А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет149/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Мидың торлы қабығы —tunicaarachnoidea еncephali — борпылдақ 
байланыстырушы ұлпадан тұрады. Мидың қатпарларында жұмсақ ми 
қабығымен бірге өседі, ал торлы асты қуысы— cavumsubarachnоidale— 
саңылау мен тесік аймақтарында кездеседі. Семсер тәрізді қатпар негізінде 
торлы қабаттың талшықтары тармақталады, оны пахионды грануляция
granulationesarachnoidales (Pacchioni).деп атайды.
Мидың 
жұмсақ 
қабығы— 
piamaterencephali 
— 
борпылдақ 
байланыстырушы 
ұлпадан 
тұрады. 
Тамырлы 
өрімі— 
plexuschorioideusорналасқан 
жерде 
және 
тамырлы 
қақпақтың 
— 
telaechorioidea қалыптасуында ат салысатын шеткі, үшінші, төртінші 
қарыншаларда, саңылау мен тесіктерге кіріп мимен өте тығыз бірге өсіп кетеді. 
Мидың гистологиялық құрылысындағы ерекшеліктері— оның ақ заты 
мен сұр заты орналасуының күрделілігі: сұр заттың көп бөлігі үлкен ми мен 
мишықтың сыртқы бетінде орналасып, олардың қыртысты қабаттарын түзеді. 
Ал оның аз бөлігі ми діңгегі бөлімдерінің көптеген сұр заттық ядроларын 
құрайды. Сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы мидың 
базальды бөлігі бірігіп, жұлынның алдыңғы жағындағы жалғасы — ми діңгегін 
құрайды. 
Ми діңгегініңсұр заттық ядролары қызметіне қарай: рецепторлы, 
ассоциативті және эффекторлы болып бөлінеді. Рецепторлы ядролар 


220 
жұлынның дорсальды мүйізінің нейроциттері ядроларына ұқсас, яғни бұл 
ядролардың нейроциттерінде жұлынның ақ затының дорсальды сезімтал 
арқаншаларының құрамында ми діңгегіне келген жұлын ганглийлері 
рецепторлы нейроциттерінің аксондары және бас аумағындағы ми 
жүйкелерінің бойында орналасқан сезімтал ганглийлердегі (айшықты, 
тобықтық, тастық) рецепторлы нейроциттердің аксондары синапс арқылы 
аяқталады. Эффекторлы ядроларының нейроциттеріжұлынның вентральды 
мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттеріне ұқсас. Олардың аксондары 
эффекторлы жүйкенейроциттердің ассоциагивті ядролары(көру төмпегі, тісті 
ядро, олива т.б.) орналасады. Бұл байланыстырғыш ядролар жұлыннан және ми 
діңгегінен келген жүйке толқындарын үлкен ми қыртысына, ал ми қыртысынан 
кері төмен қайтқан орталықтан тепкіш жүйке импульстерін, керісінше, ми 
діңгегіне, одан әрі жұлынға өткізеді. 
Ми (головной мозг) — encephalon — тірі жануарлар организмдері 
мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлесімді реттеп, барлықжүйкелік 
процестердің іс жүзіне асуын үздіксіз бақылап отыратын жүйке жүйесінің 
орталық мүшесі. Ол бассүйектің ми сауыты бөлімінде орналасқан жұлынның 
бас аумағындағы жалғасы. Ми көлденең саңылау арқылы үлкен ми(cerebrum) 
және ромб тәрізді ми(rhombencephalon) болып екіге бөлінеді. Үлкен ми өз 
кезегінде ортаңғы ми, аралық ми және соңғы ми, ал ромб тәрізді ми сопақша 
және артқы ми бөлімдеріне бөлінеді. Артқы ми мишықтан және ми көпірінен 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет