Лекция Техногенді бүлінген жерлер туралы түсінік және оларды рекультивациялаудың маңыздылығына шолу



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.02.2024
өлшемі284.25 Kb.
#491629
түріЛекция
1   2   3   4
4 Лекция

  
Рекультивацияның даму тарихы
Тау-кен өндірісінің нәтижесінде туындаған өзекті мәселелерді шешу 
жолдарын алғашқы болып ұсынған АҚШ елінің ғалымдары болды. 
Сондықтан, бұл жағдайларды болдырмау мақсатында жерді қайта қалпына 


келтіру және экологиялық тепе-теңдікті сақтау ең алдымен өндірісі дамыған 
елдерде жүргізілген. Осыған орай 20-ғасырдың басында, Америка және 
Германия елдерінде бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіруде және 
экологиялық мәселелерді шешуде нақты түрдегі көлемді жұмыстар атқара 
бастады.   
Рекультивация бойынша алғашқы жұмыстар пайдаланылатын жердің 
жетіспеушілігі жіті сезілетін және өнеркәсіптік өндіріс өте көп шоғырланған 
жерлерде жүргізілді [14]. Рекультивацияның тарихи фактыларының бірін 
Кнабе сипаттаған - 1784 жылы Саксония королі Фридрихтың бұйрығы 
бойынша көмір өндіргеннен кейін пайда болған үйінділерде қандағаш 
ағаштары егілген. Алайда 20 ғасырдың басына дейін бұл жұмыстарды бірлі-
жарымды деп қана санауға болады [15].
Бастапқыда, бұл жұмыстар ішінара міндеттерді шешумен бірге қолданбалы 
сипатта болды: қазбаланған жыныстардың қайта пайда болған үйінділерін 
көгалдандыру, оның шаңдануын және қоршаған орта аумағының ластануын 
болдырмау, ластанған жерлерге орман дақылдарын отырғызу, су айдынын 
жасау, сол жер телімін тегістеу, суды бұру және т.б.
Бүлінген жерлерді рекультивациялау бойынша 80-ге жуық әлемдік тәжірибе 
бар. Бүлінген жерлерді рекультивациялау бойынша алғашқы жұмыстар 1926 
жылы тау кен жұмыстарымен бүлінген жерлерде жүргізілді (АҚШ, Индиана 
штаты) [16].
Әрі қарай бүлінген жерлерді рекультивациялау туралы мәліметтер 1766 жылы 
Рейн қоңыр көмір бассейінін (Германия) пайдалану басталғаннан кейін пайда 
болды. 1903 жылы Англияда террикондарға орман ағаштарын отырғызу 
бойынша жұмыстар басталды.
Ресейде 1912 жылы қазіргі Владимир облысының аумағындағы торф 
өндірілген қараусыз қалған жерлерде ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру 
және құнарландыру бойынша тәжірибелер қойылды.
Еуропа мен АҚШ-та рекультивация соғыс алдындағы жылдары және де ең 
бастысы екінші әлемдік соғыстан кейін кең дамыды.
Қазіргі кезде рекультивация бойынша жұмыстар қоңыр көмір және тас көмір 
қазбалары бойынша Германияда, Польшада, Англияда, АҚШ-та және басқа да 
елдерде сәтті жүргізілуде.
Рекультивацияның 
дамуының 
бірінші 
сатысы 
тек 
көгалдандыру 
мақсаттарында жүзеге асырылды. Мысалы, Рейн қоңыр көмір бассейнінде
рекультивацияның 3 сатысын бөледі.


Рейн қоңыр көмір бассейніндегі рекультивация ландшафтың әрі қарай 
дамуының болашақтағы жоспарын жасай отырып, ландшафты-экологиялық 
талдауға негізделді. Экологиялық теңдестірілген ландшафтар жасау 
жоспарланған. Бұл жағдайда экологиялық теңдестірілген ауыл шаруашылық 
ландшафтардың аудан бірлігі ретінде 2000 га қабылданады, рекреациялық 
үшін 2500 га қабылданады. Қазбаланған карьерлер демалыс пен спортқа 
арналған су айдынына айналады, беткейлеріне орман ағаштары 
отырғызылады.
Францияда, Данияда, Бельгияда, Италияда және басқа да еуропа елдерінде 
қоршаған 
ортаны 
қорғау 
проблемасында 
көмір 
шахтыларының 
террикондарын көгалдандыру және құрылыс материалдарының картерлерін 
рекультивациялау жұмыстары құрайды.
Англияда тұрғындарының тығыздығының жоғарылығына байланысты ауыл 
шаруашылығы рекультивациясына баса көңіл бөлінеді және үйінділер 
қалалық және рекреациялық құрылыс салуға пайдаланылады. Шахта 
жерлерінде саябақтар мен құрылыс жұмыстарын жүргізу өткен ғасырдың 
ортасында басталған болатын, қазір мұндай саябақтар елдің көптеген 
қалаларында бар. Англияда ауыл шаруашылығындағы мақсатындағы тау-кен 
бөлінген жерлердің 1 акр ауданына рекультивация жұмыстарын жүргізу құны
500-2300 ф.ст. [17].
АҚШ-та бүлінген жерлерді рекультивациялаумен Орман және Геология 
қызметтері, Топырақты қорғау қызметтері, Тау-кен бюросы, штаттардағы 
бірқатар федералдық ведомствалар мен агенттіктер айналысады. Тау-кен 
өндіру кәсіпорындарының реттемеленген қызметтері және рекультивация 
бойынша жұмыстар штаттар заңында көрсетіледі. Ашық қазбалау 
жұмыстарымен бүлінген жерлерді қалпына келтіру бойынша бірқатар 
мамандандырылған бірлестіктер құрылған. Рекреациялық мақсаттағы 
ормандарды жасаудан тұратын өсімдік рекультивациясы мұнда кең таралған. 
Аэроегу, тік құламаларда тұқымдарды егу, қолмен отырғызу әдістері кең 
қолданылады. Үйінділердің табиғи жолмен өсуін бақылау негізінде 
жүргізілетін, күрделі экологиялық жағдайларға төзімдірек ағаш және бұта 
өсімдіктер түрлеріне ерекше мән беріледі. Америка бағдарламаларының 
құндылығы елдің бүкіл аумағы бөлінген арнайы мелиоративтік аудандардың 
шекараларындағы су мен топырақты қорғау бойынша жұмыс жоспарларымен 
рекультивацияны тығыз үйлестіру болып табылады. Әлемдік тәжірибеде 
өзіндік құнындағы рекультивациялық жұмыстардың құны кең ауқымда 
ауытқиды. Соның ішінде АҚШ-та
рекультивациялық жұмыстарға жұмсалымдар өндірудің жалпы өзіндік 
құнының 15-20 %-на жетеді [18-21].


Австралияда 1 га минералды шикізаттардың жеке түрлері бойынша тау-кен 
жерлерін рекультивациялау жұмыстары 10 мың долларға дейін бағаланады, 
соның ішінде жердегі жұмыстар 90 %-ды құрайды.
Канадада орман қызметімен ауданы 4 мың гектар үйінділерді 
рекультивациялау бойынша тәжірибе жұмыстары жасалды. Елдің барлық 
таукен өндіру компанияларында рекультивация жұмыстарының жоспары 
болуы міндетті, кен қазбалау жұмыстары аяқталғаннан кейін үш жылдан 
кешіктірмей, олар рекультивация жұмыстарына кірісуге міндетті. Таулы 
аудандардағы кен байыту қалдықтарынан, қалдықтардан және шлактардан 
тұратын, эрозияға ұшырайтын және ауа мен суды ластайтын үйінділердің 
бетін бекіту негізгі қиындық тудырады. Осы мақсатта жазық биіктіктерде 
және бөгеттердің баурайларына ағаштар отырғызылып, шөптер егу 
жүргізіледі. Рекультивация бойынша барлық жұмыстар бас жақтарына әдетте 
рудниктер мен үйінділер орналасқан өзендердің ластануын болдырмау 
бойынша жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Канаданың кейде 1 гектарға 60-100 
кг 
тыңайтқыш 
енгізу 
талап 
етілетін 
солтүстік 
аудандарында, 
рекультивацияның биологиялық сатысы жерді пайдаланушылр мен жерлерді 
бұзатын кәсіпорындардың қаражаты есебінен жүзеге асырлады. Карьерлер 
мен үйінділердің айналасына жасанды бөгеттер жасау жасыл ағаштар егу 
түрінде жүргізіледі және де тау кен қазбалау жұмыстарының әсерінен жер 
асты сулары және ашық су айдындардың (көлдер, тоғандар, өзендер) 
суларының ластануына бақылау жүргізіледі. Мұнаймен ластанған жерлерде 
рекультивация жұмыстары мынадай әдіспен жүргізіледі. Ені 3 метрлік
грунттық төселімге иректелген пластикалық құбырлар салынады да, оның 
қстіне қиыршық тас, керамзит немесе "доронит" түріндегі материалдар 
төгіледі. Осы кеуекті қабатқа кезектестіріп мұнаймен ластанған грунт пен 
тыңайтқыш төселеді. Тыңайтқыш ретінде қи, торф, ағаш үгіндісі, сабан және 
минералды тыңайтқыштар пайдаланылады, микробиологиялық препараттар 
қосуға да болады. Осы тізбек полиэтилен пленкасымен жабылады да құбырға 
тиісті қуатта компрессордан ауа жіберіледі. Компрессор егер қосылатын жер 
болса электр энергиясымен немесе отынмен жұмыс істей алады. Ауа кеуекті 
грунтқа таралып, тез тотығуына көмектеседі. Құбырларды көп дүркін 
пайдалануға болады. Пленка салқындауды болдырмайды; егер жылытылған 
ауа берілсе және қосымша торфпен немесе "дорнитпен" жылытылса, онда бұл 
әдіс қыста да тиімді болады. Мұнай 2 аптаның ішінде толығымен тотығады, 
қалдығы уытты емес және онда өсімдік жақсы өседі [22].
Өңделген карьерлерді жабдықтау – Германияда топырақты қалпына 
келтірудегі өте кең таралған бағыттардың бірі. «Rekultivierung» 
(рекультивация) cөзінің өзі техногенді ластануды жою немесе ландшафттарды 
қалпына келтіру ретінде қарастырылады. Аудандық жобалау бағдарламасына 
сай (2002 ж.) тас қашалған орындар мен карьерлерді (жұмыс аяқталғаннан 


кейін) ары қарай пайдалану кезінде оларды мүмкін болса бастапқы жағдайына 
дейін қалпына келтіру немесе табиғи және мәдени ландшафтқа сай қалпына 
келтіру ұсыналады
[23].  
 Германияда ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жерлерді қалпына 
келтіруге бірінші кезекте мән беріледі, алайда орман рекультивациясы 
техногендік ландшафтарды қалпына келтіру және қорғаудың жалпы 
жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттік орман шаруашылығы Рудалы 
таулардағы, тасты жыныстардан құралған шахта үйінділерінде орман 
отырғызуды сәтті жүргізуде. Осындай үйінділерде отырғызылған. Жүз жыл 
бұрын осындай үйінділерде отырғызылған шыршалы ормандар толық аісіп-
жетілген ормандарды білдіреді. Дегенмен орман рекультивациясы бойынша 
жұмыстар қоңыр көмірді ашық әдіспен өндірген кезде бүлінген аумақтарда 
кең қарқын алды. Барлық заң ережелерінде бүлінген аумақтарда мәдени 
ландшафтар жасау туралы талап қойылады. Ландшафтты жоспарлау 
мемлекеттік ұйымдардың бақылауында болады, болашақ жоспарлар негізінде 
тау кен кәсіпорындары мемлекеттік жер пайдаланушылармен ұзақ мерзімдік 
шарт жасасады, онда аумақты дайындау сапасына талаптар, орындау 
мерзімдері және рекультивация жұмыстарының барлық түрлері айтылады. 
Тау кен кәсіпорны үйінділерді тегістейді, құнарлы грунттарды төгеді, аумақта 
химиялық мелиорация жүргізіп, жалпы инженерлік-техникалық абаттандыру 
жұмыстарын жүргізеді. Германияда бұрын тау-кен өнеркәсібімен 
пайдаланылған жер аудандарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады. 
Рекультивациямен байланысты барлық жұмыстар тау кен жұмыстарының 
жобасы жасалған кезде тау-кен өндіру фирмаларымен анықталады [24].  
Биологиялық 
рекультивация 
бойынша 
жұмыстар 
болашақ 
жер 
пайдаланушылармен 
жүргізіледі 
және 
жерді 
пайдаланғаны 
үшін 
орталықтандырылған салық қаражаттарынан қаржыландырылады. Осы 
жұмыстарды экономикалық ынталандырудың және рекультивацияланған 
жерлерде мелиорациялауда жерді пайдаланушылардың мүдделілігін 
арттырудың тиімді жүйесі әзірленген. Алғашқы 10-15 жылда қалпына 
келтірілетін аумақтар үшін жерді пайдаланушылар үшін міндетті 
мелиоративтік ауыспалы егістік бекітіледі.
Чехословакияда орман рекультивациясы бойынша жұмыстар кең таралған. 
Тұрғындардың тығыздығының жоғары болуына, қоршаған ортаның елеулі 
ластануын тудыратын жеке аудандардағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 
елеулі түрде шоғырлануына байланысты Чехословакияда ормандардың 
санитарлықгигиеналық рөліне ерекше мән беріледі, сондықтан үйінділерде 
орман отырғызу тек шаруашылық қана емес, көгалдандыру және саябақтар 
егу сипатында болады


[25].
Рекультивация жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар құрылған. Бұрын 
тау-кен қазбалау жұмыстары жүргізілген аумақтарда ауыл шаруашылығы 
қайта дамуда немесе демалыс аймақтары ұйымдастырылуда. Экологияның 
маңызды проблемалары қоңыр көмір өндірілетін (тереңдігі 200 м, болашақта 
350 м), әктастар және құрылыс материалдары өндірілетін үлкен карьерлермен 
байланысты. Бұл қазба жұмыстары құнарлы топырақтардың бүлінуіне және 
қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі; пайдалы қазбалардың бір бөлігін курорт 
көздерін қорғауға байланысты мүлдем пайдалануға болмайды. Тау кен 
қазбалау жұмыстарын кеңейткен кезде көптеген елді мекендер бүліну қауіпіне 
ұшырайды. Солтүстік-Чех алабында тарихи ескерткіш Мост қаласындағы 15 
ғасырдағы шіркеу ғибадатханасын 850 м жылжыту қажет болды. Құрамында 
күкірт бар көмірлерді қазбалау және жағумен байланысты атмосфераға 
зиянды заттардың бөлінуі де елеулі зиянды әрекеттер туындатады. Қышқыл 
жаңбырлар әсіресе орман ағаштарына елеулі зиян келтіреді, сондықтан 
күкіртсіздендіру үшін көршілес елдермен станция салу бағдрламасы жасалған 
болатын. 1993 жылға дейін Чехословакияда 1980 жылмен салыстырғанда SO

атмосфераға бөлініп шығуы 30%-ға азайды. Экологиялық проблемаларды 
шешуде емдік су көздерін және жер асты суларын қорғауды қамтамасыз, 
сондай-ақ қауіпсіз, қорғалған өнеркәсіптік үйінділер мен басқа қалдықтарды 
барлауда ететін геологиялық зерттеулер елелі үлес қосады. Елдің бірқатар 
таулы аудандарында тау-кен жоспарлау және биологиялық рекультивация 
бойынша 
бүкіл 
жұмыстарды 
орындайтын 
мамандандырылған 
"Рекультивация" кәсіпорындары құрылған. Бұл жұмыстар тау-кен өнеркәсібі 
қаражаттарынан және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Елдің 
әрбір тау-кен өнеркәсіптік аудандары үшін жалпы аудандардың шаруашылық 
дамуының 
аумақтық 
жоспарларымен 
қатаң 
байланыстырылған, 
рекультивацияны техникалық-экономикалық негіздеуді білдіретін бас 
жоспарлар жасалынған [26] .
Польшада тау-кен өнеркәсіптік округтарда ландшафттық жоспарлаудың 
маңызды бөлігін орман рекультивациясы құрайды. Шахта үйінділері, Кония 
және Тур көмір карьерлерінің биік көпқабатты үйінділері, күкірт және темір 
рудаларын қазбалау үйінділері, әр түрлі металлургиялық кәсіпорындар, құм 
өндірудің үлкен аумақтары рекультивацияның нысандары болып табылады. 
Заңнамаға сәйкес Польшаның өнеркәсіптік кәсіпорындары бүлінген жерлерге 
инвентаризациялау жұмыстарын жүргізуге, қоршаған ортаға өнерісіптің әсер 
етуіне болжам жасауға, келтірілген залалдарғп экономикалық талдау 
жүргізуге тау-кен жыныстарының агротехникалық қасиеттеріне талдау 
жасауға және бүлінген жерлерді олардың рекультивацияға жарамдылығы 
бойынша жіктеуге міндетті. Польшаның зерттеушілері өнеркәсіптің елеулі 
бүліндіруші әрекетіне ұшыраған аумақтарда орман шаруашылығын жүргізу 


қағидалары әзірленген. Шаруашылық жоспарларына тау-кен қазбалауға 
бөлінген аумақтарда орман егу, үйінділерде ормандарды қалпына келтіру, 
өнеркәсіптік шығарылымдармен су мен ауаның күшті ластанған 
аймақтарындағы орман ағаштарын қалпына келтіру және күту кіреді. Бұл 
жағдайда рекультивация террикондар мен үйінділердегі агротехникалық 
шаралар кешені ретінде ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаны толық қалпына 
келтіру ретінде түсіндіріледі. Польшада пішіні трапеция немесе конус тәрізді 
тас көмір шахталарының үйінділерін көгалдандыру бойынша тәжірибелер 
бар. Кейбір ағаштардың жасы 15-20 жылдан асады. Торф қазбаланған жерлер 
рекультивацияланады, мұнда көбінесе балық аулайтын тоғандар мен аң 
шаруашылығы дамиды [27].
Болгария, Венгрия, Румынияда ауыл шаруашылығы рекультивациясы 
дамыған, алайда кейде өнеркәсіптік үйінділерде санитарлық-гигиеналық 
жағдайды жақсарту және рекреациялық мақсаттарда орман ағаштары да 
отырғызылады.
Украинада да рекультивацияға үлкен көңіл бөлінеді. Ұлы Отан соғысы 
аяқталғаннан кейін Донбасс террикондарын көгалдандыру бойынша тәжірибе 
жұмыстары басталды. Қазіргі кезде Донецк және Донецк облысы әлемнің 
шахтерлер аудандары бойынша абаттандыру, көгалдандыру, ауаның және 
судың тазалығы бойынша алдыңғы орындарға ие. Донецк ботаника бағының 
және Киев ауыл шаруашылығы академиясының қызметкерлерімен 
террикондарда биологиялық рекультивация жұмыстарын жүргізудің сенімді 
әдістері әзірленді, мұнда ағаш және бұталы өсімдіктерді егу маңызды орын 
алады. Террикондарды көгалдандыру қаланың жасыл бөлігін құрайды және 
ауа мен суды ластаушы көзі болуын тоқтатты.
Эстонияда 50-ші жылдардың соңынан бастап ашық қазбалау үйінділеріне 
орман ағаштарын егу сәтті жүргізіліп келеді. Мыңдаған текше километр 
ауданды алып жатқан Кохтла-Ярвинск сланец алабында, соңғы уақытқа дейін 
бүлінген жерлерді қалпына келтірудің негізгі түрі орман рекультивациясы 
болды, алайда қазір ол жерлерді ауыл шаруашылығына игеру бойынша 
жұмыстар 
жүргізілуде. 
Күл 
үйінділері 
де 
ауыл 
шаруашылығы 
рекультивациясының нысаны болуда. Эстониядағы сланец алабының 
үйінділерін рекультивациялау бойынша жұмыстар негізінен шешімін тапты. 
Орман рекультивациясы шаруашылық жағынан алғанда өзін ақтап шықты, 20-
жылдық қарағай сүрегі тау-кен және биологиялық рекультивацияға 
жұмсалған шығындарды толық жабады.
Моңғолия аумағында 900-ден астам кен орны және минералды 
шикізаттардың 30 түрі бойынша 7000 айқындалымдар анықталды. Алтын 
өндірудың орташа жылдық өсімі 1615,6 кг құрайды. Алтын өндіруші 
компаниялар жыл сайын тек тау-кен жұмыстарымен бүлінген жерлердің 470-


570 гектарына ғана рекультивация жұмыстарын жүргізеді. Бұл жағдайда 
алтын өндіруші компаниялар осындай заңға қарсы әрекеттері үшін 
жауапкершілік көтермейді. Моңғолияның алтын өндіретін аудандарында 
алтынның қалдық қоры 6000–7000 кг бағаланған, яғни жыл сайын алтын 
өндіру көлемі 12000 кг өседі. Рекультивациялық жұмыстардың кідіруі және 
кешігуі осы телімдердегі алтын қорларының қалдық қорларының болуымен 
байланысты. Осы себептен қазбаланған дренаждық полигондарда осы 
уақытқа дейін рекультивация жұмыстыры жүргізілмей қалып отыр [28].
Ресейдегі рекультивация бойынша жұмыстардың алғашқысының бірі елдің 
еуропалық бөлігінің солтүстік және солтүстік батысындағы торф қазбаларын 
орман шаруашылығы мақсатында игеруді санауға болады. Ресейдің 
рекультивациялық аудандарының аалғашқысының бірі Подмосковья тау-
кенхимиялық комбинаты болды, мұнда кәдімгі қарағайды егу 1958 жылы 
басталды. Мәскеу облысының Егорьевск және Виноградорск орман 
шаруашылықтарымен фосфорит рудниктерінің тегістелген үйінділерінде 
жүздеген гектар жерлерге орман ағаштары егілді, 70-ші жылдарда олар 
биіктігі 6-8 м тұтас ағаштарға айналды (үйінділерді құрайтын грунттараздаған 
қоспасынан тұраын ұсақ түйіршікті құмдар орман ағаштаын егуге жарамды 
болғанымен, олар су және жел эрозиясына ұшыраған және қоректік 
элементтермен, әсіресе азотпен қамтамасыз етілмеген, оның өзі екпелердің тез 
өсуін қиындатады және еккеннен кейін бірінші жылдары олардың өсуін 
азайтады). 1958-1960 жылдары Тула облысында көмір разрездерінің 
үйінділерінде, Киреевск темір руда карьерлерінде, Суворов отқа төзімді 
балшық кен орындарының үйінділерінде орман ағаштары отырғызылды. 
Көмір разрездерінің үйінділері рекультивация жұмыстарын жүргізу үшін 
қиын нысан болды, себебі олар өсімдіктің өсуі үшін жарамсыз құмды-
балшықты жыныстардан тұрды және де олардың елеулі бөлігін құрамында 
сульфид бар жыныстар құрайды. Ашық қазбалау жұмыстары үрдісінде 
үйінділердің беткі қабатына түсе отырып, құрамында сульфидтер бар 
жыныстар өсімдік үшін уытты қосылыстар – күкірт қышқылы, күкіртті тұздар 
мен алюминий түзе отырып, тотығады. Мұнда рекультивация жұмыстарын 
жүргізу уытты грунттарды мелиорациялау немесе қазбалау жұмыстарының
көліксіз жүйесі технологиясын елеулі қайта құрусыз мүмкін емес. 1966 
жылдан бастап Кузбасста орман рекультивациясы бойынша жұмыстар 
басталды, шахталардың айналасында бірнеше мың гектар жерлерге орман 
ағаштары егілді; Курск магнитті аномалиясының карьерлерінде (орман 
ағаштары егіліп, жел эрозисына қарсы шөптер егілді), Иркутск көмір 
алабында, Амур облысындағы Райнчихинск қоңыр көмір кен орындарында, 
Оралдағы қазбаланған драгалық полигондарда рекультивация жұмыстары 
жүргізілді.


 КСРО-да 1971 жылдан бастап 1980 жылдарға дейін 713 мың гектар ауданда 
рекультивация жұмыстары орындалды, яғни жыл сайынға рекультивация 
жұмыстарының көлемі 71,3 мың гектарды құрады [29]. Рекультивация 
жұмыстарының елеулі өсуі 1992-1995 жылдардағы Ресейдің Топырақ 
құнарлылығын арттырудың Мемлекеттік кешенді бағдарламасында 
белгіленген болатын, онда әрі қарай ауыл шаруашылығына пайдалану үшін 
96 мың гектарға дейін рекультивациялау көзделген. 2002-2005 жылдардағы 
осыған ұқсас бағдарламада рекультивация жүргізілген аудандардың жылына 
52,5 мың гектарға дейін төмендегені байқалады, бұл өткен жылдардың 
бағдарламаларын іске асыру тәжірибесінен жұмыс көлемін және 
инвестицияларды оңтайластырумен байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет