Лекция Техногенді бүлінген жерлер туралы түсінік және оларды рекультивациялаудың маңыздылығына шолу


Жерлерді рекультивациялау нысандары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата12.02.2024
өлшемі284.25 Kb.
#491629
түріЛекция
1   2   3   4
4 Лекция

  
 Жерлерді рекультивациялау нысандары
Бүлінген және ластанған жер телімдері жерді рекультивациялау нысандары 
болып табылады. Антропогендік әрекет етуге байланысты жерді 
рекультивациялау нысандары мыналар болып табылады [11]:
- торфты өндірген кезде (фрезерлік жерлер, гидроторф карьерлері);
- рудалы емес құрылыс материалдарын өндіру (құм, балшық, құм-
қиыршық тас материалдары карьерлері);
- ашық тау-кен жұмыстарының өндірісі (карьерік шұңқырлар, ішкі және 
сыртқы үйінділер);
- жер асты қазбалау өндірістері (опырылымдар, шахта үйінділері, 
террикондар);
- кенттену аумақтарының жұмыс істеуі (күл үйінділері, шлак үйінділері, 
шлам жинағыштар, қатты тұрмыстық қалдықтар қоқысы және басқалар);


- барлау және зерттеу жұмыстарын жүрізу (өсімдік және топырақ 
жамылғысы бүлінген телімдер, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерімен 
ластанған жерлер);
- құрылыс және пайдалану жұмыстарын орындау (су басуға, эрозия 
үрдістеріне ұшыраған, өсімдік және топырақ жамылғысы толық немесе 
ішінара бүлінген жер аумақтары, сондай-ақ карьерлер, үйінділер, 
гидроүйінділер және т.б.);
- материалдар, заттар, электр энергиясын алу кезіндегі технологиялық 
үрдістерде (аэрозолдармен және шаң шығарылымдарымен, бейорганикалық 
және органикалық заттармен, радиоактивті элементтермен ластанған жерлер);
- ауыл шаруашылығы өндірісінде (пестицидтердің, дефолианттардың 
қалдықтарымен ластанған, ақаба сулармен және тыңайтқыштармен ластанған 
жерлер);
- әскери іс әрекеттерде, қару жарақ пен оның негіздерін әзірлеуде 
(радиоактивті, улағыш, уытты органикалық және бейорганикалық заттармен, 
қауіпті бактериялогиялық компоненттермен ластанған жерлер).
Өзінің ішкі мазмұны бойынша бүлінген жерлер - бұл табиғи нысандар мен 
антропогендік қызметтің өнімдерінің бір мезгілде қатар тіршілік етуі, мұндай 
жағдайда олардың шиеленістік жағдайы геожүйенің әрі қарай жұмыс істеуіне 
және оның тұрақтылығына тікелей әсер етеді [12].
Табиғи жүйелер бүлінген компоненттердің табиғи эволюциялық өзгеріске 
ұшырауын және өздігінен қалпына келуін қамтамасыз ете алады. Осы 
қасиетінің арқасында техногендік субстраттар жылу, су, жел, өсімдік, 
микроағзалар әрекетіне ұшырай отырып біртіндеп өзгеріске ұшырайды, 
бүлінеді, биоталар үшін жарамайтындай формаларға дейін байланысады. Осы 
үрдістің қарқындылығы, әсіресе күрделі жағдайларда бүлінген жерлердің 
өзгерісіне байланысты көптеген факторлармен айқындалады, ондаған, тіптен 
жүздеген жылдарға дейін жалғасуы мүмкін.
Бүлінген жерлерді анықтау үшін өсімдіктің түрлік құрамын анықтаған кезде 
осы жерлердің табиғи жолмен қалпына келу тәжірибесін ескеру керек. 
Сондықтан рекультивация жұмыстарын алдымен бүлінген жерлердің табиғи 
эволюциясын зерттеуден бастау керек, соның нәтижесінде геожүйені 
құнарландырылған ландшафтарға айналдыру мақсатында өзгерген геожүйені 
оңтайластырудың тиімді әдістерін табу керек [13].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет