125
бен шырайды көрмеген соң, енді Абай да Жиренше кеткеннен кейін,
біраздан
соң ақырын сусып, тысқа шықты (М. Əуезов). Енді, міне,
осынау жапан түзде жалғыз тұрған қараша үйдің ішінде шошайып
отырып, соның бəрін ой елегінен өткізді. Дəурені өтіп бара жатқан
қоңыр күздің сарабдал реңі қазір Ршыманның көңіл күйіне де сан
қилы сес беріп келеді (А. Сейдімбек).
2. Морфологиялық талдау арқылы грамматикалық мағынаның
түрлері мен берілу жолдарын түсіндіріңіздер.
Бұл уақытта
Жиренше соңғы атқа шідер салып, отқа жіберіп
жатыр екен. Абай əкесінің жаңағы «дарға асу» деген жердегі аяз-
дай суық пішінін еске алды. Енді көңілі де айығып, бұрынғы
балалық шаттығын да, ойын-ермегін де тапса керек. Қызылшоқыдан
Шыңғысқа қарай тартатын
көш соқпақтың сол жағында, жағада бір
жалғыз төбе бар еді (М. Əуезов). Түнде түскен күзгі боқыраудың
қырбығы қазір көз жасындай мөлтілдеп, табиғаттың сабыр күйімен
жарасым тапқан. Жапырақ біткен ақ сары,
қан қызыл, қара көк
түсімен тершіп, болмашы діріл қақса болды, жарқ-жұрқ сəуле ша-
шады (А. Сейдімбек).
3. Грамматикалық форманың грамматикалық мағынамен ара-
қатынасын анықтап, нөлдік форма арқылы берілген грамматика лық
мағынаны табыңыздар.
Құдайберді
арғы шеткі көшке жеткенше, Құнанбай қасына
жиырма-отыз аттылар жиылып қалды. Қора басына пішендерін
тасу, тоңын аудару, қыс жағатын қиларын қалап алу, мал қораның
жыртық-тесігін бүтіндеу, үй сылау, пеш түзету сияқты істері –
қыстық мекені бар елдердің бəрінің де тегіс жұмылған науқаны.
Үркімбай
босағаннан кейін, олар жосытып шапқылап, тау асып
кетті (М. Əуезов). Көк жүзі жалтыр ашық. Тек қана шығыс аспанын-
да жұқалап тартқан ақ түбіттей болар-болмас шарбы бұлт білінеді.
Мол етіп отын үйдік. Жұрт қолына қару алып,
астына машина мініп,
киікті қойша қайырып жүріп атқанда, көк бақа ешкі-лақтарын жа-
зым етіп жатады (А. Сейдімбек).
Достарыңызбен бөлісу: