Тауар – бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің
нәтижесі. Тауардың 2 қасиеті бар:
1.
Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір
қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады.
2.
Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала
алуы.
Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын
көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез келген
тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір
тұтыну құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан, бұл адамның жұмыс күші
шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі. Тұтыну құнын жасайтын еңбек
нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі – үстел,
тігіншінікі – көйлек және т.б. болып табылады. Бірақ ағаш ұстасы да, тігінші де нақты
еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой және дене еңбегін
шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол
оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп
атайды.
Демек, нақты және абстрактілі еңбек – бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі
жағы.
Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, қоғамдық қажетті
еңбек шығынымен және қоғамға қажетті жұмыс күшімен анықталады.
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – өндірістің қалыпты жағдайында және еңбек
өнімділігі мен еңбек қарқындылығының орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін
орташа уақыт. Бұл уақыт нарыққа әкелінген тауар массасымен анықталады. Қоғамдық
қажетті жұмыс уақыты және тауардың құны еңбек өнімділігінің әсерінен тұрақты түрде
өзгеріп отырады. Уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі
деп атайды және ол
Еө (еңбек өнімділігі) = Q (өнім саны) / Т (уақыт)
формусыламен анықталады.
Еңбек қарқындылығы – уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс күшінің шығындары.
Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу қажет.
Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы өнімдер саны
артады, ал өнімнің құны төмендейді. Еңбек қарқын- дылығының артуы кезінде өнімдер
саны адамның дене шығындары- мен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз
қалады. Осыған байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен және
жеке жұмыс уақытымен анықталмайды, ол қоғамға қажетті орташа жұмыс уақытымен
анықталады. Осыны құн заңы деп атайды. Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті
реттеудің негізі болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу
үдерісінде көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің мазмұнымен өлшенеді.
Тауарды құн бойынша сату және сатып алу заң ретінде күшіне енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |