Сапа менеджменті жүйесі
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже
30 беттің 3 беті
1 Қолданылу саласы
1.1 Осы ереже (бұдан әрі
Е) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық университетінде (бұдан әрі
ОҚМПУ) іске асырылатын жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша магистрлік
диссертацияны (жобаны) жазуға және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды
белгілейді.
1.2 Е талаптары ОҚМПУ-да магистранттың оқу қызметін ұйымдастырумен
байланысты барлық құрылымдық бөлімдер мен ғылыми-педагогикалық
қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
1.3 Осы Е ОҚМПУ сапа менеджменті жүйесі (бұдан әрі
СМЖ)
құжаттамасының құрамына кіреді.
1.4 Е авторлық құқық объектісі болып табылады және оны ОҚМПУ
басқарма төрағасы - ректордың рұқсатынсыз басқа ұйымдарға беруге жол
берілмейді.
2 Нормативтік сілтемелер
2.1 Е-де мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:
ҚР СТ ИСО 9000-2017 Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі ережелер мен
сөздік;
ҚР СТ ИСО 9001-2016 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидалары;
СМЖ ОҚМПУ ПР 7.12-2021 сапа менеджменті жүйесі. Процедура.
Магистранттар мен докторанттардың ғылыми (эксперименттік)-зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
СМЖ ОҚМПУ ПР 7.02-2021 Сапа менеджменті жүйесі. Процедура. Оқу-
ұйымдастыру процесін басқару;
СМЖ ОҚМПУ ПР 4.01-2021 Сапа менеджменті жүйесі. Процедура.
Құжатталған ақпаратты басқару.
ГОСТ 7.32-2017 Ақпарат, кітапхана және баспа стандарттары жүйесі.
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері;
МЕМСТ 2.111-2013. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі.
Нормабақылау;
ГОСТ 2.105-95 жобалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Мәтіндік
құжаттарға қойылатын жалпы талаптар;
|