4.1 Түзусызықты объектілерді салу AutoCAD-та суреттер нүктелер немесе объектілер жиынтығы емес тұтас
элемент ретінде қарастырылатын геометриялық примитивтер жиынынан салынады.
Примитивтер салу командалары:
а)
Draw
(Рисование-Сурет салу) менюінен;
б)
Draw
(Рисование-Сурет салу) инструменттер панелінен;
в) экрандық менюден;
г) командалық жолда атын теру арқылы ашылады.
4.1.1 Кесінділер салу
AutoCAD-та сызықтар салу нүктелер координаталарын, қасиеттерін
(типін, түсін, салмағын) және бағытын (бұрыштардың) беру арқылы жүзеге
асады.
_line (
Отрезок
) командасы –
Draw
(
Рисование
)
Line
(
Отрезок
)
құлайтын
менюінен
немесе
Draw
инструменттер
панелінен
Line
пиктограммасына тінтуір арқылы шерткенде алынып, кесінді салады
.
Команда сұрауы:
- алғашқы нүктені
көрсетіп,
Enter басу
- келесі нүктені
көрсетіп,
Enter басу
Line
командасының сұрауы цикл бойынша ұйымдастырылған. Бұл
дегеніміз, үздіксіз сынық сызық салғанда, алдыңғы кесіндінің соңы келесінің
басы болып қызмет атқарады (сурет 4.1).
Курсордың қиылысқан сызығын әрбір келесі нүктеге қозғалтқанда «резина жіп» созылады. Бұл салынып жатқан сынық сызықты бақылап отыруға
мүмкіндік береді. Мұнда сынық сызықтың әрбір кесіндісі жеке примитив болып
табылады. Цикл келесі сұрауға
Enter пернесін басумен аяқталады:
Line
командасының кілттері :
Close
–
сынық сызықты тұйықтау (соңғы нүктені алғашқы нүктемен қосу);
Undo
–
соңғы салынған кесіндіні жою.
Сурет 4.1 – Кесінделерді салу
4.1.2 Көпбұрыштарды салу