Диссертация (жоба) туралы ереже 0 беттің беті


Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымдық элемент-



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата26.12.2023
өлшемі1.08 Mb.
#488144
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
улгиси жазылу

6.2 Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымдық элемент-
теріне қойылатын талаптар
6.2.1 Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымдық элементтеріне:

сыртқы беті (нөмірленбейді, Б қосымшасы);

титуль парағы (В қосымшасы);

аңдатпа 

мазмұны (Г қосымшасы);

нормативтік сілтемелер;

анықтамалар;

кіріспе;

негізгі бөлім;

нәтиже не қорытынды;

пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Д қосымшасы);

қосымшасылар;
6.2.2 Титул парағы магистрлік диссертацияның (жобаның) бірінші беті 
болып саналады және құжатты рәсімдеу мен іздеуге қатысты ақпарат тетігі 


«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КеАҚ 
Сапа менеджменті жүйесі 
 
Магистрлік диссертация (жоба) туралы ереже 
30 беттің 7 беті 
қызметін атқарады. Титул парағы диссертацияның жалпы нөмірлеуіне кіреді. 
Титул парағына нөмір қойылмайды. Титул парағы В қосымшасыға сай 
рәсімделеді. 
6.2.3 Аңдатпа (2 беттен артық емес) Қазақ (АҢДАТПА), орыс 
(АННОТАЦИЯ) және ағылшын (ABSTRACT) тілдерінде жазылады. Магистрлік 
диссертацияға Аңдатпа жұмыстың мазмұнын негізгі нақты мәліметтермен және 
қорытындылармен қысқаша баяндау болып табылады. Аңдатпа зерттеу 
бағытының сипаттамасынан, зерттеу проблемасынан, қойылған міндеттің 
тұжырымдамасынан, ғылыми зерттеулер авторы жүргізген және алынған 
нәтижелерден тұрады; жұмыс көлемі, иллюстрациялар, кестелер, қосымшалар 
саны, пайдаланылған дереккөздердің саны, зерттеу тақырыбы бойынша 
жарияланған жұмыстар және түйінді сөздер туралы мәліметтерді қамтиды (10-
нан артық емес). 
6.2.4 Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны кіріспеден, рет 
сандары көрсетілген бөлімдердің аттарынан, бөлімшелерден, баптардан (егер 
оның аты бар болса), нәтижеден не қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер 
тізімінен және бет нөмірі міндетті түрде диссертацияда көрсетілетін 
қосымшасылардан тұрады. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны Г 
қосымшасыға сәйкес рәсімделеді.
6.2.5 Магистрлік диссертацияның (жобаның) мәтіні келесі талаптарға сай 
болуы керек:

зерттеу тақырыбының білім беру бағдарламасының (ББ) пәндік-біліктілік 
саласына сай өзектілігі;

ББ-ға сай нәтиженің ғылым мен педагогика саласындағы жаңашылдығы; 

қорғалатын мәселелердің ғылыми маңыздылығы;

инновациялық қызметтегі практикалық маңыздылығы мен негізгі 
мәселелердің шешілу жолдары;
Диссертацияны рәсімдеуде көрсетілген баптар «Кіріспе» бөлімінде нақты 
мазмұндалуы керек. 
6.2.6 «Нормативтік сілтемелер» атты құрылымдық элемент диссертация 
мәтінінде бұл туралы сілтемелер берілген стандарттар тізімінен тұрады. 
Сілтемелер жасалған стандарттардың тізімі келесі сөздерден басталады: «Бұл 
магистрлік диссертацияда (жобада) келесі стандарттарға сілтеме жасалған...». 
Тізімге стандарттардың аттары мен белгілеулері белгілердің тіркеу нөмірлерінің 
өсуіне қарай тәртіппен орналастырылады.
6.2.7 «Анықтамалар» атты құрылымдық элемент магистрлік диссертация-
дағы (жобадағы) терминдерді нақтылауға не бекітуге қатысты анықтамалардан 
тұрады. Анықтамалар тізімі келесі сөздерден басталады: «Бұл магистрлік 
диссертацияда 
(жобада) 
келесі 
терминдер 
сәйкес 
анықтамаларымен 
пайдаланылған...». 
6.2.8 «Белгілеулер мен қысқартулар» атты құрылымдық элемент магистрлік 
диссертацияда (жобада) қолданылған белгілеулер мен қысқартулардан тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет