Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет86/169
Дата26.12.2023
өлшемі5.26 Mb.
#488043
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   169
Каз.Морозова Электротехника и электроника

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. 
Синхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі қандай? 
2. 
Синхронды 
қозғалтқыш 
асинхронды 
қозғалтқыштан 
қалай 
ерекшеленеді? 
3. 
Синхронды генераторды желіге қосу үшін қандай шарттар орындау 
қажет? 
4. 
Синхронды компенсаторлардың міндеті жəне жұмыс істеу принципі 
қандай? 


146 
10 тарау 
ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
 
 
 
 
10.1. 
 
ЭЛЕКТР ЖЕТЕГІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ 
ТҮСІНІКТЕР 
 
Кез келген жетекті қозғалтқышты қозғалысқа келтіру үшін қандай 
да энергия түрін механикалық энергияға түрлендіретін қозғалтқыш, 
сондай-ақ қозғалтқыш білігі мен жетекті механизм арасындағы 
механикалық беріліс жүйесі қажет. 
Жетекті механизмдерді (станоктар, желдеткіштер, жүкарбалар, 
крандар жəне т.б.) қозғалысқа келтіру үшін электр қозғалтқыштарды 
қолдану олардың басқа қозғалтқыштарға қарағанда бірқатар 
артықшылықтарына байланысты: кез келген қуаттағы электр 
қозғалтқыштарын жасау мүмкіндігі, құрылысы жəне басқару 
қарапайымдылығы, пайдалану сенімділігі, автоматтандыру мүмкіндігі. 
Электр жетегі дегеніміз жұмыс процестерін электрлендіруге жəне 
автоматтандыруға арналған электромеханикалық құрылғы (10.1-сурет). 
Алғашқы рет электр жетегі ретінде 1837 жылы кеме жетегі үшін 
тұрақты тоқ қозғалтқышы қолданылды. 1889 ж. М.О. Доливо- 
Добровольский 1893 жылы жетек ретінде орнатылған асинхронды 
қозғалтқыш құрастырды. 
Электр жетегінің барлық жлементтері нақты сипаттамаларға ие, 
электр жетегіне қойылатын талаптарға сəйкес келетін бірыңғай жүйені 
құрайды. 
10.1 -сурет. 
Электр жетегінің құрылымы схемасы 


147 
Электр қозғалтқыш құрылғы (ЭҚҚ) — электр энергиясын 
механикалық энергияға түрлендіретін электр жетегінің негізгі 
элементі. 
Түрлендіргіш құрылғы (ТҚ) кернеуді, тоқты немесе жиілікті 
түрлендіреді (магнитті күшейткіш, түзеткіші бар магнитті 
күшейткіш). 
Басқарушы құрылғы (БҚ) — нақты схема бойыншна қосылған 
жəне оның электр бөлігіне əсер ету арқылы электр жетегінің (қол 
немесе автоматты) жұмысын басқаруды қамтамасыз ететін 
коммутациялағыш, 
күшейткіш, 
түрлендіргіш 
жəне 
басқа 
элементтердің кешені. 
Беріліс құрылғысы (БҚ) электр жетегінің механикалық 
бөлігіндегі қозғалысты түрлендіреді — айналдыру моментін сəйкес 
өзгертетін айналу жиілігін ұлғайтады немесе азайтады. Беріліс 
құрылғысы ретінде əдетте редукторлар, белдікті немесе шынжырлы 
берілістер қолданылады. Кейбір жағдайларда беріліс құрылғысы 
қозғалыстың сипатын түрлендіреді, мысалы, айналдыру қозғалысты 
ілгерілемелі қозғалысқа (төрткiлдеш берiлiс немесе қосиінді- 
бұлғақты механизм). Беріліс құрылғысы жоқ электр жетектері 
болады. Осындай электр жетектерінде қозғалтқыш білігінің 
қозғалысы тікелей жұмыс машинасына (электр желдеткіштер, 
электр бұрғылар жəне т.б.) беріледі. 
Жұмыс машинасы (ЖМ) өңделетін материлдың немесе
ұйымның формаларын, қасиеттерін, қалыптарын өзгертеді. 
Мысалы, металл өңдегіш станок (жонғыш, бұрғылау, фрезер 
станогы жəне т.б.) немесе көтергіш құрылғы жұмыс машинасы 
болуы мүмкін. 
Электр 
жетектерінің 
мынадай 
түрлері 
бар: 
топтық 
(трансмиссиялық), дара жəне көп қозғалтқышты: 
■ 
топтық (трансмиссиялық) электр жетегі— бір электр 
қозғалтқышпен бірнеше жұмыс машиналары іске қосылатын 
электр жетегі. Қазіргі өндірісте осындай электр жетегі шектеулі 
қолданылады, бұл оның кемшіліктерімен түсіндіріледі: берілісті 
құрылғылардың үлкендігі, автоматтандыру мүмкін еместігі, əр 
жұмыс машинасын басқару күрделілігі;
■ 
дара электр жетегі — əрбір жұмыс машинасы жеке 
қозғалтқышпен іске қосылатын электр жетегі. Қазіргі уақытта 
осындай жетек көптеген жұмыс машиналары үшін негізгі болып 
табылады;
■ 
көп қозғалтқышты электр жетегі — жұмыс машинасының
жеке элементтерінің жеке электр жетектері бар электр жетегі.


148 
Электр жетектерінің бұл түрі күрделі механикалық құрылғыларда 
(илемдік станок, ірі станоктар жəне т.б.) қолданылады. Бұл жұмыс 
машинасының механикалық бөлігін жеңілдетуге, қозғалыс 
берілісіне арналған элементтер бөлігін шығарып тастауға мүмкіндік 
береді. 
Электр жетектің негізгі функциясы - жұмыс механизмін қозғалысқа 
келтіру жəне оның жұмыс режимін технологиялық процестің 
талаптарына сəйкес өзгерту болып табылады. 
Электр жетектері бөлінеді: 
■ 
қозғалыс сипатына қарай — айналмалы, электр қозғалтқыш 
құрылғы айналмлы қозғалтқыш болып табылады, жəне сызықтық, 
электр қозғалтқыш құрылғы сызықтық қозғалтқыш болып 
табылады;
■ 
электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі бойынша — үздіксіз 
әрекет ететінэлектр жетектері, қозғалмалы бөліктер үздіксіз 
қозғалыс қалпында орналасады, жəне дискретті әрекет ететін, 
жылжымалы бөліктер дискретті қозғалыс қалпына орналасады;
■ 
айналу бағыты бойынша — реверсивті, қозғалтқыш білігі қарама- 
қарсы бағыттарда айнала алады, жəне реверсивті емес, қозғалтқыш 
білігі бір ғана бағытта айнала алады.
Өндірістік 
үдерістерді 
автоматтандыру 
электр 
жетегін 
пайдаланумен байланысты, себебі электр тізбектерінің жұмысын 
автоматтандыру өте оңай. Әртүрлі электр аппараттар мен аспаптарды 
пайдалану адамды электр қозғалтқышын жəне, тиісінше, жетекті 
басқару (іске қосу, тоқтату, қалпына келтіру, жылдамдықты өзгерту) 
үшін электр тізбектерінде қолмен ауыстырудан босатады. 
Автоматтандырылған электр жетекті пайдалану өндірістік 
агрегаттардың операцияларды орындау жылдамдығы мен қуатын 
арттыру есебінен еңбек өнімділігін арттыруға, жабдықтың тұрып қалу 
уақытын азайтуға жəне технологиялық үдерістерді оңтайландыруды 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Автоматтандырылған электр жетекті қолданудың келесі қадамы 
автоматты желілерді, яғни автоматты түрде басқарылатын электр 
қозғалтқыштарын қозғалысқа келтіретін бірқатар операцияларын
нақты ретпен орындайтын машиналар жүйесін құру болып табылады. 
Адамның рөлі негізінен электр жабдықтарын түзетуге, бақылауға жəне 
күтуге бағытталады. 
Басқарушы ЭЕМ жəне кірістірілген микропроцессорлық жүйелерді 
пайдалану технологиялық процестерді автоматтандыру үшін, мысалы, 
роботтар мен манипуляторлар негізінде, заманауи техникалық 
құралдарды құру үшін электр жетектерінің сапасын айтарлықтай 
жақсартады. 


149 
Электрлендірілген 
аспаптардың 
(бұрғылар, 
ажарлағыш 
шарықтастар, қайшылар, аралар, жонғылар жəне т.б.) электр жетегі 
ерекше топқа жатады, олардың аз қуатты микроқозғалтқыштарын 
бір фазалық желіден немесе аккумулятордан қуаттану шектеулерін 
ескере 
отырып 
жасалады. 
Барлық 
микроқозғалтқыштарда
жасалатын кедергілер деңгейін төмендету жəне пайдалану 
қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қабылданады. 
Басқару блогы жүргізуші қалқанындағы қолмен басқару 
органдарымен байланысты электр көліктері (электровоздар, 
трамвайлар, троллейбустар) кеңінен пайдаланылады. 
Бұрын айтылғандай, электр жетегінің негізгі құрылғыларының 
бірі электр қозғалтқыш болып табылады. Жұмыс машиналарының 
атқарушы 
органдарын 
қозғалысқа 
келтіру 
үшін 
электр 
қозғалтқыштарын пайдалану басқа қозғалтқыштардың алдындағы 
бірқатар артықшылықтармен түсіндіріледі, оларға қуаты кез келген, 
басқару жəне реттеу қарапайымдылығы, пайдалану сенімділігі, 
автоматтандыру мүмкіндігі бар кез келген қозғалтқыш дайындауға 
болады. Сондықтан нақты жұмыс машинасы үшін электр 
қозғалтқышын дұрыс таңдау жауапты жəне маңызды инженерлік 
міндет болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет