20
/ Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
Біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекет
кәсіпорындардың инновациялық қызметін
ынталандыру тетігіне көбірек мән беруі тиіс,
сонда кәсіпорындар ғылыми әзірлемелер мен
зерттеулермен айналысуға мүдделі болады. Ол
үшін қажет:
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жаңа технологияларды
енгізу мен өз
технологиялық
инновацияларын
жасауға
пәрменді тетіктер мен ынталандыру жүйесін
құру, себебі өнеркәсіптік кәсіпорындар
тарапынан жаңа технологияларға сұраныс әлі
де жоқтың қасы;
- жеке және мемлекеттік, тікелей шетелдік
инвестицияларды, венчурлік қаржыландыруды
қамтитын бірлесіп қаржыландыру және өзін-өзі
қаржыландыру тетіктерін пайдалану арқылы
инновацияларды жасау мен өндіріске енгізу
бойынша ресурстық қамтамасыз ету жүйесін
құру;
- ғылым, бизнес, білім беру және инновация
арасында өзара байланыс жүйесін құру, сол
арқылы
бәсекелестікті арттыру;
- технологиялар трансферті жүйесін дамыту,
бұл жағдайда шетелдік технологияларды көз
жұма көшіре берместен, олардың қыр-сыры
мен қайталанбастығын ескере отырып, біздің
экономикалық ортамызға бейімдеу қажет.
Бұл мәселелерді шешу үшін «100
нақты қадам» Ұлт жоспарымен сәйкес
институционалдық
шарттар қажет, атап
айтқанда, заңнамалық базаны және мемлекет
пен жеке сектордың өзара әрекеттесу тетіктерін,
ғылым
мен
өндірістің
интеграциясын
жетілдіру
керек.
Осыған
байланысты
ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету
аса зор мәнге ие болады, себебі нарықтар мен
салаларды маркетингтік және технологиялық
зерттеулердің нәтижелері қазақстандық бизнес
үшін халықаралық нарықтағы тауашаларды
анықтауға көмегін тизігеді.
Қазақстанда инновациялық дамудың оң
жақтары байқалады. Бірақ жалпы талдаудың
нәтижелерінде
бірегей инновациялық қызмет
жайлы айту әлі ерте. Мұндай нәтижелер
қабылданған және жүзеге асырылып жатқан
шаралардың бастапқыда дұрыс көрінгені мен
әлі күнге дейін жеткілікті оң нәтижелерді
бермей жатқандығын көрсетеді.
Нарықтық экономикаға өткеніне ширек
ғасыр ғана болған Қазақстан инновацияларды
дамыту
мен
тарату
тетіктерін
құру
міндетімен бұрын кездеспеген.
Сол себепті
бізде инновацияларды ынталандыру үшін
экономикалық дамыған елдердегі оң нәтижелер
көрсеткен тәжірибелерді қолдануға тырысуда.
Экономикалық теорияла бұр үрдіс Институттар
трансплантациясы деп аталады [38]. Брақ
институттар
трансплантациясы
әрқашан
күткен нәтижеге әкеле бермейді, жетілген
институтардың өзі басқа әлеуметтік-мәдени
және экономикалық ортаға көшірілген кезде
пайдасыз болып қалуы мүмкін.
Жалпы айтқанымыздай Индустриялды-
инновациялық даму бағдарламасы іске қосылған
сәттен бастап еліміздегі инновациялардың
дамуында негізгі көрсеткіштер бойынша оң өсім
тренді байқалады. Қазақстан Ресупбликасының
2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі
индустриялық-инновациялық
дамыту
бағдарламасы (ҮИИДБ)
әртараптандыру мен
бәсекелестігін арттыру арқылы экономиканың
тұрақты әрі үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге
бағытталған болатын. ҮИИДБ-ның жеті басым
бағыттары айқындалды: АӨК, металлургия,
мұнай өңдеу, энергетика, химия және
фармацевтика, құрылыс индустриясы, көлік
және
коммуникацияларды дамыту, сондай-ақ
қосымша бес бағыт ұсынылды - машина жасау,
уран және жеңіл өнеркәсіп, туризм және ғарыш.
Аталған бағдарламаның қабылдануы
Қазақстанның
инновациялық
жүйесін
қалыптастырудың
қатысушыларын
(субъектілерін) анықтауға мүмкіндік берді,
атап айтқанда - ғылыми-зерттеу институттары,
жоғарғы оқу орындары, инновациялық
үрдістің алғашқы кезеңі бастау алатын елдің
конструкторлық,
конструкторлық-жобалық
және технологиялық ұйымдары, 2016 ж.
13,8 млрд. теңге игерілді.
Инновациялық
үрдістің екінші кезеңінде 35,8 млрд. теңге
көлеміндегі қолданбалы зерттеулер жүргізілді.
Инновациялық үрдістің үшінші кезеңінде
көлемі 16,9 млрд. теңгені құраған жобалық-
конструкторлық
және
технологиялық
жұмыстар,
сынақ
үлгілерін
дайындау,
құрылыстағы жобалық жұмыстар жүзеге
асырылды. Инновациялық үрдістің төртінші
кезеңінде жаңалықтарды коммерцияландыру
іске асырылды, жаңалықтардың шығыны 1
533,8 млрд. теңгені құрап, оның 99,7% өнімдік
және үрдістік инновацияларды жүзеге асыруға
Достарыңызбен бөлісу: