Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру



Pdf көрінісі
бет291/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

204- 
6 а п. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру 
1. 
Абайсызда жасап, ірі залал келтіріп, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру - 
бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не бір жүз жиырма сагатқа дейінгі мерзімге қогамдық жумыстарга 
тартуга не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
2. 
Отпен немесе қауіптілігі жогары өзге де көздермен абайсыз жумыс істеу арқылы 
жасалган не ауыр зардаптарга әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әре- кет- 
екі мың айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Заңға сәйкес бөтеннің мүлкін занда көрсетілген жағдайлада ірі залал келтіріп, абай- сызда жою 
немесе бүлдіру гана қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Қылмыстық қүқық бүзушылық 
объективтік жағынан күқыққа қайшы іс-әрекеттерден - мүлікті жою немесе бүлдіру, сондай-ақ іс-
әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Қылмыстық қүқық 
бүзушылық занда көрсетілген зардап орын алган уақыттан бастап аяқталған деп танылады. 
Субъективтік жағынан қылмыстық қүқық бұзушылык тек қана абайсыздықпен жүзеге 
асырылады. Қылмыстық құкық бұзушылыктың менмендікте адам өз іс-әрекетімен қоғамға қауіпті 
зардап - бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру болуы мүмкін екенін ал- дын ала біледі, бірақ бұл 
зардаптарды жеткілікті негізсіз жеңіл ойлылыкпен болғызбау мүмкіндігіне сеніп, қылмысқа жол 
береді. 
Қылмыстык қүқык бүзушылықтың немқүрайдылықта адам қажетті үқыптылық пен сактық 
болғанда заңда көзделген зардапты болжап білуге тиіс және болжай алатын бола түра өз іс-
әрекетінің қогамға кауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмей қылмыстық қүқық 
бүзушылыққа жол береді. 
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген азамат танылады. 
Осы қылмыстық күкық бүзушылық қүрамының екі түрлі жағдайда жүзеге асатыны түрі 
көрсетілген: а) отпен немесе өзге де аса кауіпті көздермен абайсыз жүмыс істеу арқылы жасалған; б) 


398
 
не ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер арқылы бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру. 
Аса қауіпті көздерге - көлік құралдары, жанар-жағармайлар, атылатын, жарылатын затгар, 
электр жабдықтары т.б. жатады. 
Ауыр зардаптарга - адамның денсаулығына орта, ауыр зиян келтіру, оларды уландыру, ауруга 
шалдықтыру, сондай-ақ кәсіпорын қызметін тоқтауға немесе доғаруға, міндетте- мелік шарттарын 
орындамауга әкеліп соғатын экономикалық зардаптар жатады. Абай- сызда адам өлтіру осы 
қылмыстық қүқық бұзушылық күрамы бойынша қамтылмайды, сондықтан мүндай іс-әрекеттер орын 
алғанда қылмыстық күқық бүзушылық жиынтығы бойынша (204-бап, 104-бап) сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет