Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  СИНХРОНДЫ КОМПЕНСАТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТІ



Pdf көрінісі
бет85/169
Дата26.12.2023
өлшемі5.26 Mb.
#488043
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   169
Каз.Морозова Электротехника и электроника

9.4. 
СИНХРОНДЫ КОМПЕНСАТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТІ 
ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ 
 
Синхронды 
компенсаторлар 
(СК) 
реактивті 
қуатты 
генерациялауға арналған синхронды машина болып табылады. 
Синхронды компенсаторды оның қуат коэффициентін арттыру 
мақсатында электр жүйеге қосады. Бұл ретте өтіп жататын 
құбылыстардың принципі кейбір тұтынушылар үшін қажетті 
реактивті қуатты электр станциясының синхронды генераторы емес, 
тұтынушыға тікелей жақын орнатылған жəне реактивті қуат көзі 
болып табылатын синхронды компенсатор шығаратыны болып 
табылады. 
Елеулі реактивті қуатты қажет ететін айнымалы тоқ 
тұтынушыларының 
қатарына 
ең 
алдымен 
асинхронды 
қозғалтқыштар жатады. 9.4-суретте синхронды генератордан G, 
көтеретін TI жəне азаятын TII трансформаторлардан, электр 
тасымалдау желілерінен ЭТЖ, 


144 
9.4 -сурет. 
Синхронды компенсаторды электр жүйеге қосу схемасы
G синхронды генератор; TI — көтеретін трансформатор; TII — азайтатын 
трансформатор; ЭТЖ — электр тасымалдау желісі; Z — тұтынушы; СК — 
синхронды компенсатор 
тұтынушыдан Z жəне тікелей тұтынушының кірісіне қосылған 
синхронды компенсатордан СК тұратын энергетикалық жүйе 
келтірілген. Желіге қосылған синхронды компенсатор бос жүріс 
режиміндегі (Р

= 0) синхронды қозғалтқыш ретінде, яғни біліктегі 
жүктемесіз жұмыс істейді, жəне де тұтынушының Z жұмысы үшін 
қажетті реактивті қуат Оск өнідерід, мысалы асинхронды 
қозғалтқыштар тобы. Осының арқасында синхронды генератордағы 
G реактивті қуат жəне ЭТЖ минималды мəнге O
min 
дейін 
жеткізілген, 
бұл 
бүкіл 
электр 
жүйенің 
экономикалық 
көрсеткіштерінің артуына əкеледі. 
Синхронды компенсатор бос жүріс режимінле, əдетте асры 
қозумен жұмыс істейтін синхронды қозғалтқыш болып табылады. 
Кейде синхронды компенсаторлар жеткіліксіз қозумен жұмыс 
істейді. Бұл электр жүйесіндегі тоқтың электр жүйесінің осы 
аумағынің 
тұтынушылары 
түзетін 
тоқтың 
индуктивті 
құраушысымен өтелмейтін елеулі сыйымдылықты құраушысы 
болған жағдайда қажет болады. 
Синхронды компенсаторлар ұзақтығы үлкен желілер бойымен 
энергия тасымалдау кезінде желідегі кернеуді тұрақтандыру үшін 
қолданылады. Үлкен индуктивті жүктемелер кезінде желінің 
соңындағы кернеу (тұтынушылардағы) басындағыға қарағанда 
əлдеқайда аз болады; аз жүктемелер кезінде керісінше, электр 
тасымалдау желісінің сыйымдылық кедергілерінің əсерінен желінің 
соңындағы кернеу желінің басындағы кернеумен салыстырғанда 
артуы мүмкін. Егер желінің соңында (тұтынушыларда) қозуы 
жеткілікті емес, жоғары жүктемелермен жұмыс істейтін синхронды 
компенсаторды қосса, онда бұл кернеудің желінің соңында кернеуді 
өзгеріссіз қалдыруға мүмкіндік береді. 
Синхронды компенсаторлар — бұл реактивтілігі үлкен электр 
машиналар: 10000 бастап 160000 квар. дейін. 


145 
Оларды əдетте 6,6 бастап 16 кВ кернеуге дейін, 50 Гц жиілікте
білікті тік орналастырып жасайды. Қазіргі сериялы синхронды 
компенсаторларда асинхронды іске қосу қолданылады, сондықтан 
олардың роторлары іске қосу торларымен жабдықталған. 
Компенсатор 
білігі 
айналу 
моментін 
тасымалдамайды, 
сондықтан оны есептегенде ротордың ауырлық күшін жəне
магнитті тарту күшін ғана ескереді. Нəтижесінде компенсатор 
білігінің синхронды қозғалтқыштың білігімен салыстырғанда 
қимасы аз болады, бұл компенсаторлардың габариттік 
өлшемдерінің жəне массасының азаюына əкеледі. Синхронды 
компенсаторлардың білігінің шығыңқы ұшы болмағандықтан, 
компенсаторлардың ішінде сутекті салқындатуды қолдану үшін 
оларды салыстырмалы түрле герметикалау оңай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет