Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Геохимиялы тос ауылдар туралы ілімні



Pdf көрінісі
бет30/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

 
5.3.1. Геохимиялы тос ауылдар туралы ілімні
ыс аша тарихы 
 
«Геохимиялы тос ауылдар» терминін, жоғарыда айтылғандай, 
1961 жылы А. И. Перельман ұсынған жəне ол бұл туралы өзінің 
«Геохимия» деген монографиясында жазған болатын. Ең 
алғашында геохимиялық тосқауылдар туралы ілім гипергенез 
белдеміне қолданылатын. Ландшафты-геохимиялық негізді 
қатыстырумен бірге геохимиялық тосқауылдар туралы ілімді 
қолдану топырақтарда жəне өсімдіктерде химиялық элементтердің 
жоғарғы концентрациялар жаралуының көптеген процестерін 
түсіндіруге мүмкіндік берді. 
Өткен ғасырдың 70-жылдары геохимиялық тосқауылдар 
туралы 
ілімнің 
теориялық 
базасы 
осы 
геохимияның 
фундаментальді түсінігін іс-жүзінде қолдануға қажетті деңгейде 
дамыған болатын. Осы жылдары іздеу геохимиясына жаңа 
зерттеулерді енгізу басталады. Осыған бірқатар ғалымдардың 
еңбектері, жəне ең бірінші А. И. Перельманның шəкірттерінің 
жəне сонымен бірге жұмыс істеген ғалымдардың еңбектері 
мүмкіндік туғызды. Зерттеулер бұрынғы КСРО-ның əртүрлі 
аймақтарында: Украинада, Қазақстанда, Сібірде жүргізілді. 
Осы жылдары геохимиялық тосқауылдар туралы ілімді 
қолдану арқылы рудалы кенорындардың, соның ішінде ең 
алдымен гипергенді кенорындардың, содан кейін гидротермалды 
кенорындардың жаралу ерекшеліктерін түсіндіру əрекеттері 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
69 
жасалды. Алғашқы ореолдарға басқаша жаңадан қарауға 
мүмкіндік пайда болады, ал демек осыған орай геохимиялық 
іздеулердің дұрыстылығын арттыруға мүмкіндік пайда болды. 
1973 жылы В. А. Алексеенко өзінің жоғары оқу орындарының 
студенттеріне арналған оқу құралында былай деп жазады:
«А. И. Перельманның гипергенді процестер үшін құрастырған 
геохимиялық тосқауылдар туралы ілімін, элементтердің 
гипогенді миграциясын қарастырғанда да қолдануға болатынын, 
ерекше атап өту керек». 
Геохимиялық тосқауылдар туралы ілімді қайта түзілген 
ореолдар бойынша литогеохимиялық іздеу жұмыстарын жүргізу 
кезінде жəне биогеохимиялық іздеу кезінде қолданудың 
алғашқы сəттерінде жалған геохимиялық аномалиялардың 
санын елеулі азайтуға мүмкіндік берді. Өткен ғасырдың
80-жылдары іздеу геохимиясының практикасында қарастырылып 
отырған ілімді топырақтардағы аномалияларды бағалауда 
қолданыла бастады деуге болады. Практикалық жұмыстарға 
ғылыми тұжырымдарды кеңінен енгізуге А. И. Перельманның 
жəне т.б. авторлардың «Рудалы алқаптар ландшафтарының 
геохимиясы» монографиясы жарыққа шығуы мүмкіндік берді.
Құрастырылып жатқан теориялық тұжырымдармен қатар 
геохимиялық тосқауылдарды зерттеу бойынша геохимияның 
қазіргі заманғы бағыттарында, практикаға ғылыми нəтижелерді 
енгізу жұмыстары жүргізілуде. Геохимиялық тосқауылдарды 
құрлықпен суасты ландшафтарының шекараларында, сонымен 
қатар суасты ландшафтың өзінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп 
жатыр. 
Радиогеологияның 
жəне 
радиогеоэкологияның 
проблемаларын шешуде тосқауылдар туралы ілім қолданыс 
табуда. Іс-жүзінде, барлық дерлік аудандарда геохимиялық 
əдістермен пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу жұмыстарын 
жүргізу 
кезінде 
геохимиялық 
тосқауылдар 
ескеріледі. 
Геохимиялық тосқауылдар антропогенді экология-геохимиялық 
өзгерістерді биосферада болжау кезінде жəне мониторингті 
зерттеулер кезінде өте үлкен маңызға ие болады.
Биосфераның ноосфераға ауысуы кезеңін өткізуде 
геохимиялық тосқауылдар санының елеулі өсуі анықталған. 
Осыған орай табиғи аналогтары болмайтын жаңа техногенді 
тосқауылдар пайда болады. Тосқауылдарда көптеген жағдайда, 


Я. К. Аршамов 
 
70 
бірқатар элементтердің (əсіресе ауыр металдардың) концентрациясы 
жағымсыз құбылыс деп қарастырылса, экологиялық жағдайларды 
жақсартатын техногенді тос ауылдарды. пайда болғанын атап 
өту қажет. Оларға жүзімдіктерді мыс құраушы препараттармен 
өңдеу кезінде мыстың жоғары концентрацияларының таралуына 
мүмкіндік бермейтін тосқауылдарды жатқызуға болады. 
Қарастырылып отырған ілімдегі аса перспективті бағыттар 
қатарына 
табиғи 
аналогтары 
болмайтын 
əлеуметтік 
геохимиялы тос ауылдар жатады. Олардың бір бөлігі тіршілік 
əрекеті қауіпсіздігінің күрт төмендеуіне алып келеді. Оларға 
көптеген қалдықтарды көму жəне қаттап тастау белдемдері 
жатады. Əлеуметтік тосқауылдардың басқа бөлігі таужыныс-
тардың үйінділерімен жəне байыту фабрикаларының əртүрлі 
қалдық қоймаларымен сипатталады. Нақты бір жағдайларда осы 
тосқауылдардың көп бөлігін техногенді кенорындар қатарына 
жатқызуға болады жəне сөйтіп табиғи ресурстарды тиімді 
пайдалануға мүмкіндік пайда болады.
Бірқатар 
экологиялық 
проблемалардың 
шешілуіне 
байланысты техногенді ландшафтарда (қалалық, өнеркəсіптік, 
ауылшаруашылықтық жəне т.б.) геохимиялық тосқауылдарды 
зерттеуге көп көңіл бөліне бастады. Осы тақырып бойынша 
орындалған көптеген жұмыстардың ішінде ММУ, ЛМУ, РМУ 
жəне Новороссийсктегі биосфера геохимиясының ҒЗИ 
қызметкерлерінің жарық көрген еңбектерін атап өтуге болады.
Сонымен қатар, соңғы уақыттары геохимиялық модельдеу 
сияқты перспективті бағыттың дамуын атап өтуге болады. 
Биогеохимиялық 
тосқауылдарды 
медициналық 
мақсатта 
қолданылатын өсімдіктерді өсіру кезінде ескеру ұсынылады.
Геохимиялық тосқауылдар бойынша соңғы зерттеулердің 
қорытындысы 1999 жылы профессор А. И. Перельманның 
рухына бағышталған «Гипергенез белдеміндегі геохимиялық 
тосқауылдар» деп аталатын халықаралық симпозиумда 
жинақталды. Геохимиялық тосқауылдарға осы ілімнің негізін 
қалаушы ғалымның өмірден өткеннен кейін жарық көрген 
«Ландшафт геохимиясы» жəне «Экологиялық геохимия» жəне 
«Геохимиялық тосқауылдар» деп аталатын кітаптарда аса көңіл 
бөлінеді. Соңғысы ғалымның рухына бағышталған. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
71 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет