Экономикалық потенциал
Өндірістік потенциал
Инновациялық потенциал
Қаржылық потенциал
Өндірістік потенциал негізгі қорлардың, материалдық ресурстардың, жұмыс
күшінің сандық және сапалық құрамын сипаттайды.
Инновациялық потенциал жобалық–конструкторлық әзірлемелердің ғылыми–
техникалық дәрежесімен, мамандардың кәсіби және біліктіліктік құрамы мен олардың
творчестволық қайтарымы дәрежесімен, зертханалық, тәжірибелік–эксперименттік
базаның техникалық деңгейімен анықталады.
Қаржылық потенциал кәсіпорынның қалыпты қызмет ету үшін қажетті
қаржылық ресурстардың болуымен, оларды кәсіпорын активтеріне мақсатқа сай
орналастыруы мен пайдалану тиімділігімен сипатталады.
Сонымен экономикалық потенциалдың көрсеткіштерінде кәсіпорынның барлық
ресурс түрлерін пайдалану тиімділігі мен оның қызметінің түпкілікті нәтижелері
көрсетіледі: кәсіпорынның өндірістік қуаты мен оны пайдалану деңгейі, өнімнің сапасы,
активтердің пайдалылығы.
Кәсіпорынның потенциалының қалпына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді:
–
ішкі факторларға шаруашылық етудің әдістері жатады: өндіріс пен
еңбекті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
–
сыртқы
факторлар:
жеткізушілер,
тұтынушылар,
бәсекелестер,
мемлекеттік ұйымдар, инфляция, елдегі саяси және экономикалық
жағдай.
2. Кәсіпорынның потенциалдарын бағалайтын көрсеткіштер жүйесі
Өндірістік потенциалды бағалау келесі көрсеткіштер топтарынан құрылады:
І. Өндірістің техникалық қамсыздандыру және негізгі өндірістік қорлардың (НӨҚ)
үдемелілігі дәрежесінің көрсеткішетрі:
1) НӨҚ активті бөлігінің олардың жалпы құнындағы үлес салмағы;
2) еңбектің қормен жарақтандырылуы – НӨҚ–ң орташа жылдық құнының ең үлкен
сменадағы жұмысшылардың санына қатынасы;
3) еңбектің механикамен жарақтандырылуы – машиналар мен жабдықтаудың құының ең
үлкен сменадағы жұмысшылардың санына қатынасы;
4) жабдықтаудың жалпы құнындағы олардың үдемелі түрлерінің саны мен құнының үлес
салмағы;
5) НӨҚ–ң топтары бойынша орташа жасы;
6) НӨҚ–ң тозу коэффициенті: К
Достарыңызбен бөлісу: |