зертханалық модуль негізінде әр түрлі интерактивті модельдер жасауға
мүмкіндік береді. [54,55].
Осылайша, осы заманғы орта білім жағдайындағы виртуалды үдеріс оны
жаңа, виртуалды компьютерлік технологиялар деңгейге шығара отырып,
дәстүрлі білім берудің бай педагогикалық әлеуетін пайдалануға бағытталған.
Бұдан басқа, виртуалды ақпараттық-оқыту
зертханалары жағдайында оқу
модельдері арқылы білімнің жаңа салаларын зерттеуде оқушыларда қоршаған
орта құбылыстарын танып-білуде өздігінен жұмыс істеу қабілеті артады, өмір
сүру барысында туындайтын міндеттерді шешу жолдарын өздігінен табу
мүмкіндігі қалыптасады, алынған білімді тәжірибе жүзінде пайдалануға
даярлығы артады. Ендеше, оқушылардың өздігінен
жұмыс істеуіне септігін
тигізетін виртуалды зертханаларды пайдалану электронды білім беретін
компьютерлік өнімді ендіру стратегиясындағы сәттіліктің ажырамас бөлігі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: