Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет47/76
Дата15.02.2024
өлшемі457.37 Kb.
#491869
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967.
2.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991.
3.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007. 
4.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992. 
5.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999. 
6.
Əбуханов Ғ. Қазақ тілі – Алматы, 1982. 
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Үстеудің сөз табы ретіндегі ерекшелігі.
2. Үстеудің басқа сөз таптарымен арақатынасы.
3. Үстеу сөз табының грамматикалық ерекшелігі.
4. Үстеудің мағыналық топтары.
5. Мезгіл үстеулері, жасалуы, ерекшелігі.
6. Мекен үстеулері, құрамы, ерекшелігі.
7. Мөлшер үстеулері, құрамы, ерекшелігі.
8. Сын-бейне үстеулері, құрамы, ерекшелігі.
9. Күшейту үстеулері, құрамы, ерекшелігі.
10. Мақсат үстеулері, құрамы, ерекшелігі.
11. Топтау үстеулері, ерекшелігі, құрамы.
12. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.


104
12. Еліктеу сөздер
Еліктеу сөздер – қоршаған ортадағы əртүрлі дыбыстарға еліктеу, 
айналадағы əртүрлі заттардың өзара қақтығысуынан шыққан немесе 
қимыл-қозғалысты түрліше сипаттау негізінде қалыптасқан, басқа 
сөз таптарынан семантикалық, фонетика-морфологиялық жəне 
грамматикалық жағынан ерекшеленетін сөз табы. Еліктеу сөздердің 
сөз табы ретінде қалыптасу тарихы одағайлармен байланысты. 
А. Бай тұрсынов одағайларды ілездік, одағай, еліктеу одағай жəне 
шақырыс одағай тəрізді үш топқа бөліп, еліктеу сөздерді ілездік 
жəне еліктеу одағайларының ішінде қарастырады. Ғалымның 
анықтауынша, 
лап, жалт, жұлт, шап, зып, сып, күмп, дүрс, бырт, 
кілт, тырс, дүңк, т.б. ілездік одағайы, шыр-шыр, быр-быр, сықыр-
сықыр, былдыр-былдыр, т.б. еліктеу одағайлары. Ал Қ. Жұбанов 
«жалт-жұлт», «жылт-жылт» деген сөздерді құбылыстың тұрақты, 
тұрақсыздығын, бір қалыпта болатынын-болмайтынын білдіретін 
қолданыстар ретінде түсіндіріп, одағай мен еліктеу сөздердің 
аражігін бөліп көрсетеді. 
Еліктеу сөздердің жеке сөз табы ретінде бөлініп шығуы А. Ыс-
қақовтың есімімен тікелей байланысты. Ғалым қазіргі қазақ тілінде 
«еліктеу сөздер» деген өзгеше бір сөздердің тобы бар екенін со-
нау 1948 жылдардың өзінде-ақ айтып, кейіннен еліктеу сөздерді 
грамматиканың құрамына ендірді. Одан əрі еліктеу сөздер Ш. Са-
рыбаев, Б. Катембаева тəрізді ғалымдардың еңбектерінде зерттеу 
нысанына алынып, дербес сөз табы ретіндегі белгілері, мағынасы, 
қызметі, морфологиялық құрамы анықталды. Сонымен табиғатта 
ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен 
қақтығысуынан немесе дыбыстау мүшелерінен шығатын əрқилы 
дыбыстарға еліктеуден, сондай-ақ сол құбылыстар мен заттардың, 
адамдар мен жан-жануарлардың сыртқы сипаты мен қимыл-əрекет, 
қозғалыстарының түрлі көріністерін бейнелеу нəтижесінде пайда 
болған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Еліктеу сөздерге қатысты 
А. Ысқақов «мимема» ұғымын қолданады. Ғ. Əбуханов еліктеу 
сөздерді өзге сөз таптарына мағыналық жағынан да, морфологиялық 
белгілері жағынан да ұқсамайтын, күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде 
де, жазба əдеби тілде де кеңінен қолданылатын сөз табы ретінде 
қарастырса, А. Ысқақов оларды семантикалық, грамматикалық сыр-
сипатымен қатар, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да 
ерекшеленетін дербес сөз табы деп көрсетеді. 


105
Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан семантикасы, дыбыстық 
құрамы жəне морфологиялық сипаты жағынан ерекшеленеді. Се-
мантикалық жағынан еліктеу сөздер табиғатта ұшырасатын əр алу-
ан дыбыстар мен табиғи көріністің бейнелерін сипаттайды. Соның 
негізінде еліктеу сөздер мағынасы жағынан еліктеуіш сөздер жəне 
бейнелеуіш сөздер болып екі топқа бөлінеді. Бұлардың арасындағы 
басты айырмашылық: еліктеуіш сөздер есту мүшелері арқылы пайда 
болса, бейнелеуіш сөздер көру мүшелері арқылы пайда болады. 
Табиғат құбылыстары мен айналадағы заттардың қозғалысынан 
шыққан дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер 
деп аталады. Еліктеуіш сөздер мынадай дыбыстардың негізінде 
пайда болады: 1) Табиғаттың əртүрлі құбылыстары: желдің гуілі, 
найзағайдың жарқылы, жапырақтың сыбдыры, судың сылдыры, 
сарқырауы, т.б.; 2) Айналадағы заттардың бір-біріне соқтығысуынан 
немесе бір орыннан екінші орынға қозғалуынан шыққан дыбыстар; 
3) Аң-құс, жан-жануарлардың дауыстары; 4) Адамның дыбыстау 
мүшелерінен шыққан дыбыстар, т.б. Еліктеуіш сөздерге
 арс, гүрс, 
тарс-тұрс, сырт, шаңқ, қыңқ, күңк, гу, шатыр-шұтыр, бұрқ-бұрқ, 
бұрқ-сарқ, қарқ, шыр-шыр, бырс-бырс, салдыр-гүлдір, ызың-ызың
т.б. əртүрлі дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер жатады. 
Табиғаттағы, айналадағы заттардың сыртқы бейнесін, қимыл-
қозғалысын жəне олардың жүзеге асу сипатын көзбен көру арқылы 
пайда болған түсінік атаулары бейнелеуіш сөздер деп аталады. 
Бейнелеуіш сөздерге 
қалт, кілт, балпаң-барпаң, ербең, жалп, жалт, 
шап, лап, сумаң-сумаң, жалп-жалп, жапұр-жұпыр, маң-маң т.б. 
сөздер жатады. «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) бейнелеуіш 
сөздерді мағынасына қарай мынадай екі топқа бөледі: 1) қимыл 
процесінің бейне-сипатын бейнелейтін сөздер: 
алшаң, митің-митің 
т.б.; 2) адамның, заттың сыртқы тұлғасын, пішінінің күйін көрсетеді: 
дал-дал, өрім-өрім, дода-дода, арса-арса т.б. Ғалым Н.Оралбай 
бейнелеуіш сөздердің мағынасындағы мынадай ерекшеліктерді 
анықтайды: 1) заттардың түрлі сыртқы бейнесін білдіреді: 
салаң-
салаң, жалба-жұлба т.б.; 2) қимылдың сипатын білдіреді: митың-
митың, томпаң-томпаң т.б.; 3) табиғи құбылысты сипаттайды: 
жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, жалп-жалп т.б.; 4) жанды заттардың ды-
бысын, қалпын сипаттайды: 
шұнаң-шұнаң, пырт-пырт,  т.б.; 5) жан-
сыз заттардың бейнесін суреттейді: 
ойқаң-тойқаң, ақыр-шақыр, т.б. 
Еліктеу сөздердің дыбыстық ерекшеліктері олардың дыбыстық 
құрамы, буын жігі жəне айтылу ырғағымен анықталады. Дыбыстық 


106
құрамы жағынан еліктеу сөздердің қалыптасқан орнықты 
жүйесі бар. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамындағы дауысты 
дыбыстардың алмасуы олардың мағынасына да əсер етеді. Мыса-
лы: 
тарс-тарс, тырс-тырс, тарс-тұрс; шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, 
шіңк-шіңк деген еліктеулердің дыбыстық құрамындағы өзгерістер 
сипатталып отырған құбылыстың дыбыстық жағынан түрліше 
қабылданатындығын білдіріп тұр. Осы тұрғыдан алғанда, еліктеу 
сөздердің құрамындағы дыбыстық алмасулардың сөз мағынасына 
əсері морфонологиялық тұрғыдан емес, фонетика-семантикалық 
тұрғыдан қарастырылады. 
Еліктеу сөздер буын жігіне қарай бір, екі жəне үш буынды болып 
бөлінеді. Оның ішінде бір буынды еліктеулер таза еліктеу сөздердің 
өзінен жасалса, екі буындылар еліктеу сөздерден, ал үш буындылар 
басқа сөз таптарынан жасалады. Еліктеу сөздердің құрамындағы 
дауысты, дауыссыз дыбыстар адамның көңіл-күйі мен эмоциясы-
на байланысты əртүрлі ырғақпен айтылады. Мысалы, 
шыр-шырр, 
сарт-саарт, дар-дарр, баж-бажж т.с.с.
Морфологиялық құрылысына қарай еліктеу сөздер жалаң жəне 
күрделі болып бөлінеді. Жалаң еліктеу сөздер негізгі жəне туынды 
еліктеу сөздерден, ал күрделі еліктеу сөздер туынды еліктеу сөздердің 
қосарлануы не қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: 
гүрс, тарс, 
жарқ, жалп, сылқ, елпең, жалбаң, қараң, созалаң, бұралаң, т.б. – 
жалаң еліктеу сөздер,
арс-арс, сарт-сұрт, қараң-құраң, тарс-тұрс, 
жарқ-жұрқ, зыр-зыр, қорбаң-қорбаң, арса-арса, жалбаң-жалбаң, 
т.б. – күрделі еліктеу сөздер.
Еліктеу сөздерді қосарлап айту еліктелетін дыбыстың не-
месе бейнеленетін қимылдың əртүрлі қалпын білдірсе: 
сарт-
сұрт, бұрқ-сарқ, тарс-тұрс, шарт-шұрт, т.б., қайталап айту 
еліктелетін дыбыстың немесе бейнеленетін қимылдың бірнеше 
дүркін қайталанғанын білдіреді: 
гүрс-гүрс, жарқ-жарқ, т.б. Еліктеу 
сөздер негізгі мағынасында көптік, септік, тəуелдік жəне жіктік 
жалғауларын қабылдамайды, яғни түрлену жүйесіне түспейді. 
Синтаксистік тұрғыдан еліктеу сөздер зат есім жəне етістіктермен 
тіркеседі. Мысалы: 
сарт-сұрт соққы, шарт-шұрт шапалақ, 
саңқ-саңқ дауыс, саңқ-саңқ сөйледі, жарқ-жұрқ етті, селк етті, 
жалт қарады, қалт тоқтады, кілт бұрылды, т.б. Бірақ аталған 
сөз таптарымен тіркесімділік сипаты бірдей емес. Зат есімдерге 
қарағанда, еліктеу сөздер етістіктермен тіркесуге бейім болып 
келеді. Етістіктермен тіркесу қабілетінде, басқа етістіктермен 


107
салыстырғанда, ет көмекші етістігімен еркін тіркесе береді. Зат 
есім, етістік сөздермен тіркесуі нəтижесінде еліктеу сөздер сөйлемде 
анықтауыш, пысықтауыш, құранды мүше құрамында баяндауыш, 
заттанған жағдайда бастауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет