Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
AutoCAD--курс лекц

6. 1 Мәтіндік стильдер 
 
Әрине, қкріпті үнемі үнсіздік бойынша қолдана беру тиімсіз. AutoCAD 
бағдарламасы қаріп жазылуына толық еркіндік беретін мәтіндік стиль құруға 
мүмкіндік береді. Мәтіндік стильдер – көптеген басқа объектілерге: өлшем 
стиліне, атрибуттарды анықтауға және т.б., әсер ететін маңызды инструмент.
AutoCAD құрамына қаріптердің екі типі кіреді: 
.shx
кеңейтілуі бар 
файлдарда сақталатын, бастапқы дәстүрлі қаріптер және Windows-тың 
көптеген қосымшаларында қолданылатын 
TrueType
қаріптері.
Жаңа стиль құру үшін: 
1. Құлайтын менюден 
Format 
(Формат) 

Text Style 
(Текстовый стиль-
Мәтіндік стиль) таңдау керек; 
2. Мәтіндік стильдерге жылдам оралу үшін, 
Style
инструменттер 
панелінен
Text Styles 
(Текстовые стили-Мәтіндік стильдер) командасын 
таңдау керек (сурет 6.1)
:
Сурет 6.1 – Style инструменттер панелі 
Style 
командасы іске қосылады да,
Text Style 
(Текстовые стили-Мәтіндік 
стильдер) (сурет 6.2) сұхбаттық терезесі ашылады:


Сурет 6.2 - Text Style сұхбаттық терезесі 
New Text Style 
(Новый текстовый стиль-Жаңа мәтіндік стиль) (сурет 6.3) 
сұхбаттық терезесін ашу үшін, 
Text Style
сұхбаттық терезесінің 
New 
(Новый) 
пернесіне шертіңіз, жаңа мәтіндік стиль орнатып, ОК пернесіне шертіңіз.
Сурет 6.3 - New Text Style сұхбаттық терезесі 
 
Font 
(Шрифт) тобында қаріптің аты, стилі және биіктігі орнатылады. 
Қаріп стилін (жазылуы) 
TrueType
көптеген қаріптері қолдайды, ал AutoCAD 
қаріптері жазылуды қолдамайды. 
Бір стиль ішінде мәтін биіктігін өзгерту қажет болса, онда қаріп биіктігін 
нөлдік етіп қалдырған дұрыс. Бұл жағдайда бағдарлама мәтін жолдарын сызу 
командасы іске қосылған кезде биіктікті сұрайды. 
 
Effects 
(Эффекты) тобында мәтін стилінің бағыты, ені және көлбеулігі 
көрсетіледі. Үнсіздік бойынша символдардың қысылу/созылу дәрежесі (аймақ 
Width Factor
) бірге тең етіп орнатылады. Одан аз мәні мәтін символының енін 
қысады, ал үлкен мәні – созады.
(
Obligue Angle
аймағы) көлбеу бұрышы - символдардың көлбеуін береді. 
Оның нәтижесінде курсивті қаріп тәрізді қаріп алынады. Символдардың көлбеу 
бұрышы, нөлдік көлбеу бұрышына сәйкес келетін, вертикаль сызықтан бастап 
өлшенеді, мысалы: 


Obligue Angle = 15
0
Obligue Angle = -15
0
Әріптері кері тәртіппен жазылатын (айнадағы бейне секілді) немесе 
аударылған мәтін жасауға болады. Кейбір қаріптер (
.shx 
кеңейтілуі бар) 
вертикаль мәтін жасауға мүмкіндік береді (сурет 6.4): 
Сурет 6.4 – Кері ретпен жазылған дәстүрлі мәтін;
аударылған мәтін; 
вертикаль мәтін. 
Стильдің барлық параметрлерін орнатқан соң
Apply
(Применить-
Қолдану) пернесіне шертсеңіз, жасалған стиль іске қосылады. 
Close
(Закрыть-
Жабу) пернесіне шерту сізді сызбамен жұмысқа қайта оралтады.
 
Style
Name
тобында мәтіндік стилге басқаша ат беруге немесе тізімнен 
алып тастауға болады. Ол үшін, ашылатын тізімнен қажетті стильді ерекшелеп,
Rename
(Переименовать-Атын өзгерту) немесе 
Delete
(Удалить-Жою) 
пернелерінің біреуіне шертіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет