9
“Жаңа ұрпақ” кешенді бағдардамасының
“Азамат” жобасы
Мақсаты:
Жас жеткіншектерге “Мәңгілік ел” ұлттық идеясы құндылықтарын бойына
сіңіру мен ұлы даланың қасиетті жеті қырын аманаттау аясында тарихын,
мәдениетін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу,
ұлттық құндылықтарды меңгерту, білім
алуға құштарлығын ояту мен патриоттық және құқықтық тәрбие берудің негізін
қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Жеткіншектерге патриоттық және рухани тәрбие беру негізінде “Мәңгілік ел”
ұлттық идеясының жеті бағыты бойынша танымдық іс-шара бағдарын жүйелі
жүргізу;
-
“Ұлы даланың жеті қырын” ұлттық мақтаныш, ұлы мұрат ретіндегі
маңыздылығын таныту, насихатталуын арттыру;
-
Жас буынның зияткер ұрпақ ретіндегі білім алуға деген құлшынысын
арттырудағы сапалы іс-шаралардың маңыздылығын күшейту;
-
Оқушылардың бала жастан сыни ойлау дағдыларын тәрбиелеу мен
құқықтық сауаттылықтарын жетілдіруде жаңа форматты тәрбиелеу
технологияларын тиімді қолдану.
Күтілетін нәтиже:
-
“Мәңгілік ел” ұлттық идеясының жеті бағытын жүйелі жүргізу негізінде өз
елінің патриоты екенін сезіне алады;
-
“Ұлы даланың жеті қырын” ұлттық мақсатымыз екенін біледі;
-
Жас буын білімге деген құлшынысын арттыратын іс-шараға қатыса отырып,
зияткер тұлға болып қалыптасады;
-
Жаңа форматты тәрбиелеу технологияларды тиімді жүргізу негізінде,
оқушыларды сыни ойлау дағдысы мен құқықтық сауаттылығы артады.
Достарыңызбен бөлісу: