игерген білімдерін ӛзіндік бақылау жүйесінен тұрады. Оқулықта оқушының оқу
материалымен істелетін жұмыстарды белгілі тәртіппен орындау жӛнінде нұсқау берілген.
Оқулық қатаң түрде
бағдарлама бойынша жазылған, яғни оқулықтағы синтаксис
материалдарының оқытылу жайы осы құжат бойынша анықталған. Осыған орай Қазақ тілі
оқулығын бағалауда пәнді оқып-үйренудің бағдарламада тұжырымдалған жалпы мақсаты,
пәннің тәрбиелік жағынан қамтылуы, ғылымның практикамен байланысын кӛрсететін
материалдың
бар-жоғы, бағдарламада кӛрсетілген материалдардың оқулыққа кірген-
кірмегені, бағдарлама бойынша оқу материалын баяндаудың бірізділігі мен белгіленген
кӛлемнің сақталған-сақталмағаны тәрізді мазмұндық
және әдістемелік тұтастықты
білдіретін шарттар негізге алынған.
Мәтінмен жұмыс істеудің сапалы да тиімді әдістері кӛп ретте синтаксисті түсіндіру
барысында мол байқалады. Оның ішінде, әсіресе, сӛйлем, сӛйлем мүшелері туралы түсінік
беру барысында мәтіннің табиғатын таныту әдістері молаяды.
―Сӛйлем мүшелері‖ тақырыбында, оның ішінде ―Тұрлаулы мүшелер‖, ―Тұрлаусыз
мүшелер‖, ―Сӛйлем мүшелерінің байланысы‖, ―Сӛйлемнің бірыңғай мүшелері‖,
―Қыстырма сӛздер‖, ―Қаратпа сӛздер‖ тақырыптарын оқыту барысында олардың қызметі –
мәтін құрумен байланысты танытылуы керек. Ол үшін оқулықта берілген жаттығу
мәтіндері
талданып, арнайы жаттығулар іріктеледі.
Сӛйлемнің бірыңғай мүшелері тақырыбын оқыту барысында тек даяр мәтіннен
бірыңғай мүшелерді тапқызып қоймай, олардың бірыңғай мүше екенін дәлелдету арқылы
пайымдау мәтінін құруды меңгерту керек. Ол үшін оқушыларға, алдымен, дәлелдеу үлгісі
беріледі:
Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала барды деген сөйлемдегі күрек, сүймен,
Достарыңызбен бөлісу: