топырақ ортасы реакциясының ыңғайлылығы, топырақ сіңіру
кешенінің
кальций катионына қанық болуы, топырақтың
ауамен қамтамасыз етіліп, оның тотығу-тотықсыздану мүмкін-
дігінің мол болуы, зиянды суға еритін тұздардың неғұрлым аз
болуы жатады;
3. Топырақтың биологиялық қасиеттеріне: микробиоло-
гиялық белсенділіктің жоғарылығы негізінен бактериялардың
басым, сонымен қатар ауадан азот жинаушы микроорганизм-
дердің, биологиялық белсенді ферменттерді шығаратын микро-
организмдердің, топырақ құрлымына және оны қопсытуға әсер
ететін төменгі сатылы жәндіктердің болуы;
4. Бүкіл өсімдіктердің өсіп-өнуі мезгілінде гидротермика-
лық
режимнің болуы, яғни өсімдіктерді қажетті ылғал мен
жылумен қамтамасыз ету.
Осы көрсеткіштердің қосындысы топырақтың құнарлылы-
ғын анықтайды. Табиғи күйінде кейбір топырақтар құнарлы-
лығының өте жоғарылығымен көзге түседі. Мұндай топырақ-
тар қатарына В.В.Докучаев «топырақ патшасы» деп атаған қа-
ратопырақтар жатады. Топырақтың табиғи күйіндегі құнарлы-
лығымен қатар оның тиімділік немесе экономикалық құнарлы-
лығы болады. Топырақ құнарлылығы адам қоғамының белсенді
араласуының нәтижесінде іске асады.
Адам егіншілік өнімін
арттыру мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп,
әртүрлі жақсарту шараларын қолданып, топырақтардың қажетті
қасиеттерін өз мұқтаждығына қарай өзгерту – адам қоғамының
ғасырлар бойы келе жатқан іс-әрекеті.
Қазақстанда ауылшаруашылығы өндірісі ТМД еледерінің
басқа бөліктеріне қарағанда қолайсыз. Жерден мол өнім алу
үшін зоналар мен зонашаларда жүргізілетін басты шаралар –
құрғақшылықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, топы-
рақты эрозиядан қорғау.
1950 жылы тың және тыңайған
жерлерді игеру жөніндегі
үкіметтің шешімі бойынша еліміздегі егістік жерлер саны ұл-
ғайды. 1956 жылы республикамыздың бүкіл егістік жер көлемі
10,6 млн гектар болса, тың игеруден кейінгі жылдары жыр-
тылған жалпы жер көлемі 36 млн гектардан асты, яғни 1953
жылға қарағанда, Қазақстанның егістік жері 3,4 есе көбейген.
«Иелі жер – киелі » деген сөз бар. Мекен етіп отырған
жеріміздің тазалығы, одан дұрыс өнім алу өзімізге байланысты.
Қай жеріміз егіншілікке жарамды,
қай жеріміз мал шаруа-
шылығына, табиғи күйінде сақталатын жерлер қайсы, оны адам
баласы игілігі үшін дұрыс пайдалана білу, оны ұрпақтан ұр-
паққа дұрыс жеткізу адам баласының басты міндеті.
Республикамыздың экологиясы бұзылған жерлерді қал-
пына келтіру, құрғақ, шөлді жерді суару, сортаң жерлерді ме-
лиорациялау тағы басқа шаралардан бастау керек. Республи-
камыздың экологиялық дағдарысқа
ұшыраған негізгі аймақта-
рын қолға алып, тиісті шаралар жүргізу керек. Сонда ғана
Қазақстанда ауылшаруашылық өндірістер қарқынды, нәтижелі
жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: