Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет11/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

 
№6 дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі – бастауыш сыныптың негізгі оқу пәндерінің бірі 
Дәріс мазмұны:
Қазақ тілінің мектепте білім беру жүйесіндегі маңызы. Қазақ тілі пәнінің білімдік, 
тәрбиелілік, дамытушылық мәні. Бастауыш білім берудің базалық пәнінің бірі – қазақ тілі.  
«Қазақ тілі» пәні – білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын 
аса маңызда пәндердің бірі болып табылады. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы 
оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және ӛз ойын еркін, дұрыс жеткізе 
білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен 
айқындалады. Ӛйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және 
кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты. 
Ал «орта білім мазмұнын жаңарту аясында жасалған «Қазақ тілі» оқу 
бағдарламасында» қазақ тілі пәнінің бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің 
бастапқы ӛзегі болып табылатынын айта келе, «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – 
оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту, сӛздің құдіреті мен әсемдігін түсініп, 
тілдік құралдар арқылы қарым қатынас жасау әрекеттерін меңгерту, жазбаша 
сауаттылығы мен ауызша сӛйлеу дағдыларын сабақтастыра қалыптастыру», - делінген. 
Ӛйткені бастауыш сыныпта тілді жақсы меңгеру барлық пәндер бойынша жетістікке 
жетудің алғышарты. Ал оқытудың басты міндеттерінде: тілдік дағдыларды (айтылым, 
тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту, қарым қатынас жасаудың әр алуан түрлерін 
мақсатты түрде қолдануға, ӛз ойын зерделеуге, ауызша және жазбаша мәтіндерге сүйене 
отырып, ӛзіндік пайымдау жасауға үйрету бағыттары қарастырылады. Сондай-ақ, оқу 
бағдарламасының мазмұны оқушының сӛйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-
қатынас жағдайында тілді еркін игеруге қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер 
мен дағдыларға бағытталған. Бағдарламада: «Қазақ тілі» пәні оқушылардың оқу және 
болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, 
жылдам ӛзгеріп жатқан ӛмірге бейімделе алуына, ӛз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр 
түрлі ақпарат кӛздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне 
кӛмектеседі» деп қазақ тілін оқытуда коммуникативтік білік-дағдыларын маңыздылығына 
мән береді. «Қазақ тілі» пәнінің басты бағыты – тіл арқылы оқушының ақыл-ой қабілеті 
мен тілдік эстетикалық талғамының дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, 
коммуникативтік дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, 


ӛздігінен білім алуына мүдделілік туғызу. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда негізгі басымдылық 
коммуникативтік дағдыларды, сӛйлеу әрекетінің тӛрт түрін – тыңдалым, айтылым, 
оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау 
дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, ӛздігінен білім алуына 
мүдделілік туғызу. Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі – қазақ 
республикасының мемлекеттік тілі, ол ӛнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің 
және қоғамдық-саяси ӛмірдің барлык саласын қамтып кӛрсететін бай лексикасымен, 
қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (кӛркем сӛз стилі, 
ғылыми стиль, публицистикалық стиль және т.б.) сипатталады. 
Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс? 
Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша 
және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру 
шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сӛйлеуге үйренеді.
2. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын 
сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі – тарих шекарасынан 
әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани ӛмірінің еш уақытга солмайтын және 
ӛмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі – 
барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің ӛлеңінде, әндерінде..." деп кӛрсеткен болатын. 
Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. 
Ӛйткені ана тілінде оқу-жазуға дағылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол 
ашылады. Бұл жӛнінде де ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық меңгермеген бала 
тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық 
бір есепті ӛз сӛзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа 
пӛндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін ӛзіне жинақтайтын басты, ӛзекті 
пән екені енді түсінікті емес пе?" деген болатын. Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, 
еңбекке, патриотгық рухқа тәрбиеленеді. Құндылықтар негізінде тәрбиелеу сабақ 
барысында қалыптастырушы тапсырмалардың мазмұны арқылы іске асырылады. 
Оқушылардың бойына қазақ тілі мен мәдениетіне, қазақ тарихы, салт-дәстүрі мен 
әдет-ғұрпына, ӛзгелердің мәдениеті мен кӛзқарастарына құрметпен қарай білу, рухани-
мәдени мұраларды қастерлеу, айналадағыларға қамқорлық кӛрсету, достық, тӛзімділік, 
жауапкершілік сияқты ұлттық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыру жаңартылған 
оқулықтарда арнайы лексикалық тақырыптарда міндеттелген. Мәселен, бастауыш 
сыныптың 2-сыныбына арналған Қазақ тілі оқулығында мынадай тәрбиелік бағыттарда 
лексикалық тақырыптар беріледі: «Менің ана тілім – қазақ тілі», «Менің отбасым және 
достарым», «Менің мектебім», «Менің туған ӛлкем», «Дені саудың – жаны сау», «Салт-
дәстүр мен ауыз әдебиеті», «Қоршаған орта». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет