92
автотрансформаторларда ПӘК 99,7 % жетеді.
Автотрансформаторардың артықшылықтары трансформация
коэффициентінің өсуімен азаяды.
Бастапқы кернеуі 220 кВ автотрансформаторлардың номинал
кернеулері 32, 63, 125 жəне 200 МВ • А болады.
Автотрансформаторларды таңбалау А əрпінен басталады.
Мысалы, АТДЦТН — 200000/220 (мəжбүрлі желдетуі мен үрлеуі
бар, маймен салқындатылатын үш
фазалы автотрансформатор, үш
орамды, номинал қуаты 200 000 кВ • А, кернеуі 220 кВ).
Үш фазалы үш орамды трансформаторлар жоғары (220 кВ)
жəне орташа (110 кВ) кернеу орамдарын «жұлдыз» түрінде қосумен
жəне төмен кернеулі (6,3...38,5 кВ) қосымша орамды «үшбұрыш»
түрінде қосумен жасалады.
Автотрансформаторлардың кемшілігі олардағы бастапқы
тізбектің қосымша тізбекпен электрлі қосылуында,
салдарынан
оларды жоғары кернеу желісінен төмен кернеулі тарату желілеріне
қуат беру үшін қолдануға болмайды,
себебі автотрансформатор
оқшаулауы
бұзылуы
жағдайында
қызмет
көрсететін
қызметкерлердің
өміріне
қауіп
төнеді.
Сол
себепті
автотрансформаторлар кернеуді салыстырмалы аз өзгерту қажет
жағдайда қолданылады: жоғары кернеулерде
к
= 1,5…2,
төмен
кернеулерде —
к
≤ 3.
Достарыңызбен бөлісу: