Ә.Ә. Сатыбалдин 1, Д. Р. Қорғасбеков


Нәтижелер және талқылаулар



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Satybaldin

Нәтижелер және талқылаулар 
Бүгінгі таңда инновациялық даму 
жолы ұлттық экономиканың экономикалық 
өсуінің бағдары болып табылады. Яғни, 
инновациялар өндірістік кәсіпорындардағы 
техникалық үдерістермен ғана байланысты 
емес, сонымен қатар жаңа ғылыми сыйымды 
салалардың, қоғамдық өндіріс сфераларының 
қалыптасуымен, олардың құрылымдарының 
оңтайландыруымен, 
өңірлердің 
тиімді 
дамуымен болады. Бұл жерде, мемлекет 
бірегей инновациялық жүйе шеңберінде 
ғылым, өнеркәсіп, бизнестің даму жағдайларын 
қамтамасыз ететін елдің инновациялық даму 
үдерісіндегі басты негізі және инновацияларды 
таратушы, ғылыми-техникалық, экономикалық, 
институционалдық, ұйымдастырушылық даму- 
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


16
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
дың біріктіруші және ынталандырушы 
орталығы болуы қажет. 
Қалыптасқан 
жағдай 
Қазақстан 
экономикасының ғылыми әлеуетінің шектеулі 
болуына байланысты, өз қажеттілігін импорт 
есебінен өтеуге мәжбүр екендігін білдіреді. 
Мұндай жағдайдың жалғасуы Қазақстанның 
ғылым мен технология саласындағы жаһандық 
трендтерден кейін қала беруі ұлғаяды деген сөз. 
Қазақстанда ғылым дамуының қаржылық 
сипаты нашарлауда және соңғы 25 жыл ішінде 
ЖІӨ бойынша ҒЗТКЖ-на жұмсалатын ресурс 
шығыны деңгейі 0,13%-ға тұрақты төмендеу 
үрдісін алды. 
2003 жылдан бастап негізгі көрсеткіш 
кәсіпорындар мен ұйымдардың технологиялық 
инновациялар 
(өнімдік 
және 
үрдістік) 
бойынша инновациялық белсенділік деңгейінің 
көрсеткіші болатын. Жалпы республика 
бойынша 2016 жылы өнімдік және үрдістік 
инновацияларға 
шығындардың 
24%-дан
астамы кәсіпорындардың жеке қаражаты 
есебінен және 32% қарыз қаражаттары
есебінен іске асырылды (2 кесте). 
Кесте 1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет