12
Экстенсивті оқылым – үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды (роман,
әңгіме) оқу.
Интенсивті оқылым – мәтіндегі сөйлемдердің грамматикалық құрылымын, белгілі
бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін оқу. Мұндағы мақсат оқушылардың
тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру.
Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану
• Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым,
тыңдалым) өз ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде
қолдану оңайға түседі. Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға
түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс.
• Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру
мақсатында сабақтың
кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен
немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар
миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар,
сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу,
кейін оқып болған соң
салыстыру.
• Сонымен қатар мәтін оқушылардың
жасына,
тілдік деңгейіне сай дұрыс
таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін
оқушылардың тілге деген
қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі
болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.
• Оқылымға арналған сабақ құрылымы төмендегідей:
Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар,
сөздерді алдын ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар
(сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса,
кейінгі
жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға
байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген
жаңа сөздерді,
мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы
қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз
көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.
Оқылым дағдысына арналған сабақ үлгісі:
Достарыңызбен бөлісу: