295
«Қай тілмен ақса перзенттік түйсік өрісің,
Сол тілдің гүлі, сол тілдің қайраткерісің,
Бар кезде таным, таныту өрлейді.
Тек баба тіліңді дамыта бермейді,
Өзге тілдегі жеңісің»
Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық
ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым.
Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен
әдептілігіне аса назар
аудардым. Өйткені әдептілік-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның
ғасырлар бойы қалыптасқан барысында «әдеп», «әдептілік» деген түсініктер
төңірегінде ұйымдастырған мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін
көрсетті. Тұлға бойында қайырымдылыққа баулып, жанашырлық, аяушылық
сезімдердін туғызып тәрбиелеуде ертегілер рөлі жоғары. Себебі ертегі халық ауыз
әдебиетінің құрылымы жағынан алғанда қарапайым, ал рухани құндылығы
жағынан баға жетпес аса қымбат, көркем туынды болып есептеледі. Ертегілерді
оқыту көріністер даярлау арқылы тұлға бойында сөз байлығының баға жетпес
інжу-маржанын жинап, қиялына қанат бітіріп, өсіп-жетілуіне қажет нәрсенің мол
қорын алдым. Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов «Қандай
сәулетті сарайлар
болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын
- сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.
Ал басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады»
деген.
Еліміздегі бүгінгі оқушылар нарықтық реформа және өзгеден қоғамдық
қатынастар жағдайында өскен ұрпақ. Ұлттық құндылықтар бұл жастардың
құндылық бағыттылығына қалай да болса бір әсерін тигізеді. Қазіргі ұстазға
қойылған негізгі талап бала санасында қай кезде де сапалы білім алдыңғы қатарлы
әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру. Сапалы білім алу мен ұлттық
құндылықтарды сіңіру арқылы ғана өзгеріп жатқан өмір жағдайларына
дағдыландыру. Қазақ халқының поэтикалық өнерінің бала бойында жалпы
адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпалы мол. Балалардың әсемдікке,
сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі
ерекше.
«Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі
айтқандай, ақынның өлеңдері туған жердің сұлу табиғатын, қазақ ауылының
көріністерін, ақ көңіл ауыл адамдар бейнесі сан алуан сезімдерімен ұласып
отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады.
Орта мектептер жаһандану заманындағы білім экономикасының өзегі болып,
еліміздің инновациялық дамуының қозғаушы күшіне айналуының басты шарттары.
Сондықтан мектептерде неғұрлым білім беру жүйелерінің дамуы және
интеграциялануы таза, серпінді, шығармашыл, толыққанды болса, ол келіп құятын
білім айдыны да сондай дәрежеден табылады. Нәтижесінде отбасында, қоғамдағы
өмірлік құндылықтар жақсарып, сапалық көрсеткіштер арта түседі.
Алдағы уақытта да заман талабына сай білімді әлемдік деңгейге жеткізудің
бірден-бір жолы, бұл – инновациялық қызмет. Сол үшін әр ұстаздың алдында оқу
мазмұнын жаңарту, өзінің шығармашылығын дамыту мен шеберлігін шыңдап, озық
технологияны жетік меңгеріп, әр күнгі сабағына тиімді әдіс – тәсілді пайдалану ,
тәуелсіз еліміздің ертеңі саналатын – білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеті болып
табылады. Біздің мектепте де оқытудың тиімді
жолдары мен әдіс-тәсілдерін
296
іздестіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді. Жас ұрпаққа топтық, ойын,
тірек сигналдары, модульдік тестік жүйе, интерактивті, оқытудың компьютерлік,
дамыта оқыту технологиялары бойынша білім беруде. Әр дамыған мемлекет
жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы мен интеграциялануы
бәсекеге қабілеттілігі оның ғылыми әлеуетімен өлшенеді.Осы мәселе бойынша
білім саласында инновациялық даму ұлтымыздың нанотехнологиясын және
биотехнологиясын дамыту. Білімге қызығушылығы жоғары оқушыларды
тәрбиелеу.
Ата-бабаларымыз салып кеткен тәрбие
соқпағы ғасырлар бойы қазақ
халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылығы. Олай болса, тәрбие
бастауы ата-ана мен мұғалімі мен балаға ұласып жатуы – шарттылық болып
табылады. Халқымыз “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез” дегенді тегін
айтпаған. Сондықтан да ғасырлар бойына сөз құдіретін сезіне білген, шешеннің
билігіне тоқтаған, елдікті сақтаудағы тапқырлығына тәнті болып, дәріптеген. Ал
әдеби шығармалардың қайсысы болмасын өскелең ұрпақты ерлікке, батырлыққа,
тапқырлыққа, терең ойлылыққа тәрбиелеген. “Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға
жетпес байлығы» екендігін естен шығармай, мәдениетімізді терең зерделеу арқылы
“Мәңгілік ел” бола алатынымыз хақ. Ұрпағымызды парасатты да білікті,
мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық
деңгейде
дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ
өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның
ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттаумыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: