132
Оның салдарынан машина саңылауындағы магнит индукция одан сайын
бірқалыпсыз болады. Магниттік индукциясы жоғары нүктелерде тұрған
зəкір өткізгіштерінде үлкен ЭҚК индукцияланады, бұл коллектордың
көрші пластиналары арасындағы потенциал айырмасының ұлғаюына жəне
коллекторда ұшқына пайда болуына əкеледі. Кейде электр доғасы барлық
коллекторды жабады, «дөңгелек от» түзеді, бұл ұшқындаудың əлеуетті
себебі болып табылады.
Көп жағдайда зəкірдің
реакциясы - жағымсыз құбылыс, ол негізгі
магнит өрісін бұрмалап, машинаның жұмыс істеу жағдайларын
нашарлатады, сондықтан оларды құрастыру кезінде оның əсерін азайту
шаралары қарастырылады.
Қылшақарды
физикалық нейтральге жылжытып, зəкір реакциясының
теріс əсерін азайтуға болады. Қылшақтарды генератордың жанынан
зəкірдің айналу бағытымен, ал қозғалтқышта - керісінше,
айналуға қарсы
бағытта жылжытады.
Дайын машинаны шығарған кезде оның қандай да ұшқындалуын
болдырмайтын қараңғы коммутацияны баптайды. Бірақ машинаны
пайдалану кезінде коллектор мен қылшақтар тозған сайын, ұшқындай
пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ол елеулі жəне
қауіпті болуы
мүмкін, онда ұшқындау себептерін анықтау жəне жою үшін машинаны
тоқтату керек.
Коллектордағы ұшқындалуға əкелетін себебптерге механикалық жəне
коммутациялық себептерді жатқызуға болады:
■
механикалық ұшқындау себептері — қылшақтардың коллекторға əлсіз
қысылуы, коллектордың соғылуы, оның эллиптикалығы немесе тегіс
емес беті, коллектор бетінің ластануы, мыс пластиналар үстінен
миканитті оқшауланудың шығуы, траверсаның, сұққылардың, қылшақ
ұстағыштардың
тығыз жабылмауы, сондай-ақ қылшақ пен коллектор
арасындағы электр контактіні бұзатын басқа себептер;
■
ұшқындаудың
коммутациялық
себептері
зəкір
орамасының
секцияларының бір параллель тармақтан екіншісіне өтуіне байланысты
машини болатын физикалық процесстер кезінде туындайды.
Кейде ұшқында бір топ себептер жинағынан туындайы. Ұшқындау
себептерін анықтауды механикалық себептерден бастау керек,
себебі
оларды коллектор мен қылшақ құрылғының күйін тексеру арқылы
анықтауға болады. Коммутациялық себебптерді анықтау жəне жою
қиынырақ.
Ұшқындау машинаның жұмыс істейтін ортасының химиялық
жағдайының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар ұшқындау кенеттен
пайда болып, тіпті уақыт аралығында өзгеруі мүмкін.