5.
Стратегиялық даму жоспарын іске асыру кезеңдері
Мектеп-гимназияның стратегиялық даму
жоспары екі кезеңде іске
асырылатын болады: 2019 – 2022 жылдар мен 2023 – 2025 жылдар.
Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың бірінші кезеңінде (2019 – 2022
жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін
әзірлеумен, оларды сынақтан өткізумен байланысты жұмыстарды жүргізу
көзделген.
Екінші кезеңде (2023 – 2025 жылдар) басымдық
өткен кезеңдерде алынған
нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру
қарастырылған.
7. Күтілетін нәтижелер
-
Білім беру мекемесін басқаруда әрі қарай ізгілендіру және демократизациялау
үрдісін дамыту жүреді.
-
Гимназия түлектерінің кәсіби-ақпараттық деңгейі, өмірлік және кәсіби өзін-
өзі анықтауы артады.
-
Білім беруде басқарудың сапасын арттыру және жүйелеуде оқу үрдісін
автоматтандыруда тиімді жұмыстар жүргізіледі.
-
Білім беру үрдісіне қатысушылардың ғылыми-педагогикалық
банкі және
ақпараттық білім беру ресурстары құрылады.
-
Гимназияның оқу-материалдық базасы нығайтылады.
-
Гимназия ата-аналар мен оқушылар сұранысын жоғары деңгейде
қанағаттандырады.
-
Аудан ішіндегі басқа да оқу орындарымен бәсекелестігінде
артықшылығы
болады.
-
Білім берудің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі.
-
Педагогтар мен оқушылардың ақпараттық құзыреті көтеріледі.
-
Стратегиялық даму жоспарын іске асыру барысында жалпы адамзаттық және
ұлттық құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын оқу- тәрбие жұмысының
үлгісі құрылады.