48
пен байланысты географиялық құбылыс деп санаған. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев
этностың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін атап көрсеткен, бұл «өзін басқа
адамдардың ұжымына санадан тыс «біз және олар» деп қарсы қоюды және өзіміз
және бөтендер деп бөлуді анықтайтын өзара жақсы көру, жақын тарту сезімінен
туындаған адамдардың ұжымы» деп санаған.
Этностың өмірі адамның өмірі сияқты, адамның
өлетіндігі сияқты этнос та
өледі деп санаған Л.Н.Гумилев. Ресей ғалымының бұл пікірі оның оппоненттері
тарапынан әлі күнге дейін сынға ұшырап келеді, алайда олардың өмір сүруі
бары сында этностардың әрі қарай дамуының кезеңдігі расталса, не себептен бір
қауымдастықтың орнына екінші бір қауымдастықтың келетіндігі түсінікті болады.
Кез-келген этнос өзін күрделі әлеуметтік жүйе ретінде танытады. Сондықтан
олардың бір жағынан басқа қауымдастықтарға ұқсас көптеген сипаттамалары бар,
ал екінші жағынан оны басқа қауымдастықтардан ерекшелеп тұратын көптеген
сипаттамалары бар. Этностың қалыптасуы әдетте аумақтың және экономикалық
өмірдің бір болғандығы негізінде жүргізіледі. Алайда әртүрлі тарихи себептер-
мен көшіп-қону нәтижесінде қазіргі этностардың орналасу аумағы жинақы емес,
көптеген халықтар бірнеше мемлекеттердің аумағына таралып кеткен. Қазіргі
этностардың жүйелік қасиеттерін және оларды басқалардан бөліп көрсететін
белгілерге олардың тілдері, халықтық өнерлері, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары,
мінез-құлық нормалары жатады.
Этностар дәстүрлі түрде үш типке бөлінеді:
Алғашқы типке алғашқы қауымдық құрылыс кезеңіне тән ру мен тайпалар
кіреді.
Этностың екінші типі – халықтар – әдетте құл иеленуші және феодалдық фор-
мацияларға немесе елді мекендеген және қандай да бір ұлттық-территориялық
автономиялары бар этникалық қоғамдастықтар мен топтарға байланысты болып
құрылады.
Этностың үшінші типі – ұлт – капиталдық қатынастар мен бүкіл әлемдік эко-
номикалық қатынастардың қарқындалуына байланысты қалыптасады.
Дегенмен де этностарды бөліп қарастыру Жер бетінде
тіршілік етіп жатқан
этникалық қоғамдастықтардың барлық түрлерін қамти алмайды және олардың
дамуы мен қалыптасуы өзінің соңғы кезеңінде тұр дегенді білдірмейді.
Ұлтқа қатысты қарастыратын болсақ (латынша «nation» – «ұлт»), ол – терри-
ториясы, тілі, мәдениеті, ұлттық психикалық белгілерінің ортақтығымен және
тығыз экономикалық қатынастармен сипатталатын белгілі бір түрде біріккен
үлкен әлеуметтік топ, этнос дамуының жоғарғы этапы болып табылады.
Шетелдік саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар ұлт теориясына қатысты
түрлі бағыттарды ойластыруда. Психологиялық теориялар бір тағдырмен біріккен
адамдардың мәдени-психологиялық қауымдастығына мән беруге тырысады [8].
Тарихи-экономикалық теорияларда ұлтты рулық-тайпалық
байланыстардың
жаңа уақытта дамып жатқан түрі, территориясы мен тілі ортақ болып табылатын
адамдардың қауымдастығы деп қарастырады. Бірақ ұлттық өмірдің мемлекеттік-
саяси ерекшеліктері абсолюттенетін теория да бар, ол ұлтты мемлекеттік
қауымдастыққа алып келеді. Мысалы, М.Вебер тіл, дін, салт-дәстүр бірлестігі не-
49
месе тағдыр арқылы біріккен адамдар арасында жеке мемлекеттік оқшаулыққа
ұмтылушылық басым болады деп санаған [9].
«Ұлт» ұғымы «этнос», «этникалық топ» ұғымдарына қарағанда біршама кең
әрі күрделі ұғым, себебі кез-келген ұлтқа өзін саналы түрде нақты бір ұлтқа
жатқызатын бірнеше этникалық топтардың өкілдері кіре алады.
Әйтсе де әлеуметтік-экономикалық факторлар ұлттың қалыптасуы мен даму-
ында басты рөл ойнайды. Ата-баба өсиеті, әке аманаты, бірлесу сезімі, яғни өз
руының, халқының, ұлтының, Отанының рухани
миссиясына берілген тарихи
ескерткіштер ұлттың өмір сүруінің басты белгілерінің бірі болып табылады.
Тарихи ескерткіштерді игерген адам ұрпақтардың рухани мұрасындағы өзінің
алатын орнын сезіне біледі.
Ұлттың ұлттық сана-сезім мен өзіндік сана-сезімді, ұлттық құндылықтарды,
ұлттық мүддені, ұлттық мәдениет пен тілді білдіретін ішкі мазмұнының өмір сүруі
мен ұдайы дамып отыруы ұлттың ұзақ өмір сүруінің қайнар көзі болып табылады.
Әрбір ұлтта әлеуметтік, саяси, экономикалық, адамгершілік, эстетикалық,
философиялық, діни және өзге де сенімдердің күрделі
жиынтығынан тұратын,
оның рухани дамуының белгілі бір деңгейін сипаттайтын өзіндік ұлттық сана-сезім
бар. Ұлттық сана-сезім ұзақ тарихи дамудың жемісі, ал оның орталық компоненті
ұлттық өзіндік сана-сезім болып табылады. Ұлттық сана-сезімнің құрылымына,
соңғысымен қатар басқа да элементтер кіреді, мысалы ұлттың өзінің бірлігінің
қажеттілігін, өз мүдделерін жүзеге асыру үшін тұтастық пен ұйымшыл болуды,
басқа этникалық қауымдастықтармен жақсы қарым-қатынасты қамтамасыз етудің
маңыздылығын түсінуді, өзінің материалдық және рухани құндылықтарына
ұқыпты қарауды сезіну және т.б.
Ұлттық сана теориялық және қарапайым деңгейде болады. Егер ұлттық сананың
теориялық деңгейі идеологиялық көзқарастар мен идеялар, бағдарламалар, ере-
желер мен құндылықтардан және т.б. тұратын ғылыми жағынан рәсімделген,
жүйелі, ұлттың өз тарихының даму жолында қалыптасқан, даму стратегиясын
анықтайтын конструкция болып табылса, ал ұлттық сананың қарапайым деңгейі
осы қоғамдастық мүшелерінің күнделікті өмір салтында және іс-әрекетінде көрініс
табатын қажеттіліктерінің, қызығушылықтары
мен құндылық бағдарларының,
ұстанымдары мен стереотиптерінің, сезімдері мен көңіл-күйінің, салттары мен
дәстүрлерінің жиынтығы болып табылады. Бұл компоненттер бірлескен күйде
бір-бірімен тығыз байланыста болады. Айта кету керек, қарапайым ұлттық сана
түрлі ұлтаралық келіспеушіліктер мен конфликтілердің басты психологиялық
негізі болып табылады, себебі ұлттық қате пікірлер, жағымсыз ұстанымдар, басқа
қоғамдастыққа деген шыдамсыздықтар осы қарапайым ұлттық санада қалыптасып
отырады.
Ұлттық сана-сезім ұлттық сананың ядросы бола отырып, адамдардың өзінің
белгілі бір этникалық қоғамдастыққа қатыстылығын сезінуінің нәтижесінде
қалыптасады, осы қоғамдастықтың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі алатын
орнын түсінуінің нәтижесі болып келеді. Ұлттық сана-сезім этностың жекелеген
тобының немесе толық бір ұлттың қызығушылығын көрсетуі мүмкін.
Ұлттық
сана-сезім көрінісінің негізінде этникалық идентификация (этникалық) феномені
50
жатады, яғни адамның өзін нақты бір этникалық топтың мүшесі ретінде тұрақты
түрде қабылдауының қалыптасуы жатады.
Ұлттық сана-сезімнің тарихи және мәдени детерминанттары – халықтың
тарихи өткені мен дәстүрі, оның қалыптасқан салты мен мінез-құлық нормалары,
сонымен қоса, ауызша (фольклор) және жазбаша түрдегі шығармалары, мәдениет
пен өнер ескерткіштері болып табылады. Ұлттық сана-сезім ұлттық тілсіз бола
алмайды, себебі тіл ұлттық сана-сезімнің көрініс табатын құралы және қалыптасу
құралы болып табылады. Бұлардың бәрі кез-келген ұлттың материалды және
рухани мұрасы және кез-келген ұлттың этномәдени толеранты интеллектуалды-
шығармашыл жеке тұлғасының даму көзі болып табылады.
Ұлттық сана-сезім идея, көзқарас пен ой-пікір, сезім – эмоция, көңіл-күй
арқылы көрінеді және ұлт мүшелері түсініктерінің мазмұнын, деңгейі мен ерек-
ше ліктерін: өзінің белгілі бір идентификациясын, басқа қоғамдастық өкілдерінен
айырмашылықтарын, ұлттық құндылықтары мен қызығушылықтарын, ұлт
тарихы, оның қазіргі күйі және даму перспективасы, өзінің әлеуметтік-этникалық
қоғамдастығының ішкі мемлекеттік, мемлекетаралық және ұлтаралық қатынас-
тардағы орны туралы пікірлерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: