анық. Сонымен, еру жылдамдығын арттыру үшін температура режимін өзгертуге, концентрация
айырмашылығын арттыруға, гидродинамикалық жағдайларды өзгерту арқылы шекаралық
диффузиялық қабаттың тұтқырлығы мен қалыңдығын азайтуға,
бастапқы затты ұнтақтауға,
еріткішпен жанасу бетін арттыруға болады. Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін технологиялық
процесс бумен жылытуға немесе жүйені тұзды ерітіндімен салқындатуға арналған жейдесі бар
реакторларда жəне араластырғыш құрылғыда жүзеге асырылады. Араластыру реактордағы
сұйықтық қабаттарын жылжытуға мүмкіндік береді, концентрация айырмашылығы артады жəне
сұйық ортадағы молекулалық диффузия конвективті жəне турбулентті масса тасымалымен
ауыстырылады. Қарқынды араластыру диффузиялық шекара қабатының қалыңдығын азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: