2) адамнын қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын
орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК-тін 99-бабы, 2-
тармагының «2» тармақшасы).
Мұндай адам өлтіру кінэлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың кызметтік
немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру максаттарында, неме-
се олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы
Жоғаргы Сотының 2007 жылгы 11 маусымдагы «Адамның өмірі мен денсаулыгына қарсы кейбір
қылмыстарды саралау туралы № 1 нормативтік каулысында кез келген адамның қызмет аясына
жататын жүмысын қызметтік борышты орындау, ал қогамдык борышты орындау деп - арнайы
жүктелетін қогамдык міндеттердің орын- далуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның
мүддесіне бола (заңды бұзуга жол бермеу, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы
өкімет органдары- на хабарлау және т.б.) жасалған баска әрекеттер де коғамдық міндеттер болып
таны- лады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қогамдық іс-әрекет
жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы, кінэлінің адам өлтіруі олардың
осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе когамдық функция
атқарган адамның өзі немесе олардың жакын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті баптарында берілген. Олар -
ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге тұрған және бірге тумаған
туыс ага-інілері мен апа-сіңлілері, агасы, әжесі, немерелері.
Егер кызметтік немесе қогамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін не- месе
жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көзделген болса, онда кінэлінің әрекеті осы
арнаулы норма бойынша саралануға жатады (ҚК-тің 408-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: |