Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
AutoCAD--курс лекц

 


5.3 Өлшемдерді қою 
 
Сызбада өлшем - «интеллектуалды» күрделі объект, ол бірнеше 
элементтен тұрады, олар: шығару сызығы, өлшем сызығы, өлшем 
бағыттамалары және өлшем мәтіні. Өлшемдер жеке қабатта орналасады. 
Өлшемдерде екі қасиеті бар: 
 өлшемдер блок болып табылады. Блок – дегеніміз бір объект ретінде 
қарастыруға болатын объектілер тобы; 
 өлшемдер ассоциативті түрде сызба объектілерімен байланысты. Бұл 
дегеніміз, өлшем және объект арасында байланыс бар дегенді білдіреді. Негізгі 
объектіні редакциялауда, онымен байланысты барлық өлшемдер де автоматты 
түрде өзгеріп отырады. 
AutoCAD төрт типті өлшемдер қоюға мүмкіндік береді: 
1. Сызықтық 
2. Радиустық 
3. Бұрыштық 
4. Басқа типтер (шығарулар, ауытқулар, ординаталық өлшемдер және 
т.б.). 
Өлшемдерді қою командалары 
Dimension
(Размеры-Өлшемдер) құлайтын 
менюінен немесе осы аттас инструменттер панелінен алынады (сурет 5.11). 
Сурет 5.11 –Dimension инструменттер панелі 
5.3.1 Сызықтық өлшемдер
Сызықтық өлшемдерге сызықтық (горизонталь және вертикаль бойынша 
ұзындықты көрсететін) және параллель (объектінің абсолют ұзындығын 
көрсететін) өлшемдер жатады. Сол секілді сызықтық өлшемдер негізінде 
өлшемдік тізбектер және жалпы базадан алынатын өлшемдер салынады. 
_dimlinear (
Рзмлинейный-Өлмсызықтық
) командасы – сызықтық 
өлшемдердің горизонталь и вертикаль түрлерін салады.
Команда сұрауы: 


Команда шақырылған соң,
үш нүктені көрсету қажет:
 
бірінші шығару сызығының 
басы (А нүктесі);
 
екінші шығару сызығының басы (В 
нүктесі); 
 
өлшем сызығының орналасуы (С 
нүктесі). 
Вертикаль өлшем горизонталь өлшем 
секілді үш нүктені көрсету арқылы қойылады. 
Опциялары: 
 Mtext 
– көпжолды мәтін, бағдарлама автоматты түрде есептеп шығаратын 
өлшем санын өзгертуге немесе оған қандай да бір мәтін қосуға мүмкіндік 
береді;
 Text 
– көпжолды мәтін редакторынсыз өлшем мәтінін өзгертуге 
мүмкіндік береді. AutoCAD
Mtext 
и
Text 
командалары арқылы өлшем 
санын редакциялауда форматтаудың кейбір мүмкіншіліктерін жүзеге 
асыра алмайды. Сондықтан, өлшем санына дейін немесе одан кейін 
қандай да бір арнайы символды қою үшін, мынадай арнайы басқару 
кодтарын қолдану қажет:
 
%%c 
– 
шеңбер диаметрі « » символын көрсету; 
 
%%d
- градус« ° » символын көрсету. 
Мысалы: 
 Angle 
– стильде берілген өлшем мәтінінің бұрылу бұрышын анықтайды;
 Horizontal / Vertical 
– қажет болған жағдайда қатаң түрде горизонталь 
немесе вертикаль өлшем мәтінін орнатады;
 
Rotated 
– бұрылған сызықтық өлшем. Өлшенетін ұзіндық өлшемнің 
шығару сызықтарын анықтайтын нүктелері арқылы өтетін сызыққа 
параллель болмаған жағдайда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет