Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет28/76
Дата15.02.2024
өлшемі457.37 Kb.
#491869
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

бес кітап, он студент, отыз бір күн де-
ген тіркестерде заттың дəл санын білдіретін есептік сан есімдер зат 
есімнің анықтауышы болғандықтан, ешқандай тұлғалық өзгеріске 
ұшырамайды, яғни оларға ешбір қосымша жалғанбайды. Ал дер-
бес сан атауын білдіретін 
бес, он, отыз сөздері осы тұлғада келіп, 
септік, көптік, тəуелдік жəне жіктік жалғауларын қабылдау арқылы 
тұлғалық өзгеріске түсе алады. Мысалы:
 бестің, бесті, беске, бес-
тен, бестер, (сенің) бесің, (мен) беспін, т.б. Есептік сан есімдердің 
бұлайша түрленуі олардың заттануымен байланысты жүзеге асады. 
Реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық 
реті мен жүйесін, орын тəртібін білдіреді. А. Байтұрсынұлы есептік 
сияқты реттік сан есімнің де үлкендете саналатын ерекшелігіне 
назар аударады. Мысалы: 
он бірінші дегенде əуелі он, сосын 
бірінші сан есімі айтылады. Реттікпен саналғанда да, есептікпен 
саналғандай айтылып келіп, ең соңғы сөздің аяғына 
-ншы жұрнағы 
жалғанады. Сан есімнің бұл түрі дара жəне күрделі есептік сан 
есімдерге 
-ыншы/ -інші, -ншы/ -нші жұрнақтарының жалғануы 
арқылы жасалады. Ғалым Ы. Маманов сан есімдерді семантика-
морфологиялық жағынан топтастыруда тілдің сөздік құрамына 
енетін түбір сан есімдер де, грамматикалық формалар да, сан есімнің 
шылау сөздермен тіркесі де жүйесіз түрде, тек мағынаны сүйеу етіп 
топтастырылғанын атап көрсете отырып, оқулықтарда есептік жəне 
реттік сан есімдердің тең праволы семантикалық топтар ретінде 
түсіндірілетінін, бірақ, дұрысында,
 -ыншы/ -інші – сан есімнің фор-
ма тудырушы қосымшасы, ал осы қосымша жалғанған сан есімдерді 
сан есімнің реттік формасы деп тану керектігі туралы тұжырым 
жасайды. Оған 
-ншы/ -нші қосымшасының сан есімге түгелдей 
жалғанып, грамматикалық абстракция жасауын жəне өзі жалғанған 
сөзінің лексикалық мағынасын өзгертпей, тек грамматикалық 


64
(реттік) мағына үстейтіндігін негіз етеді. Яғни, сан есімнің реттік 
формасын (
бірінші, екінші, т.б.) етістіктің есімше, көсемше форма-
лары, сын есімнің шырай формалары тəрізді солармен тең құқықты 
грамматикалық форма ретінде қарауды ұсынады.
Түркі тілдерінде реттік сан есімдердің
-нчы/ -нчі, -мэш (э), -(ы) 
мчы, - (и) мчи тəрізді бірнеше қосымшалары бар. Бұлардың ішінде 
ең өнімдісі – осы 
-ншы/ -інші жұрнағы. Морфологиялық құрамы 
жағынан реттік сан есімдер де дара жəне күрделі болып бөлінеді. 
Сөйлемде санның ретін білдіргенде ешқандай түрлену жүйесіне 
түспейді, бірақ заттанған жағдайда көптік, септік, тəуелдік жəне 
жіктік жалғауларын қабылдайды. Мысалы: 
біріншіге, алтыншылар, 
бесіншімін, екіншім, т.б. 
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап 
көрсететін сан есімдер жинақтық сан есімдер деп аталады. 
Жинақтық сан есімдер есептік сан есімге
 -ау/-еу жұрнақтарының 
жалғануы арқылы жасалады. Сан есімнің басқа түрлеріне қарағанда, 
жинақтық сан есімдердің мағынасында заттық мағына, яғни 
абстрактілі сан атауы басымдау болғандықтан, сан есімнің бұл 
түрі сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың барлығымен 
түрленуге бейім келеді. Мысалы: 
алтаудың, жетеуі, төртеуміз 
т.б. Жинақтық сан есімдердің заттың санын жинақтап көрсетумен 
қатар жинақтық мəнді абстрактілі сан атауын да білдіруі сан есімнің 
аталған тобының өзіндік ерекшелігін танытады. Мысалы: біреу, екеу 
жинақтық сан есімдерінде əрі жинақтау, əрі сандық атау мағынасы 
бар. Бұл жағынан жинақтық сан есімдер есептік сан есімдерге ұқ-
сас болады. Ғалым А. Байтұрсынұлы жинақтық сан есімдерді «зат 
есімдерге тіркелмей сөйленетіндігінен басқарақ айтылады» деп, 
есептік сан есімдердің бір түрі ретінде қарастырады. Осы ерекшелік, 
яғни зат есімге тіркеспей, зат есімсіз қолданылуы жинақтық сан 
есімдерді сан есімнің басқа түрлерінен ажырататын басты белгісінің 
бірі ретінде сипатталады. Сонымен қатар олар тілімізде небары 
жеті санына дейінгі сандарды қамтиды. Тек дара туынды түрде ғана 
қолданылады. 
Топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың өзара теңбе-тең 
сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Топтық сан есімдер 
есептік жəне жинақтық сан есімдерге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет