Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет6/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
treatise63052

Қайта құрылымдаудың мақсаты – кәсіпорынды нарықтық ортада бастапқы 
кезеңде өнімнің бәсекеге қабілетсіздігінен, тауарлық–материалдық запастардың өсуінен 
пайда болатын дағдарыстық жағдайдан шығару. Кең мағынада қайта құрылымдау 
дегеніміз қарыздар мен капиталдық салынымдарды бөлу, өндірістік сатыларды жеке 
кәсіпорындар мен фирмаларға бөлу, оларды қосу арқылы өндірісті кішірейту, залалды 
өндірістерді жою және пайдалылығы төмен өндірістердің бейінін өзгерту.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымын өзгерту нәтижесінде кадрлік саясаттың, 
кәсіпорын мүлігін бағалаудың, инвестициялық саясаттың, ішкі өндірістік нарықтық 
қатынастардың мәселелері шешіледі. 
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды басқарудың экономикалық әдістері 
де өзгереді: нарықты зерттеу (маркетинг), нарықтық бағалардың, қаржы мен несиенің 
ынталандырушы ролін арттыру, қаржылық тепе–теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық 
қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз ету, кәсіпорын бөлімшелерінің ішкі өндірістік 
экономикалық қатынастарын тереңдету. 
2. Кәсіпорынның бизнес–жоспары 
Бизнес–жоспар дегеніміз кәсіпорынның өндірістік–қаржылық қызметінің 
пайдалылығын арттыру бойынша оны дамытудың бағдарламасы. Оның тағайындауы – 
қабылданған стратегия мен концепцияға, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес экономикалық 
дамудың басқару құжаты. Б–Ж жобасын әзірлеуі кәсіпорынның перспективті даму 
стратегиясын анықтаудан басталады. Қабылданған стратегияға сәйкес экономикалық 
концепция әзірленеді, оған жаңа техника (жаңа өнім) шығаруды игеру және жаңа 
инвесторлар мен акционерлерді тарту, жаңа техника өндірісін игеру, сатылымдар көлемін 
арттыру, жаңа нарықтарды басып алу және т.б. арқылы нарықта тұрақты жағдайды 
қамтамасыз етуді негіздеу кіреді. Стратегия мен концепцияға сай Б–Ж мақсаттары мен 


міндеттері анықталады. Б–Ж–да сапалы және пайдалы, сондықтан бәсекеге қабілетті 
өнімді өткізу нарығын басып алудың стратегиялық мақсаттары анықталады. Оған жету 
үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс: 
– 
кәсіпорынды дамытудың экономикалық жағынан мақсатқа сай бағытын 
негіздеу; 
– 
болжалды қаржылық нәтижелерді негіздеу; 
– 
инвестициялық бағдарламаны әзірлеу процесінде қаржыландыру 
көздерін анықтау; 
– 
бизнес–жоспарды 
жүзеге 
асыру 
жөнінде 
шараларды 
әзірлеп 
экономикалық жағынан негіздеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет