ISBN 978-601-217-196-9
ӘОЖ 37.0
КБЖ 74.00
© С. М. Бахишева, 2011 ж.
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2011 ж.
5
КІРІСПЕ
Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында»
айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай
жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік
қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа
экономикалық
қатынастардың
үдемелі
инновациялық
сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы
кӛзқарастарды тудыруда.
Білім берудің жаңа мазмұны мен нәтижелері білім
алушының қоғами ортадан ӛз орнын бағдарлауға, білім
мазмұны мен пәндерді ӛзі таңдауына бағытталып отыр.
Мектепте балаларды оқытудың жекелік сипаты мен
оқушының мүмкіндіктерін дамыта отырып, ӛз бетімен білім
алуын ұйымдастыру талаптары жаңа тұрпатты мұғалімдерді,
олардың жаңаша ойлау әрекеттері мен зерттеушілік
ұстанымдарын қалыптастыруды кӛздейді.
Бұл инновациялық үдерістер болашақ педагогтарды
даярлайтын университеттердегі білім беру мазмұнын
жаңғыртуды қажет ететіні сӛзсіз. Сонымен қатар, жаңа
ӛзгерістер педагогикалық білім беруді мазмұндық қана емес,
әдістемелік
және
технологиялық
қайта
құруларды
қамтамасыз ететін қисынын айқындап, білім берудің жаңа
нәтижелеріне сай, оларды тиімді ұйымдастыру қызметін
белгілейді. Педагогикалық мамандықтар даярлайтын жоғары
оқу орындарының білім беру бағдарламаларына оқытудың
жаңа технологиялары мен әдістемелерін меңгертуге арналған
пәндер енгізу, бүгінгі қоғам сұранысына жауап беру
қажеттігінен туындауда.
Ұсынылып отырған «Педагогикалық жобалау: теориясы
мен
технологиясы»
оқулығы
білім
берудің
жаңа
парадигмасына сай оқытудағы негізгі бағыттардың бірі -
педагогтың білім берушілік рӛлінің ӛзгеруін теориялық және
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің
6
ойымызша, оқулықтың теориялық және әдістемелік мазмұны
бүгінгі ӛркениеттің ерекшелігіне сай, болашақ педагогтар
үшін жаңаша ойлау мен зерттеушілік іс-әрекет дағдыларын
айқындауда, ізденушілік пен инновациялыққа ұмтылуда,
қалыптасқан таптаурын түсініктерін ӛзгертуге белгілі бір
дәрежеде ықпал етері сӛзсіз. Соған орай, оқулық болашақ
мұғалімдердің ӛз әрекетін кәсіби қалыптасудың басты
ресурсы ретінде ұйымдастыра отырып, оларды ғылыми-
теориялық тұрғыдан даярлауға мүмкіндік береді деп
есептейміз.
Оқулықтың ӛзіндік құрылымдық логикасы жасалып,
«Жобалаудың жалпы негіздері» деп аталатын теориялық
бӛлімінде бүгінгі таңда кеңінен дамып келе жатқан жобалау
әрекетінің мүмкіндіктерін педагогикалық технологиялар
тұрғысынан қарастырудың ғылыми негіздемесі берілді.
«Педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы»
тақырыбында қарастырылған келесі бӛлімінде жобалаудың
заңдылықтары мен ұстанымдары, оның білім берудің жаңа
нәтижелерін қалыптастырудағы рӛлі негізделді. Үшінші
бӛлім «Педагогикалық жобалаудың технологиялары» деп
аталып, онда жобалау күтілетін нәтижелерді анықтай
отырып, оқытудың мақсатын жүзеге асыратын біртұтас
технология ретінде қарастырылды. «Оқушылардың жобалау
әрекеттерін ұйымдастыру» деп аталатын бӛлім мұғалімдер
тәжірибесі үшін ӛте қажетті әдістемелік-нұсқаулық түрінде
жазылды деуге де болады, онда атынан кӛрініп тұрғандай,
жобалау әрекетін мектеп оқушыларымен жүргізудің нақты
әдістемесі, ерекшеліктері, бағалау жолдары берілді.
Жобалаудың күтілетін нәтижені алдын ала болжауды
және оған қажетті барлық ресурстарды мақсатқа сай
ұйымдастыруды қажет ететін ерекшеліктері болғандықтан,
оны арнайы дайындығы жоқ адамдарға жүзеге асыру қиын
болатыны белгілі. Тәжірибеден белгілі, жобалау әрекетін
жоба жетекшілері ретінде мақсатты түрде арнайы
дайындалған педагогтар мен басшы қызметкерлер ғана
тиімді
ұйымдастыра
алады.
Сондықтан,
оқулыққа
«Жобалауды басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту»
деген бесінші бӛлім ендіріліп, онда білім беру ұйымдары
7
басшылары мен педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі
арнайы құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін беріп отырмыз.
Оқулықтың мазмұны педагогикалық мамандықтар
бойынша бакалавриаттың 5В010300 - «Педагогика және
психология», 5В010200 - «Бастауышта оқыту педагогикасы
мен
әдістемесі»
мамандықтары
бойынша
және
магистратураның барлық педагогикалық мамандықтары
бойынша білім беру стандарттарындағы кәсіби пәндер
циклінің таңдау компоненттеріне қойылатын әдістемелік
талаптарға сәйкес құрылды. Бұл бүгінгі таңда педагог
кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша жобалау
технологиясын білім беруде пайдалануға мүмкіндік береді
деп есептейміз.
Тағы бір құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі-
оқулықтың аталған мамандықтар бойынша білім беру
бағдарламасына ғана емес, жоғары оқу орындарындағы
кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына да сәйкестендіріліп
жасалуы. Оның бӛлімдері мазмұны мен әр бӛлім соңында
берілген тапсырмалар білім алушылардың ӛз бетімен жұмыс
жасауына мүмкіндік береді. Білім нәтижелерін бағалау аралас
түрде жүзеге асырылғаны дұрыс болады дейміз, ӛйткені,
оқулықтағы теориялық мәселелер бойынша студенттер
білімдері тест сұрақтары түрінде бағаланса, жобалаудың
әдістемесі, технологиясы ауызша емтихан, жоба дайындау
және оны қорғау түрінде ұйымдастырылуы қажет. Осыған
байланысты сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін әр тақырып
бойынша және тест сұрақтары мен жоба жасау үшін
қосымша материалдарды оқулық соңында ұсынып отырмыз.
Сонымен қатар, бұл еңбек білім берудің жаңа
нәтижелерін ұйымдастырушылық және адам ресурстарын
дамыту тұрғысынан қамтамасыз ететін педагогикалық
жобалаудың теориясы мен технологиясы туралы мемлекеттік
тілде жазылған бірден бір оқулық ретінде педагогтар мен
білім беру ұйымдары басшыларына құнды боларына сенеміз.
Осы оқулықты дайындауда құнды пікірлері мен
ескертпелерін білдірген және үлкен қолдау кӛрсеткен
еліміздің танымал педагог-ғалымдары Т. М. Баймолдаевқа,
А. Қ. Рысбаеваға, Ж. У. Кобдиковаға, Ә. Мұханбетжановаға
үлкен алғысымызды білдіреміз
Достарыңызбен бөлісу: |