330
түзеу жүмыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер-
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
3.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын
пайдалана отырып жасаган іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқыгынан бес
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
айыппүл салуга не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не үш жылга дейінгі мер- зімге бас
бостандыгын шектеуге не сол мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 25-бабына сәйкес тұрғын үйге қол
сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұргын үйге басып кіруге,
оны тексеруге жэне тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Осыған орай Қылмыстық кұқық бұзушылыктың кодекстің 149-бабын- да тұрғын үйге қол
сұғылмаушылыкты бұзганы үшін жауаптылык көзделген. Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей
объектісі - тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстык кұкык бұзушылық объективтік жагынан тұрғын үйге онда түратын адамның еркінен
тыс басып кіру аркылы көрініс табады.
Түрғын үйге басып кіру біріншіден заңсыз болуы кажет. Екіншіден басып кіру деп ашык немесе
жасырын з үрде онда тұратын адамның еркінен тыс тұргын үйге кіруді ай- тамыз.
Түргын үйге - адамдардың түпкілікті немесе уақытша түратын жеке үйлері, пәтерлері,
бөлмелері, конақүйдегі бөлмесі, саяжайы, бағбаншылык үйшігі,
сондай-ак демалатын, зат коятын
қосымша жайлары жатады.
Қылмыстық кұкык бұзушылык формальдық кұрамға жатады және ол тұргын үйге онда түратын
адамның еркінен тыс жағдайда басып кірген сәттен аяқталган деп таны- лады.
Субъективтік жагынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам түрғын үйге заңсыз
кірудің қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық кұкык
бұзушылықтың ниет сан алуан болуы ыктимал.
Қылмыстык кұқык бүзушылықтың объектісі - 16-ға толған есі дүрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 149-бабының 2-тармагында осы кылмыстық
кұқық бұзушылыктың
ауырлататын түрі - күш колданып не оны колданамын деп корқытумен, немесе адамдар тобы
жасаған, немесе түнгі уақытта, немесе заңсыз
тінтуге ұласып жасалған әрекет, сондай-ақ түрғын
үйден заңсыз шығарып тастау үшін жауаптылық бел- гіленген.
Күш колдануға үрып-соғып, сабап, дене жаракатын салу, жәбірленушіні байлап тастау аркылы
үйге заңсыз кіру жатады. Күш қолданамын деп корқытуға жогарыда көрсетілген зорлық әрекеттерді
істеймін деп психикалық кысым жасау аркылы жәбірленушінің қарсылығын жоюға бағытталған
эрекеттер жатады. Қоркыту накты және шын жүзеге асатындай болуы керек.
Адамдар тобының түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1-тармағында берілтен.
Түн ішінде түрғын үйге заңсыз кіру тұргын жайға ешкімнің тимеуін өрескел бүзу болып
саналады. Түнгі 22 сағаттан таңсәрідегі 6 сағатқа дейінгі уақыт түнгі уақыт деп саналады.
Заңсыз тінту деп заңда көрсетілген негіздерсіз заңсыз тінту жүргізіп,
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын өрескел бұзғандықты айтамыз.
Біреуді үйінен заңсыз шыгарып тастау деп Түргын үй заңына карсы әрекеттер жа- сап, соттың
шешімінсіз немесе прокурордың санкциясынсыз отырған үйінен заңсыз шығаруды айтамыз.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттер, егер адам озінің қызмет
бабын пайдалана отырып жасаса ол осы қылмыстың өте ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің
149-бабының 3-тармағы).
Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 26, 27, 28-тармақтарында берілген. ҚК-
тің 149-бабының 3-тармағында көрсетілген кылмыс материалдык құрамға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: