Құ
пия
сөзді
және
байланыс
деректерін
өзгерту
EGov.kz порталында авторландыру үш тәсілмен жүргізіледі – ЖСН/құпия сөз
байланысы арқылы, ЭЦҚ көмегімен немесе SMS-пароль арқылы Жеке кабинетте
парольді, сондай-ақ мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірін
ауыстыруға болады.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Егер дербес құжаттамада мен туралы мәліметтер қате болса не істеу керек және оны
қалай түзетуге болады?
Бірінші кезекте Жеке кабинет мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерінен тікелей алынған деректерді ғана бейнелейтіндігін түсіндірейік. eGov.kz
порталын сүйемелдеу қызметінің өкілдерінде азаматтардың құжаттамалар жинағына
өзгерістер енгізу құқығы мен мүмкіндіктері ғана шектелмей, сондай-ақ оларды
қарауға қолжетімділіктері де жоқ.
Түзету үшін жауапты мемлекеттік органның өкілдеріне жүгіну қажет, мысалы,
айыппұл туралы деректер қате болған жағдайда ІІМ-ге немесе Бас прокуратураға
хабарласу керек, ал емханаға тіркелу туралы дұрыс емес мәліметтер болған
жағдайда – қажеттісіне жүгіну керек.
Кейбір жағдайларда құжаттамадағы деректерді қолмен жаңартудың көмегі
тиюі мүмкін. Бұл, беттің сол жақ блогындағы тиісті бөлімнің "Жаңарту" белгісін
басу арқылы немесе дәйекті "жасыру" және "көрсету" белгісін басу арқылы
жүргізіледі.
Егер қызметтерді алу тарихында маған емес, ХҚКО операторларына тиесілі
сауалдар табылса, не істеу керек?
Сіздің атыңыздан мемлекеттік қызметтерді алуға кімнің және не үшін сұрау
салғанын білу үшін, Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-ның gov4c.kz
ресми сайтында көрсетілген байланыстары бойынша сұрау нөмірі мен ЖСН жібере
аласыз.
Егер SMS келмесе және Жеке кабинетте телефон нөмірі ауыстырылмаса не
істеу керек?
1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, операторларға SMS-тің
қандай нөмірге келмейтіні туралы, ұялы оператордың атауы және нөмірді бір ұялы
оператордан екіншісіне ауыстырғаныыңыз туралы ақпаратты ұсыныңыз.
Кеңесшілер техникалық мамандарға өтінім жасайды және осыдан кейін біраз уақыт
ішінде мәселе түзетіледі.
47
Достарыңызбен бөлісу: |