Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Бас бостандығынан заңсыз айыру



Pdf көрінісі
бет178/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

126- 
6 а п. Бас бостандығынан заңсыз айыру 
1. 
Адамды оны урлауга байланысты емес бас бостандыгынан заңсыз айыру- 
үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостанды- 
гынан айыруга жазаланады. 
2. 
Мынадай: 
1) 
адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 
2) 
бірнеше рет; 
3) 
өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып; 
4) 
қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып; 
5) 
көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты; 
6) 
кінәлі адамга жуктілік жагдайда екені көрінеу белгілі айелге қатысты; 
7) 
екі немесе одан да көп адамга қатысты; 
8) 
пайдакүнемдік ниетпен; 
9) 
жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдаланып жасалган дәл сол 
іс-әрекет
 -
 
мүлкі таркіленіп немесе онсыз, бес жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга 
жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 
1) 
қылмыстық топ жасаса; 
2) 
заңсыз бас бостандыгынан айырылган адамды қанау мақсатында жасалса; 
3) 
абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарга әкеп соқса
 -
 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан онжылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан 
айыруга жазаланады. 
Қылмыстық кодекстің 126-бабында адамды, оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан 
айыру үшін жауаптылык белгіленген. Бұл құрам Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілген 
қылмыска ұқсас. Одан айырмашылығы адам өзі тұратын жер- ден басқа жерге ауыстырылмайды
оған өлтіремін немесе денсаулыкка зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек 
қойылады, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі есіне салынады. 
Қылмыстың тікелей объектісі - адамның жеке басының бостандығы, қосымша тіке- лей 
объектісі - адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам 
болуы мүмкін. Объективтік жағынан қылмыс адамды, оны ұрлауга байла- нысты емес жағдайда бас 
бостандыгынан айырумен сипатталады. Яғни жәбірленушінін еркін - қалауынша жүріп-тұруына 
тыйым салынады, немесе оны бір тұрғын жаііға жауып қояды не байлап, қорқытып зорлыкпен 
ұстайды, өз тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен айырылады. 
Қылмыстың жасалу тэсілі жәбірленушіні күш қолданып немесе күш қолданбақшы бо- лып 
коркыту болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық. Адам бас бостандығынан заңсыз 
айырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Заңсыз бас бостандығынан айыру 
мерзімі кылмысты саралауға әсер етпейді. 
Субъективтік жагынан қылмыс тікелей касақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет эр түрлі: 
қьпғаныш, кек алу, бұзакылық т.с.с. болуы мүмкін. 
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған жай адам. Лауазым адамдарының мүндай әрекеттері 


283 
Қылмыстық кодекстің тиісті басқа баптары бойынша саралануга жатады. Осы қылмыс кұрамының 
ауырлататын жэне өте ауырлататын түрлері Қылмыстық кодекстің 125-бабында көрсетілген 
белгілермен ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет