5.4.
ТРАНСФОРМАТОРДЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Кернеуді түрлендіру үдерісінде трансформаторда орамдар мен
магнит өткізгіште жылуға түрленетін, электр энергиясын жоғалту
орын алады.
Жүктеме тоғы мен энергия көзінің кернеуі неғұрлым артық
болса, трансформатор орамдары мен магнит өткізгіші соғұрлым көп
қызиды. Орамдардың шамадан артық қызуы оқшаулауды ескертуі
жəне бұзуы, айналым арасында қысқа тұйықталуға əкелуі жəне
трансформаторды істен шығаруы мүмкін. Сондықтан жүктемедегі
күштік трансформатордың ұзақ уақытта жұмысын қамтамасыз ету
үшін, өндіруші зауыт төлқұжаттық мəлімет деп аталатын
параметрлерді белгілейді: толық қуат S
ном
, трансформация
коэффициенті к, кернеу U
1ном
жəне U
2ном
, қысқа тұйықталу кернеуі
U
к
.
з
, тоқтар I
1ном
жəне I
2ном
, бос жүріс тоғы I
хх
, жиілік f
ном
, жұмыс
режимі (ұзақ немесе қысқа уақытта), магнит өткізгіш болатындағы
Р
м
.
ном
жəне орамдардағы Р
о.ном
жоғалту жəне басқалар.
Ұзақ пайдалану барысында, əсіресе, тоқ жағынан асыра
жүктеу кезінде, бастапқы кернеу мен жиілік ауытқуларында, жоғары
ылғалдылық пен қоршаған орта температурасында, оқшаулау
қасиеттері нашарлайды, энергия жоғалту артады. Сондықтан
орамдардағы энергия жоғалтуды сипаттайтын U
к з
жəне I
хх
тəрізді
трансформатордың
негізгі
параметрлерін,
магнит
өткізгіш
болатының оқшаулауын мерзімді түрде тексеріп отыру қажет. Бұл
мақсатта екі тəжірибе өткізіледі: бос жүрыс тəжірибесі жəне қысқа
тұйықталу тəжірибесі.
5.5.
ТРАНСФОРМАТОРДЫҢ ЖҰМЫС РЕЖИМІ
Трансформатордың жұмыс режимі (5.2, а сур.) – қосымша
орамға қандай да бір жүктеме (электр энергиясын қабылдағыш)
қосылған режим. Бастапқы орам желіні қамтиды жəне тұтыну
режимінде жұмыс істейді, ал қосымша орам генератор режимінде
жұмыс істейді.
Жүктемені қосымша орамға қосу кезінде негізгі магнитті
ағынның ЭҚК əсерімен онда 1
2
ауыспалы электр тоғы, ал бастапқы
орамда – 1
1
тоғы өтеді.
|