Қазақстан республикасы білім және ғылым


VII. IV Таулы аймақтардың топырақтары



Pdf көрінісі
бет100/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
VII. IV Таулы аймақтардың топырақтары 
Қазақстан территориясының 10%-ға жуығын таулы 
аудандар алып жатыр және олар әртүрлі топырақтардан тұрады. 
Климаты. Тауда әр 100 м көтерілген сайын орташа 
температура 0,5
0
С-қа төмендейді, қысым да төмендеп, ауа 
ылғалдылығы мен жауын-шашын мөлшері біраз көбейеді. 
Климат таулардың етегіндегі субтропикалық белдеуден қар 
жатқан биіктіктердегі арктикалық белдеуге дейін ауысады. 
Климаттың өзгеруі ашық тау жыныстары мен минералдардың 
бұзылу жағдайын да өзгертеді. Нәтижесінде, мұнда механика-
лық құрамы және су - физикалық қасиеттері бойынша әртүрлі 
шөгінділер пайда болады. Таудағы пайда болған шөгінділерге 
байланысты, әртүрлі өсімдіктер формациялары мен микроағза-
лардың таралуы жүреді. 
Таудағы өсімдік құрамы зоналарға бөлінеді, мысалы 
Алатаудың төменгі бөліктерінде шөл өсімдіктері өссе, жоғары-
лаған сайын оларды далалық өсімдіктер ауыстырады, оларды 
жалпақжапырақты ормандар, қылқанжапырақты ормандар ауыс-
тырады. Олардан да жоғары мәңгі қарларға ауысатын альпі 
шалғындары орналасады. 


Топырақтардың вертикаль горизонттары. Климаттың 
ауысу заңдылықтарын, өсімдіктер мен топырақтың өзгеруі мен 
бұзылу типтерін және топырақ түзілуі бойынша ең алғашқы 
зерттеулерді В.В. Докучаев жүргізді. Ол Кавказ топырақтарын 
зерттеу барысында таудағы топырақтардың жалпы вертикаль 
зоналық заңдылықтарын белгіледі. 
Таулы аудандарда климаттың континенталдығы мен 
биіктікке байланысты топырақ зоналарының саны да әртүрлі 
болуы мүмкін және ол тау тізбектері мен жүйелерінің орнала-
суына, жел соғу бағыттарына, теңіздер мен мұхиттардан арақа-
шықтығына тәуелді. Дегенмен тау топырақтарына ортақ бір ғана 
заң – ол барлық таулы аудандарда вертикаль белдеулер заңды-
лықтарының болуы. 
Топырақтардың таудағы вертикаль белдеулері ендік зона-
лықты қайталайды. Тау жүйелерінің вертикаль зоналардың не-
гізгі топырақтары альпі мен субальпі және орман топырақтары. 
Тау шалғындары топырақтары альпі және субальпі шал-
ғындары астында пайда болады. Жауын-шашынның көп мөл-
шері, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, қалың өсімдік жамылғысы 
топырақтарда органикалық заттардың жиналуына септігін 
тигізді. Термикалық бұзылудың басым болуы майда, күшті қаң-
қалы топырақтардың пайда болуына жағдай жасайды. Олар мы-
надай горизонттардан тұрады: А
1
– құба түсті, көбінесе шым-
тезектелген шым; А

– күңгірт-сұр қуысты, құрылымы ұнтақты 
дән тәріздес, қалыңдығы 50 см-ге дейін; В – өтпелі, күшті 
қаңқалы, бұзылу қабықшасына өтетін қабат. 
Тау шалғындары топырақтарында 8-ден 20%-ға дейін 
қарашірік бар, негізінде күлгінденбеген. 
Орал таулары бірнеше топырақ – климаттық зоналарды 
кесіп өтіп, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Таулардың 
аса биік еместігінен вертикаль зоналық әр кезде байқалмайды. 
Тундра аймағында орналасқан Солтүстік Оралда таулы-тундра-
лы топырақтар басым. Орталық Орал орманды зонада орналас-
қан. Беткейлердің көп бөлігінде қышқылды, күлгінденбеген, 
әртүрлі дәрежеде глейленген орман топырақтары таралған, тек 
1000 м-ден жоғарыда ғана оңтүстікке қарай субальпі шалғын-
дарына ауысатын таулы – тундралы топырақтардың жекелеген 


бөліктері кездеседі. Оңтүстік Орал тауының төменгі бөлігінде, 
жалпақ жапырақты орманның астында таудың сұр орман то-
пырақтарымен ауысатын қаратопырақтар қалыптасады. Таудың 
жоғарғы жағында, 1000 м биікте таудың шалғынды шымды 
топырақтары орналасқан. 
Орта Азия тауларының теңіз бен мұхиттардан шалғай-
лығы, климаттың континенталды, құрғақ болуына байланысты 
басым көпшілігінің жамылғысы күрделі далалық болып келеді, 
сондықтан шөлді-далалық топырақтар басым болады. Аңғар-
лардың төменгі бөліктерінде (300-ден 1200 м дейін) жусанды-
астық тұқымдастар астында сұр топырақтар, одан жоғарыда 
1200-ден 3200 м дейінгі тауаралық шатқалдарда таудың қара-
топырақтары, таудың күрең және құба топырақтары қалып-
тасады. 
Биік таулардағы құрғақ жазықтарда, 4 км-ден биік жерлер-
де тақыр тәріздес шөл топырақтары дамиды. 1600 – 2500 м биік-
тіктегі жақсы ылғалданған беткейлерде шалғынды-селеулі өсім-
дік жамылғысы астында қоңыр және күрең топырақтар, 2000 м-
ден биікте – қаратопырақтар, ал шыршалы, қарағайлы ормандар 
астында орман топырақтары дамыған. 2800 м-ден биікте таудың 
шалғынды шымды және шымтезекті топырақтары дамиды, 5000 
м-ден жоғарыда әр жерде таудың тундралық топырақтары 
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет