1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет19/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

1) 
Тауарлы шаруашылық – өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың 
айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. 
Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері: 

экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы; 

қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы; 

тауарлар айырбасының орын алуы; 

еңбектің мамандандырылуы; 

өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыстардың 
орын алуы; 

еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және содан кейін 
тұтынылады. 
2. Натуралды шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың ерекшеліктері 
Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық 
өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан еңбек 
өнімінің бір бөлігі тауарға айнала бастады. Бұл мал шаруашылығының егін 
шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі 
артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың арасында айырбасты 
тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің 
егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда 
болуына жол ашты. 
1. 
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына негізінен үш жағдай әсер етті: 
Тереңдетілген ең ірі еңбек бөлінісінің және жұмыс күшінің мамандандырылуы. 
2. 
Жеке меншіктің пайда болуы. 


26 
3. 
Тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшаулануы. 
Сондықтан қазіргі нарықтық қатынастар кәсіпкерліктің еркін бәсекелестік пен жеке 
меншік жағдайында жоғары дамыған тауарлы шаруашылығының негізінде ғана дами 
түседі. 
 
3 Тауардың мәні, қасиеттері, формалары және әртүрлі теориялары 
Тауар ерекше экономикалық игілік ретінде кез келген экономика- лық жүйенің 
жасушасы болып табылады. Адам еңбегінің нәтижесі болып табылатын өнім тауарға 
айнала алады. Себебі ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналады, айырбасқа 
және сату-сатып алуға бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет