Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан



Pdf көрінісі
бет62/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
 
5. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан 
босату. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер iс сотта қаралған 
уақытта жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған іс-әрекет қоғамға қауiптi 
болудан қалды деп танылса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына 
жатады. 


81 
Қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасаған не онша ауыр емес немесе 
ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адам, егер осы адамның содан 
кейiнгi мінсіз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта оның 
қоғамға қауiптi деп есептелмейтіні анықталса, соттың қылмыстық 
жауаптылықтан босатуына жатады (ҚК-тің 70-бабы). 
 
6. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан 
босату. Қылмыстық заңда ескіру институты ұзақ тарихи дамудан өтті. Ол 
қылмыстық саясаттың даму бағытын анықтайтын мемлекеттің экономикалық, 
әлеуметтік және саяси өмірі, әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасты. Оған 
әрқашан бір жағынан, құқық бұзушыға кешірім, мейірім мен рақымшылықпен 
қарау ізгілік идеялары, ал екінші жағынан, - қылмыстық әрекеттің салдары 
уақыттың әсеріне негізделіп, ұзақ уақыт бойы әлсірейтін және жиі жойылатын, 
қылмыс жасаған адамға да қатысты қылмыстық - құқықтық және қылмыстық – 
процессуалдық идеялар әсер етті. 
Бұл шын мәнінде, қылмыстық жауапкершілікке кеш тарту және кешіккен 
үкім шығару тиісті тәрбиелік және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын 
алу мақсатындағы әсері болмайды, сондықтан қылмыстық жауаптылыққа 
тартып жаза тағайындау тиімсіз болып саналады. Осы уақыт аралығында 
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адам түзелу жолына түсуі 
мүмкін, әлеуметтік қауіптілігі жойылып, жазалауға ұшырату қажеттілігі жоқ 
болады. 
Ұзақ уақыт өткеннен кейін құқық бұзушылық істі табысты тергеу 
мүмкіншілігі жойыла бастайды және қылмыстық қудалауға кедергi жасайтыны 
дәлелдеудің процессуалдық сипаттағы қайта орнына келтірілмейтін 
қиындықтар (қылмыстың материалдық іздерінің жоғалуы, куәлар және т.б., 
маңызды фактілер ұмытылуы әбден мүмкін). 
Қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейін көп ұзамай 
қылмыскерге жаза тағайындалатын болса, сонда ғана жаза өзінің мақсаттарына 
жетеді. Егерде заң бойынша үкiмдi орындау мақсатсыз болса, онда адам 
мемлекеттің алдында жауаптылықтан босатылады, бұл қылмыстық құқық 
бұзушылық жасаған тұлғаға жазаны қолданудың орындылығында емес, бұл 
жазаны қолданудың адамгершілікке жатпайтындығында.
Сондықтан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға мемлекет атынан 
қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осыған орай заң шығарушы, 
қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлық санатына қарай ескiру мерзiмiн әр 
түрлі қылып белгіледі. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық ауыр болса 
ескіру мерзімі де ұзақ болады, ал қылмыстық құқық бұзушылық орташа не 
болмаса онша ауыр емес болатын болса, онда қылмыстық құқық бұзушылық 
жасаған адамның ескіру мерзімі де азырақ болады. Бұл әрине жалпы және 
арнайы алдын алу мақсатына жасалған норма.
Екіру мерзіміне әсер ететін мән-жайларға жалтаруға жататын – тергеу мен 
соттан қасақана жасырыну, немесе қасақана жаңа қылмыс жасау. 


82 
Қылмыстық заңның 71-бабына сай егер қылмыстық құқық бұзушылық 
жасалған күннен бастап келесідей мерзiмдер өтсе адам қылмыстық 
жауаптылықтан босатылады: 
1) қылмыстық теріс қылық жасалғаннан кейін бір жыл; 
2) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейiн екi жыл; 
3) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейiн бес жыл; 
4) ауыр қылмыс жасалғаннан кейiн он бес жыл; 
5) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейiн жиырма жыл өтсе.
Ескіру мерзімдері қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 
және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi. 
Қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуi жаңа 
қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан тоқтатыла тұрмайды 
және үзілмейді. 
Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру 
мерзімдерінің өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімдерінің өтуi 
адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап қайта 
басталады. Бұл ретте, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескіру мерзімі 
үзілмесе және мынадай мерзімдер: 
1) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейін он жыл; 
2) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл; 
3) ауыр қылмыс жасалғаннан кейін жиырма жыл; 
4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін жиырма бес жыл өтсе, адам 
қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 
Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi 
бөлiгiнде көрсетілген мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, 
ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Мұндай жағдайларда ескіру мерзімін есептеу 
жаңа қылмыс жасалған күннен бастап қайта басталады. Өзге жағдайларда, егер 
ескіру мерзімі өткенге дейiн адам қайтадан қылмыс жасаса, әрбiр қылмыс 
бойынша ескіру мерзімі дербес өтедi. 
Қылмыстық кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас 
бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру 
мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімінің 
өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады деп 
таппаса, онда өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен 
ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл 
мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. 
Бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас 
жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, 
азаптаулар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы 
қылмыстар, 
сондай-ақ 
жеке 
адамға, 
мемлекеттің 
конституциялық 
құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен 
қоғамдық тәртіпке қарсы, экономикалық қызмет саласында аса ауыр 
қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмдерi қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет