Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және



Pdf көрінісі
бет70/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және 
оларды қолдану мерзімдері ҚК 85-бабында нақты белгіленген. Сонымен 
қатар кәмелетке толмаған адам тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шарасын бір 
жыл ішінде екі және одан да көп рет қасақана орындамаған жағдайда, егер 
қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтіп кетпесе, 
мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынуы бойынша сот бұл шараның 
күшін жояды және материалдар кәмелетке толмаған адамды қылмыстық 
жауаптылыққа тарту үшін жіберіледі. 
 
19 Тақырып: Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары 
 
Мақсаты: Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын түсіндіру, 
олардың түрлерін ұғындыру. 
 
Жоспар: 
1.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсiнiгi және оларды 
қолдану негiздерi мен мақсаттары 


93 
2.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi 
3.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және 
тоқтат. 
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсiнiгi және 
оларды қолдану негiздерi мен мақсаттары. Медициналық сипаттағы 
мәжбүрлеу шараларын орындау тәртiбi Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық-атқару кодексiнде және денсаулық сақтау саласындағы 
заңнамасында айқындалады. 
ҚК-тің 91-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген және өзiнiң психикалық 
жай-күйі бойынша қауiп төндірмейтін адамдарға қатысты сот осы адамдарды 
емдеу немесе оларды психоневрологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында 
көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi 
материалдар жiбере алады. 
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын сот ҚК-тің 91-бабының 
бірінші бөлігіне сәйкес: 
1) есі дұрыс емес жағдайда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі 
баптарда көзделген әрекеттерді жасаған; 
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасы жаза 
тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтындай бұзылған; 
3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және есiнiң дұрыстығы жоққа 
шығарылмайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн; 
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және алкоголизмнен, 
нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған 
адамдарға тағайындауы мүмкiн. 
ҚК-тің 92-бабында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын 
қолданудың 3 түрлі мақсаты аталған: 
1) ҚК-тің 91-бабының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды емдеп 
шығару; 
2) олардың психикалық жай-күйін жақсарту; 
3) олардың ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарымен жауаптылық көздейтін 
жаңа әрекеттер жасауының алдын алу. 
Соттардың назары есі кіресілі-шығасылы күйінде қоғамға аса қауіпті 
әрекет жасаған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан 
кейін психикасы бұзылған адамдарға немесе қылмыстық құқық бұзушылық 
жасап, психиатриялық жәрдем қажет ететін немесе маскүнемдіктен, 
нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға 
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын дұрыс қолдану олардың 
емделіп кетуіне немесе денсаулықтарының жақсаруына әсер ететініне, сондай-
ақ осындай адамдардың қылмыстық заң бойынша жауапкершілік көздейтін 
әрекеттерді қайта жасауының алдын алуға ықпал ететініне аударылған. 
Соттар адамның өзiнiң әрекеттерiнiң нақты сипатын және қоғамдық 
қауiптiлiгiн түсiнуге және оларды басқаруға кедергi жасайтын психикалық 


94 
сырқаты өздiгiнен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану 
үшiн негiз бола алмайтынын ескереді. Осыған байланысты әр iс бойынша 
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердiң жасалуы дәлелденгенiн, оны 
жасаған кезде адамның есi кiресiлi-шығасылы күйде болғанын тексеру қажет. 
Сонымен бiрге, адамның психикалық сырқатына байланысты өзi үшiн немесе 
басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн немесе басқа да елеулi зиян келтiруi 
мүмкiндiгiн растайтын нақты фактiлер анықталуы тиiс. 
Адамның психикалық сырқатының сипаты және ауырлығы оның осыған 
байланысты өзiне және басқа адамдарға қатысты зорлықшыл әрекеттер, өзге де 
қоғамға қауiптi әрекеттер (мүлiктi ұрлау, өртеу, жою немесе басқа тәсiлдермен 
бұзу және т.б.) жасауға бейiмділiгi, сондай-ақ қоғамға қауiптi ниетiн жүзеге 
асыру мүмкіндiгiне баға беретiн аурудың күй-жағдайы - оның өзi үшiн немесе 
басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн дәлелдейдi.
ҚПК-тiң тиісті бабының талаптарына сәйкес әр қылмыстық iс бойынша, 
егер қылмыстық iс қозғалған немесе қылмыстық iзге түсу жүргiзiлген адамға 
қатысты психикалық жай-күйiне күмән келтiретiн мән-жайлар анықталса
мiндеттi түрде сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы қажет. Бұндай 
жағдайларға, атап айтқанда, сезiктiнiң, айыпталушының отбасында психикалық 
аурумен ауыратын туысқандарының болуы туралы, оның ақыл-ойы 
жетiспейтiндер үшiн арналған мекемеде оқуы туралы, бұрын зақым алғаны 
туралы, психиатриялық емханаларда тiркелуi немесе емделуi туралы, бұрын 
психикалық сырқатына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен немесе 
жазадан босатылуы туралы және т.б. мәлiметтер жатады.
Сот-психиатриялық 
сараптаманы 
тағайындау 
туралы 
қаулыда 
сараптамашылардың шешуiне адамның бұрын психикалық сырқатының 
болғанын, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде 
психикалық сырқатының дәрежесi мен сипатын анықтайтын, адамның 
қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде есiнiң кiресiлi-
шығасылы болғанын, сезiктiнiң, айыпталушының қылмыстық құқық 
бұзушылық жасағаннан кейiн сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе 
сот үкiмi бойынша қылмыстық жазаны өтеген кездегi психикалық мiнез-құлқын 
белгiлейтiн мәселелердi қойған жөн. Сараптамашылардың алдына адамның 
анықталған ауруына байланысты оның өзi үшiн және басқа адамдар үшiн 
қауiптi болуы туралы, басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi туралы, 
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын және оның қай түрін қолдануды 
талап ететіні туралы, сондай-ақ психикалық сырқатының сипаты мен ауырлық 
дәрежесiн ескере отырып, оның түсiнiктер беруге, өтiнiштер мәлiмдеуге, 
дәлелдемелер келтiруге және ҚПК-нiң 515-бабының 1-бөлiгiнде көрсетілген 
басқада әрекеттерді жасауға мүмкіндігі туралы мәселелерді қояды.
Қылмыстық iсте адамның iшiмдiк, есiрткi, психотроптық немесе өзге де 
есеңгiрететiн заттарды жүйелi түрде қолдануы туралы мәлiметтер болған 
жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органдар осындай адамдарға 
куәландыру туралы қаулы шығарып, iске осы адам маскүнемдiктен, 
нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеу түрде емдеудi қажет 


95 
ететiнi және оған қарсылық жоқ екенi туралы медициналық комиссияның 
қорытындысы қоса тiркеуге тиiс. 
Бiр әрекетке қатысты адамның есi кiресiлi-шығасылы екендiгiн тану басқа 
әрекетке қатысты есiнiң дұрыс болуы мүмкiндiгін жоққа шығармайтыны 
түсiндiрiлсiн. Осыған орай, бұрын есi кiресiлi-шығасылы болып танылған және 
қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған адам қылмыстық заңмен тыйым 
салынған әрекет жасаған жағдайда, жаңадан жасаған әрекетiнiң әр эпизодына 
қатысты оның есiнiң дұрыс екенiн немесе кiресiлi-шығасылы болғанын анықтау 
мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы және өткiзiлуi тиiс. 
Қажет болған жағдайда стационарлық сот-психиатриялық сараптама, сондай-ақ 
психолого-психиатриялық сараптама өткiзудi тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет