зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны
дәлелденді. Мұнда дағды мен біліктіліктің калыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де
(беріктігі,
саналылығы, жинақтылығы т.б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін
ұйымдастыруға байланысты екені кӛрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік
мүғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар
қойылады? Олардың негізгілерін атап ӛтелік:
1)
ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны
қалыптастырудың ӛзі
балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен
ӛздігінен орындауға кіріседі; 2)
әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы
кӛргенін орындайды, бірақ бұл ӛлі сырткы, материалдық формада (мысалы, оқушының
таяқша салуға кірісуі:
басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл денесін бір жағына
қисайтып, шынтағын кӛтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы); 3)
әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сӛйлеп отырады). Бұл
кезенде күрделі әрекеттер бӛліп-бӛліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір
әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бӛліп-бӛліп жазып жаттығады); 4)
әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы үйренеді,
әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі.
Бұл сатыда бірқатар артық
қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 5)
дағды мен біліктіліктің толық
қалыптасып бітуі оны басқа ситуацияларда ӛздіктерінен қолдана алуларынан кӛрінеді.
Оқыту мен тәрбие, жеке тұлғаның дамуы — бір-бірінен
ажыратуға келмейтін, тұтас
бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің ӛзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: