Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет54/76
Дата15.02.2024
өлшемі457.37 Kb.
#491869
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

білем, көрінеді, керек сөздері бірте-
бірте грамматикалану нəтижесінде модальдік мағынаға ие болып, 
етістіктен модаль сөздерге ауысқан. Сонымен 
қатар мүмкін, ша-
масы, рас, əрине, бəлкім сөздері де қызметі мен тұлғасы жағынан 
қыстырма сөз болғанымен, мағыналық ерекшелігі жағынан мо-
даль сөздерге жақын. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық 
сипатындағы мұндай ерекшеліктер олардың өзі қалыптасқан сөз 
таптарымен омонимдік сипатта қолданылуына да əсер етеді. Мыса-
лы: 
мен оны жақсы білем, алыстан бір қара көрінеді, маған кітап 
керек, ойыңнан бəрін шығар деген сөйлемдердегі білем, көрінеді, ке-
рек, шығар сөздері етістік болса, хабарды естіген білем, жарысқа 
қатысатын көрінеді, білмей қалса керек, ендігі келген шығар де-
ген сөйлемдердегі 
білем, көрінеді, керек, шығар сөздері модаль сөз 
ретінде қолданылып, модаль сөздер мен етістіктер омонимдес бо-
лып тұр.
Модаль сөздер мағынасы жағынан бірнеше топқа бөлінеді. 
«Қазақ грамматикасында» олардың мынадай топтары көрсетіледі:
1) болжал мəнді модаль сөздер: 
сияқты, мүмкін, шамасы, əлпеті, 
болар, шығар, білем, тəрізі, т.б.; 2) міндеттілік мəнді модаль сөздер: 
қажет, керек, тиіс, лазым, -у керек, -у тиіс, -мақ керек, т.б.; 
3) біреудің сөзі не дерек негізінде айтылатын модаль сөздер қазақ 
тілінде де тұлғасының қатысуымен жасалады: 
деп естиміз, деп 


122
айтады, деп айтқан, дейді, т.б.; 4) қостау (растау) мəнді модаль 
сөздер: 
рас, расында, шынында, анығында, т.б.; 5) қалау (тілек) 
мəнді модаль сөздер: 
-са/-се екен, -са/-се деймін, т.с.с.; 6) күмəн 
(күдік) ұғымын білдіретін модаль сөздер: 
-ар ма екен, -са неғылсын, 
кім біледіт.б.; 
7) сөйлемде айтылған хабардың ақиқатына көзі жеткендікті 
білдіретін модаль сөздер:
екен, көрінеді, т.б.; 8) нық сенімділікті 
білдіретін модаль сөздер:
 əрине, əлбетте.
Қазақ тіліндегі модаль сөздер қолданылу ерекшелігіне қарай 
үш топқа бөлінеді: 1) тек синтаксистік қыстырма мүше ретінде 
қолданылатын модаль сөздер: 
əлпеті, шамасы, асылы, кім біледі, шы-
нында, расында, бəлкім, əрине, əлбетте, т.с.с; 2) тек баяндауыштың 
құрамында көмекші мүше ретінде қолданылатын модаль сөздер:
 -у 
керек, -мақ/-мек керек, -са/-се керек, -уы ықтимал, -уы тиіс, -ты/-
ті білем, -ған/-ген білем, т.б.; 3) əрі синтаксистік қыстырма мүше, 
əрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында қолданылатын модаль 
сөз: 
мүмкін, -уы/-уі мүмкін. 
Сонымен, модаль сөздер – семантикалық сипаты жағынан 
сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны туралы өзіндік əртүрлі 
көзқарасын білдіретін, шығу, даму жолдары анықталған, 
лексика-грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз таптарынан, 
етістіктерден, көмекші жəне қыстырма сөздерден грамматикалану 
жолымен қалыптасқан, өзі қатысты кейбір сөздермен омонимдік 
сипатта болатын жəне сөйлемнің əр шеніндегі (позициясында) 
қолданылысымен ерекшеленетін сөз табының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет