66
факторлармен бірге сол баяғы өлім жазасы арқылы әділеттілікке қол жеткізу
қағидасы енгізілген.
Қазақстан Республикасы «өлім жазасын қолдану салаларын бірте-бірте
азайтуға» бағытталған саясатты ұстануда. 2003 жылдың 19 желтоқсанында
республика Президенті өлім жазасын қолдануды мүлдем
жойғанға дейін бұл
жаза түріне мерзімсіз мораторий жариалаған болатын. Өлім жазасын
алмастыратын жаза түрі ретінде 2004 жылы өмір бойына бас бостандығынан
айыруды қолдану қабылданды. 2005 жылдың қараша айында Қазақстан
Республикасы Азаматтық және Саяси Құқықтар
туралы Халықаралық Пактіні
ратификациялады.
2012 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ң Бас Ассамблеясы өлім жазасына
жалпы әлемдік мараторий жариялауды талап етті. Дауыс берудің қорытындысы
бойынша (Қазақстанды қосқанда 110 мемлекет қолдады, 39 – қарсы, 36 – дауыс
беруден бас тартты) өлім жазасын ресми түрде тоқтата тұрумен алдағы уақытта
мүлдем қолданыстан алып тастау туралы резолюция қабылданды.
Қазақстанда өлім жазасы соңғы рет 2003 жылдың 12 мамырында
қолданылды. Ол кезде 12 сотталған жазаланған болатын.
Өлім жазасы – ату жазасы адамдардың қаза табуымен ұштасқан
террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс
уақытында жасалған аса ауыр
қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген
адамға кешірім жасау туралы өтінішхат беру құқығы беріледі. Өлiм жазасы он
сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға,
әйелдерге, алпыс үш жастағы
және
ол
жастан
асқан
еркектерге
тағайындалмайды.
Қазақстан
Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген
кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытқа
тоқтатыла тұрады.
Өлiм жазасы туралы үкiм күшiне енген кезінен
бастап ерте дегенде бiр
жыл өткеннен кейiн, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші
жойылған соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады. Өлім жазасы
кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға немесе
белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ерекше режимдегі түзеу
колониясында жазасын өтей отырып ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына
кесілген
адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған
жағдайда, мораторий енгізілгенге дейін олардың өтінішхат бергеніне немесе
бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: