Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата15.02.2024
өлшемі457.37 Kb.
#491869
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

 ашық, 
жабық, көреген, сүзеген, қызыл, сары, ұзын, т.б. Бірақ мұндай сөздер 
тілдің тарихи дамуы барысында түбегейлі түрде сапалық мағынаға 
ауысып, өзінің бастапқы қалпынан (түбір жəне қосымша) мүлдем 
ажыраған. Ы. Маманов туынды сын есімдердің барлығын жаппай 
қатыстық деп танитын жалаң формалды көзқарасты сынға ала оты-
рып, сапалық сынды қатыстық сыннан ажыратудың басты белгісі 
ретінде сын есімдердің шырай формаларымен түрлену-түрленбеуін 
ұсынады. Сондықтан шырай жұрнақтарын қабылдайтын негізгі 
жəне туынды сын есімдер сапалық, ал шырай жұрнақтарын 
қабылдамайтын сын есімдер қатыстық болып табылады. Сын 
есімнің мағыналық топтарының арасындағы айырмашылық сапалық 
сындардың заттың түрлі белгісімен қатар қимылды да анықтауы 
жəне түрленуі, ал қатыстық сындардың тек заттың ғана түрлі затқа 
не қимыл-əрекетке қатысты белгілерін анықтауымен сипатталады. 
Қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан жасалатындықтан, 
олардың мағынасы сол сөздердің мағынасымен, яғни бастапқы 
мағынасымен байланысты болады. Мысалы: 
таулы – тауы бар жер
сулы – суы бар жер, жылжымалы – жылжу қимылына қатысты, 
ашушаң – тез ашуланатын, т.б. 
Сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан жалаң жəне 
күрделі болып бөлінеді. Жалаң сын есімдер негізгі жəне туынды 
түбірлі болса, күрделі сын есімдер, кем дегенде, екі сөзден құралып
бір бүтін күрделі тілдік бірлік ретінде қолданылады. 
Қазақ тіл білімінде сын есімнің ең басты мəселесі болып табы-
латын шырай категориясын алғаш зерттеген Ғ. Мұсабаев «Қазақ 
тіліндегі сын есімнің шырайлары» (А.,1951) еңбегінде сын есімнің 
шырай категориясын ғана қарастырмай, оның дербес сөз табы 
болуының мынадай негізгі белгілерін де көрсетеді: 1) лексикалық 
мағынасының болуы; 2) шырай жұрнағын жалғай алуы; 3) зат 
есімге тəн қосымшалардың тікелей қосылмайтындығы; 4) сөйлемде 
анықтауыш мүше қызметін атқаруы. Бұл белгілердің қатарында 
шырай жұрнақтарын қабылдауы да сын есімнің дербес сөз табы 
болуының бірден-бір негізі, белгісі ретінде анықталады. Нақтылап 
айтсақ, зат есімнің грамматикалық ерекшелігі оның көптелу, сеп-
телу жəне тəуелденуі арқылы анықталса, сын есімнің грамматика-
лық ерекшелігі оның шырай категориясы арқылы түрленуімен 
сипатталады. 


54
Шырай категориясы – заттың бір түрлі сындық белгісінің 
түрлі дəрежеде болуын білдіретін грамматикалық категория. 
Грамматикалық категорияның бұл түрі сапалық сын есімге тəн. 
Мұндай тұжырым тек қазақ тілінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде 
де қалыптасқан. Қазақ тілінде сын есім шырайларына қатысты 
қарама-қайшы тұжырымдар бар. Ондай қарама-қайшылықтар мына-
дай жағдайларда көрініс табады: 1) шырай түрлері жəне саны, 2) шы-
рай жұрнақтарының қызметі. «Қазіргі қазақ тілі» (1954) еңбегінде 
шырай категориясын сапалық сын есімге тəн грамматикалық ка-
тегория ретінде анықтап, мынадай түрлерге бөледі: 1) жай шырай,
2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шы-
рай. Ал «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) шырайдың төрт 
түрін көрсетеді. Олар: салыстырмалы шырай, бəсең я шағын шырай, 
күшейтпелі шырай жəне асырмалы-үдетпелі шырай. «Қазақ грамма-
тикасында» (2002) сапалық сын есім шырайларының тек екі түрін, 
атап айтқанда, салыстырмалы жəне күшейтпелі шырай түрлерін 
көрсетеді. Қазақ тілі грамматикаларындағы шырай түрлерінің топ-
тастырылуы мен аталуы жағынан бірізділік жоқ. Мəселен, жай шы-
рай кейінгі грамматикаларда көрсетілмейді. Ал екінші еңбекте бəсең 
я шағын шырай түрі көрсетілсе, соңғы грамматикада шырайдың тек 
екі түрі ғана қамтылған.
Сапалық сын есімдердің шырай түрлері А. Байтұрсынұлы, 
А. Ыс қақов, Н. Оралбай, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де түрліше 
анықталады. Ғалым А. Байтұрсынұлы шырай категориясын сыр сы-
нына қатысты қарастырады. Ғалымның пікірінше, сыр сынында үш 
шырай бар: 1) жай шырай, 2) талғаулы шырай, 3) таңдаулы шырай. 
Анықтамасы, жасалу жолы жағынан талғаулы шырай салыстырмалы 
шырайды, таңдаулы шырай күшейтпелі шырайды ауыстыра алады. 
Нəрсенің сиқын артық-кем демей жай көрсететін шырайды жай шы-
рай деп атайды. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет