Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет6/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

бірлескен әрекетінде, сонымен қатар, осы қызметті қолға 
алуды бастаушыларпрактик адамдар екенінде болып отыр. 
Тәжірибелік-бағдарлы ғылымның тағы бір ерекшелігі – 
кӛппәнділігінде (полидисциплинарность), ол білімдік және 
пәндік салалардың бірнеше түрлерінің ӛкілдерін бірлесе 
отырып, білім беру тәжірибесін интегративтік сипатта 
дамытуға 
қатысуын 
қажет 
етеді. 
Білім 
берудегі 
ғылымилықтың жаңа кӛппәнділік тұрпатын негізге ала 
отырып, зерттеушілер жобалаудың екі түрін атап кӛрсетеді.
Олар: психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-
педагогикалық. 
Біріншісі, психологиялық–педагогикалық түрі–білім 
беру үрдісін жобалауға тән, яғни оқыту–әрекеттің тәсілдерін 
меңгеру, қалыптастыру–әрекеттің жасалған түрін меңгеру, 
тәрбиелеу–есею мен әлеуметтену. Екіншісі, әлеуметтік-
педагогикалық түрінің объектілері ретінде білім беру 
институттары мен білім берудің түрлі орталары алынып, 
олардың әрқайсысында атқаратын қызметтеріне сәйкес 
үрдістер жүргізіліп отырады. 
Егер таным бұған дейін ӛмір сүріп келген, зерттеушінің 
пікіріне тәуелсіз белгілі бір объект туралы шынайы білім 
алуға бағытталған болса, жобалау дүниеге бұдан бұрын 
болмаған жаңа объект әкеледі. Осы мағынада олардың 
айырмашылығы шығармашылық пен оның айнадағы 
бейнесіне ұқсас болады.
Ӛткен 
ғасырдың 
екінші 
жартысында 
кӛптеген 
зерттеушілер «жобалау» ұғымын кеңінен қолдана отырып, 
оның болашақты кӛздейтін мәніне кӛңіл аударғанымен, 
жобалау қызметінің ӛзіндік мәні мен құрылымдық 


24 
компоненттерін терең қарастырмайды. Солай бола тұра, сол 
кездерден бастап жобалық сана, жобалық тұрғыдан ойлау, 
жобалау 
онтологиясы, 
жобалау 
тұрғысы, 
жобалау 
технологиясы, жобалау әдістері, т.б. осы сияқты кӛптеген 
жаңа ұғымдардың енгізілуі арқылы адам танымында жаңа 
бір саланың жүйесі пайда болып келеді. 
Жобалау феномені туралы қалыптасқан теория мен 
тәжірибелерді қарастыру барысында, оның тӛмендегі іргелі 
зерттеулер мен идеяларға негізделгені анықталды. Олар:
жобалау қызметін бүгінгі таңда ӛзекті болып отырған 
ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық-технологиялық 
жаңа түрі тұрғысынан қарастыру идеясы; 
жобалауды ой - әрекет жүйесі әдіснамасы негізінде 
қалыптасатын басқару қызметі ретінде жүзеге асыру идеясы;
әлеуметтік 
салаларды 
дамыту 
мақсатына 
сай
жобалауды ресурстарды тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде 
пайдалану идеясы, т.б.;
Аталған идеялардың әрқайсысын бӛлек қарастырайық.
Индустриалдықтан кейінгі деп аталатын әлеуметтік
қоғамның 
күшті 
ықпалымен 
ұйымдастырушылық 
мәдениеттің жобалық-технологиялық жаңа түрі пайда 
болуда. Оның негізінде ғылым мен ӛнер, адам психологиясы 
мен оның әлеуметтік ортамен, қоғаммен қарым -қатынасын 
жобалау тұрғысында қарастырылуы белең алып келеді.
Сӛйтіп, жобалау қазіргі заманға тән ойлаудың стильдік 
қасиетіне, 
бүгінгі 
күн 
мәдениетінде 
адамның 
шығармашылық әрекеттерінің барлық қырларын қамтитын 
басты типтік белгісіне айналып келеді. 
Бүгінде әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар саласында 
жобалау кеңінен зерттеле бастады. Ол негізінен жобалау 
қызметінің әлеуметтік контекстінде қаралып, әлеуметтік 
болжау мен жоспарлауға қарама–қарсы қойылуынан 
байқалады. Бұл жерде бір топқа әлеуметтік жобалауды 
болашақта жетуді кӛздейтін идеалдық түрдегі алдын ала 
жасалатын рескрептивтік модель деп есептейтіндер алынса, 
келесі 
топ 
ӛкілдері 
әлеуметтік 
жобалау–әлеуметтік 
объектінің болашақта қажет болатын бейнесі деп санайды. 
Үшінші топ ӛкілдері жоғарыда келтірген түсініктерді 
жинақтай отырып, әлеуметтік жобалау әлеуметтік 


25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет