көрсеткіш
үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға, ал қылмыс үшін
тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі Қылмыстық кодекстің 46-
бабының ережелері ескеріле отырып, төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас
бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға
ауыстырылады.
Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту
көзделген. ҚР ҚК-нің 43-бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстар сотталған
адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы
жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы
органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
белгілеген қылмыстық теріс қылық үшін қолданатын жазаның түрі болып
табылады, ол Қазақ ССР-ның бұрынғы қылмыстық заңында жоқ еді.
Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамдық жұмыстардың түрлерін жергілікті
атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі
басқару органдары белгілейді,
олар жазаны орындаушы органға – қылмыстық-орындаушы инспекцияға
мұндай жұмыстардың қажеттігін хабарлайды.
Испекция сотталғандарды жұмысқа жібереді. Сотталғандар қоғамдық
жұмыстарды өздері тұрған жерде жасайды.
КР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпкер сотталған бабының санкциясында
қарастырылған болса, қоғамдық жұмыстар жазаның негізгі түрі ретінде ғана
қолданылады.
Қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар, жасалған қылмыс үшін
қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайындалса, және жазаның өтелмеген
бөлігін жұмсақ жазамен ауыстырған жағдайда қолданылады.
Бұл жаза мерзімді жазалар қатарына жатады. Ол сотталған адам қоғамдық
жұмыста болған сағатпен өлшенеді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан үш жүз
сағатқа дейін тағайындауға рұқсат береді.
Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан үш жүз сағатқа дейiн белгiленедi
және сотталған адам оларды өтеу уақытына негізгі жұмыс орны бойынша еңбек
міндеттерін орындаудан босатыла отырып не оқудан бос уақытында күнiне
төрт
сағаттан асырылмай, ал егер сотталған адамның тұрақты жұмыс орны
болмаса және ол оқуда болмаса – күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына
қырық сағаттан асырылмай өтеледi.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті
атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда
63
ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы
ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза заңды күшіне енген сот
үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен
бастап он күндік мерзiмнен кешiктiрiлмей орындалады.
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды
сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
Сотталған адамға негізгі жұмыс орны бойынша
кезекті демалыс беру
қоғамдық жұмыстарды орындауын тоқтата тұрмайды.
Жазасын өтеу кезеңінде сотталған адам жүкті болған кезде пробация
қызметі сотқа жүктілікке және босануға байланысты демалыс берілген күннен
бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну енгізеді.
Сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған
кезде, пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы
ұсыну енгізеді ( 57-бап ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі
№ 234-V). Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда осы Кодекстің 45-
бабының ережелері ескеріле отырып, олар қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты
үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға ауыстырылады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас
балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп
отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс
үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы
мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: