–
қызмет көрсетуші цехтар – негізгі және қамтамасыз етуші цехтар үшін
өндірістік қызметтер көрсететін (жөндеу цехі,
көлік және қойма
шаруашылығы);
–
тәжірибелік–эксперименттік цехтар – жаңа өнім түрлерінің макеттері мен
тәжірибелік үлгілерін жасап сынайтын;
–
қосалқы цехтар – қосалқы материалдарды өндіріп өндейтін, сонымен
бірге өндіріс қалдықтарынан өнім
шығаратын цехтар;
–
көмек етуші цехтар – зауыт территориясын жинайтын, ауыл
шаруашылықтық өнім шығаратын цехтар.
2. Мамандандырылуы бойынша:
–
Технологиялық – мұнда өндіріс процесінің белгілі бөлігі орындалады.
Мұның негізгі кемшілігі өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы және
қолданылатын ресурстардың тиімділігі аз, нәтижеде өндірістің
шығындары жоғары, өндірістік циклдің ұзақ болуы мен өндірістің
пайдалылығы төмен.
–
Заттық (бөлшектік–тораптық) құрылым кезінде
әрбір цех бір немесе
бірнеше конструкциясы ұқсас өнімдерді шығаруда мамандандырылады,
және номенклатурасы тұрақты өнімнің жаппай өндірісіне сәйкес келеді.
Мұның артықшылығы прогрессивтік жоғары өндіргіш айрықша
жабдықтауды енгізу мүмкіншілігі (автоматтандырылған
тасқынды
линиялар, икемді өндірістік жүйелер). Бірақ таза түрде заттық құрылым
сирек кездеседі, сондықтан аралас құрылым түрі кең тараған.
–
Аралас (заттық–технологиялық) – мұнда дайындау цехтардың
технологиялық құрылымы, өндеу цехтарының – бөлшектік–тораптық, ал
шығару цехтарының – заттық құрылымы бар.
Достарыңызбен бөлісу: