Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар



Pdf көрінісі
бет93/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

54- 
6 а п. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар 
Қылмыстық жауаптылықпен жазаны ауырлататын мэн-жайлар. 
Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар кылмыстық жауаптылык пен жаза- ны 
ауырлататын мэн-жайлар деп танылады: 
1) қылмыстык құқық бұзушылыктардың бірнеше рет жасалуы, кылмыстардың қайталануы, 
қылмыстардың кауіпті кайталануы; 
2) кылмыстық құкық бұзушылык аркылы ауыр зардаптар келтіру; 
3) қылмыстық кұқык бұзушылыкты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар 
тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау; 
4) қылмыстык кұкық бұзушылық жасағанда айрықша белсенді рөл атқару; 


193 
5) кінэлі адамға психикасының бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні көрінеу белгілі 
адамдарды не кылмыстық жауаптылық жасына толмаган адамдарды қылмыстық кұқық бұзушылық 
жасауға тарту; 
6) ұлттық, нәсілдік жэне діни өшпенділік немесе араздык уэжі бойынша, баска адамдардың 
құқыкка сыйымды эрекеттері үшін кек алу, сондай-ак баска кылмыстық кұкык бұзушылыкты жасыру 
немесе оны жасауды оңайлату максатында қылмыстық құқық бұзушылық жасау; 
7) кінэлі адамга жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, 
басқа да қоргансыз немесе дәрменсіз адамға не кінэлі адамға тәуелді адамга қатысты қылмыстық 
кұкық бұзушылык жасау; 
8) адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе коғамдык борышын орындауына бай- ланысты осы 
адамға немесе оның жакындарына қатысты қылмыстық құқык бұзушылык жасау;


1
 Қазакстан Республикасы Жогаргы Сотының 1999 жылгы 30 сәуірдегі нормативгік каулысының 5,
 
16-тармактары.
 
194
 
9) аса катыгездікпен, садизммен, корлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні кинаумен қылмыстық 
құқык бұзушылық жасау
10) қару, оқ-дэрілер, жарылғыш заттар, жарылыс немесе оларды имитациялай- тын кұрылғылар, 
арнайы дайындалган техникалық кұралдар, тез тұтанатын және жангыш сұйыктықтар, улы және 
радиоакіивті заттар, дэрілік жэне өзге де химиялық- фармакологиялық препараттар пайдаланып, 
сондай-ақ күштеп немесе психикалық мәжбүрлеуді қолданып не жалпы кауіпті тәсілмен қылмыстық 
құқық бұзушылық жасау; 
11) төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер бары- сында 
қылмыстық құқык бұзушылык жасау; 
12) алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық 
жасау. Сот кылмыстық құқык бұзушылықтың сипатына қарай бұл мән- жаиды ауырлататын мән-жаи 
деп танымауға құқылы; 
13) адамның өзі берген сертін немесе кэсіби антын бұза отырып, қылмыстық кұқық бұзушылық 
жасауы; 
14) кінэлі адамға оның қызмет бабына немесе шартқа қарай көрсетілген сенімді пай- даланып, 
қылмыстық кұкык бұзушылық жасау; 
15) билік өкілінің нысанды киімін немесе құжаттарын пайдаланып қылмыстык кұқық 
бұзушылық жасау; 
16) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, судьяның өзінің қызмет 
бабын пайдаланып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауы. 
2. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті 
бабында қылмыстық кұқық бұзушылық белгісі ретінде көзделген болса, ол жауаптылық пен жазаны 
ауырлататын мән-жай ретінде қайтадан ескерілмеуі мүмкін. 
3. Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілмеген мэн- жайларды 
ауырлатушы мэн-жайлар деп тани алмайды. 
Жауаптылықты ауырлататын мэн-жайлардың мазмұны төмендегідей: 
1. Қылмыстарды бірнеше, қылмыстардың қайталануы және қауіпті қайталануы. Бұл 
қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 12, 14-бабында көрсетілген. 
Соттардың мынаны есте тұтқаны жөн: адамның бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасауы - 
әсіресе қасақана жасауы, әдетте, кінэлінің коғам үшін аса қауіпті екендігін көрсетеді. Осыған 
байланысты ҚК-нің 58 және 60-баптарының талаптарын бұлжытпай орындау ондай адамдарға заңды, 
дәлелді жэне эділ жаза тағайындаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. 
Бірінші қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық үшін 
жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткен жағдайда, заңмен бекітілген тэртіпте сотталғандығынан 
арылған немесе оны алып тастаған немесе заң бойынша бұрын жасаған кылмыстық кұкық 
бұзушылык әрекеті үшін қылмыстық құқық бұзушылық жа- уапкершілік жойылган болса, сондай-ақ 
ҚК-нін Жалпы бөлімінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық кұқық бұзушылық 
жауапкершіліктен және жазадан босатылған жағдайда, қылмыстық құкық бұзушылық жасаған 
адамның бұрын сотталгандығы жауап- кершілік пен жазаны ауырлататын мэн-жай ретінде 
қаралмайды' 
2. Қылмыстык құқықбұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтіру. Зардап материалдык, 
моральдык және баска түрде болуы мүмкін. 
Қылмыстык кұқык бұзушылықтың ауыр зардабын сот істелген қылмыстық кұқык 
бұзушылықтың мәніне, істің нақты жағдайларына, сондай-ак қылмыстық құқык бұзушылықтан 
тікелей туындаған зардапты еске ала отырып аныктайды. Бұл мэселені ше- шуде қылмыстық құқық 
бұзушылықтың объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшері, орын алған ақау, дене 
жаракаты, кісі өлімі, баска да мән-жайлар толык есеп- ке алынады. Ауыр зардап қасақана немесе 
абайсыздықпен істелетін қылмыстык құкык бұзушылықтарда бірдей болатындықтан, ол осы 


195 
кылмыстық құкык бұзушылықтардың барлығы үшін де жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар 
ретінде есепке алынады. 
Қылмыстық заңның диспозициясында қылмыстык кұқык бұзушылықтың құқык бұзушылықтың 
белгісі ретінде көрсетілген жауаптылықты ауырлататын жағдайлар жаза тағайындағанда қайтадан 
еске алынбайды. 
3. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып, адамдар тобының немесе қылмыстық топ 
кұрамында қылмыс жасау. Бұл қылмыстар түсінігі Кодекстің 27-31-баптарында берілген. 
Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жогарғы Соты «Қылмыстык жаза 
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 
нормативтік қаулысының 15-тармагында мынадай түсініктер берілген: 
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған қылмыстық кұқык бұзушылық 
үшін неғұрлым қатаң жаза қолданылады, сондықтан соттар қылмыстық құқық бұзушылықта қатысу 
түрін және қатысушыларды дұрыс анықтағаны жөн. ҚК-нің 
31- 
бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес қылмысты саралау белгісі ретін- де 
қылмысты адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасағанды көздейтін ҚК-нің 
Ерекше бөлімінің баптары (баптар бөліктері) бойынша қылмыстарды саралау жэне жаза тағайындау 
қылмыс жасауға ҚК-нің 28-бабының 2-бөлігіне сәйкес қоса орындаушы болып танылған екі немесе 
одан да көп адам бірлесіп катысса ғана мүмкін болады. 
Қылмыстық топ жасаған реттерден басқа, бір орындаушы жасаған қылмыстық кұкық 
бұзушылыққа ұйымдастырушының, айдап салушыныц немесе кемектесушінің қатысуы бұл әрекетті 
адамдар тобы жасады деп саралауға және ҚК-нің қылмысты саралау бел- гісі ретінде оны адамдар 
тобы немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды 
көздейтін баптары (баптар боліктері) бойынша жаза тағайындауға негіз бола алмайды. 
4. Қылмыстық құкық бұзушылык жасағанда айрықша белсенді рөл атқару. Адам қылмысты жеке 
өзі істегенде немесе топқа қатысып істегенде айрықша белсенді рөл атқаруы мүмкін. Қылмыстық 
құқық бұзушылықгы табан астында ешбір негізсіз істеуі не- месе қылмыстық құқық бұзушылық 
істеуте ұзак уақыт дайындалуы, т. б. Егер қылмыстық құқық бұзушылық топ арқылы істелсе, онда 
топқа қатысушылардың эрқайсысының айрықша рөлі жеке-жеке ескеруге жатады. 
5. Кінэлі адамға психикасы бұзылуының ауыр түрімен зардап шегетіні көрінеу белгілі адамды 
немесе қылмыстык жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыстық кұқық бұзушылық жасауға 
тарту. 
Қылмыстык құқық бұзушылық істеген адамның жүйке ауруымен ауыратын адам- ды немесе жас 
баланы пайдаланып қылмыстық кұқык бұзушылык істеуі оның қоғам үшін ерекше зиянды екенін 
көрсетеді. Мұндай эрекетті істеген адам жас балалар- ды азғырады, олардың дұрыс қалыптасып адам 
болуына кесірін тигізеді, ауру адамды кылмыстық құкық бұзушылыкты эрекетке пайдаланып, өзін 
жауапкершіліктен тысқары қалдыруды көздейді. Мұндай жағдайдың кылмыстық құқық 
бұзушылықты ауырлата- тын мән-жайға жататындыгы сол, қылмыстык құқык бұзушылықтың 
субъектісі, оның зұлымдық қылмыстық құкық бұзушылыкты ниетін басқа адамдардың колымен - 
жас баланы немесе психикалық аурумен ауыратын адамды пайдалану арқылы жүзеге асы- рады. 
Қылмыстык құқык теориясында мұндай әрекетті біреу аркылы орындаушылық деп атайды. Біреу 
арқылы орындаушылыкка кылмыстық кұкык бұзушылыктың субъ- ектісі кылмыстық қүқық 
бұзушылық істеуге қылмыстық кұқық бұзушылыктың субъек- тісі болып танылмайтын жас баланы 
немесе ауру адамды пайдаланғанын сезеді және соны тікелей ісгейді. Мүндай жағдайларда жас бала 
немесе ауру адам кылмыстық қүқық бұзушылық істеудің қүралы ретінде пайдаланылады. Ал 
олардың істеген кылмыстық кұкык бүзушылығының шын мэніндегі орындаушысы жас баланы 
немесе ауру адамды кылмыстык кұқық бұзушылықтың пайдаланған адамның өзі болады. 
6. Ұлттық, нэсілдік жэне діни өшпенділік немесе араздык себебі бойынша, басқа адамдардың 
құқықка сиымды іс-әрекеттері үшін кек алу, сондай-ақ басқа қылмыстық кұкық бұзушылықты 


196 
жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында кылмыстық құқық бұзушылық жасау. Қазакстан 
Республикасы Конституциясының 14-бабында: те- гіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік 
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзкарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне 
байланысты немесе кез келген өзге жагдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды, - 
делінген. Ал 19-ба- бында: эркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға жэне қай дінге жататынын өзі 
анықтауға жэне оны көрсету-көрсетпеуге хақылы, - делінген. 
Ұлттық немесе нәсілдік дұшпандыкты немесе араздықты қоздыруға, ұлттык ар-намыс пен қадір-
қасиетті кемсітуге, сондай-ақазаматтардың нэсілдік немесеұлттықтегіне қарай олардың кұқықтарын 
тікелей немесе жанамалай шектеуге немесе оларға тікелей немесе жанамалай артыкшылықтар 
белгілеуге қасақана бағытталған іс-әрекеттерді қылмыстык заң кылмыстық құқык бұзушылык 
кұрамына жатқызады. Бұл жерде басқа қылмыстык кұкық бұзушылыктарды ұлттык немесе 
дұшпандыктың немесе араздыктың салдарынан істеу туралы сөз болып отыр. Бұған жататындар: 
басқа ұлттар мен нәсілдердің өкілдерін осындай ниетпен қорлауға, оларға жала жабуга, оларды 
ұрып-соғуға, дене жарақатын салуга, мүліктерін жоюға, бұзақылық жэне баска қылмыстық құқык 
бұзушылыктарды істеуге бағытталған әрекеттері жатады. Кез келген қылмыстык құкык 
бұзушылықты ұлттық немесе нәсілдік дұшпандықты немесе араздықты қоздыру мақсатымен істеу 
жауаптылықты ауырлататын мән-жайларга жатады. Басқа адамдардың занды әрекеттері үшін 
кектенушіліктен кылмыстык құқық бұзушылық істегені үшін жазаны күшейтудің себебі сол, бұл 
жерде қылмыскер баска адамға заңды әрекеттер істеуге кедергі келтіру, олардың заң козғайтын 
кұкысы мен мүддесіне қол сұғып отыр. Басқа қылмыстык кұкык бұзушылыкты жасыру немесе оны 
жасауды оңайлату мақсатымен қылмыстық құкык бұзушылык жасауда да жазаны күшейтудің себебі 
сол. Бұл жерде кылмыс жасаған адам екі бірдей қылмыстык кұкык бұзушылыкты қатар істеп отыр. 
Мысалы, өзінің ұрлыгын көрген адамды, қылмысының ізін жасыру мақсатымен сол жерде өлтіріп 
кету. Немесе қылмыстық кұкық бұзушылыққа кедергі жасаған күзетшіні өлтіріп, банкті тонау, т. б. 
эрекеттер. 
7 Жүктілік жагдайы көрінеу белгілі әйелге катысты, сондай-ак жас балаға, қоргансыз немесе 
дэрменсіз адамға не кінэлі адамға тәуелді адамга қатысты кылмыстық құкык бұзушылык жасау. 
Жас балаға, кэрі немесе дәрменсіз халдегі адамдарға я кінәлінің біле тұра жүкті әйелге карсы 
қылмыстық құқық бұзушылық істеуі. Қылмыстык құқық бойынша жас бала деп жасы он төртке 
толмағандар айтылады. Кәрі адамдар деп кәрілік жасқа байланыс- ты зейнеткерлікке шыккан, соған 
сәйкес кылмыскерге карсылық көрсетуге кауқары жок адамдарды айтады. Дәрменсіз халдегі адамдар 
деп науқасқа, дертке ұшыраған, өзінін ақыл-есінен айрылған, дене бітімінің кемдігіне байланысты 
кылмыскерге қарсылық көрсетуге қабілеті жоқ жандарды айтамыз. Жүкті әйелдер - кінэлінің оның 
эйтеуір жүкті екендігін дәлме-дэл біле тұра, соны сезіп, біліп, жэбірленушіге қарсы кылмыстық 
кұкык бұзушылық істеуі. Жас балаға, кэрі немесе дэрменсіз халдегі адамдарга, сондай-ақ біле тұра 
жүкті әйелге қарсы қылмыстык құкык бұзушылық істеу кінәлінің тұлғасын теріс сипаттайтын 
ерекше белгілер болып табылады. Кінэлі адамға тәуелділік материалдық, лауазымдық жэне басқадай 
болуы мүмкін. 
Материалдык тәуелділік деп басқа адамның кінэліге негізгі немесе косымша өмір сүру 
жағдайына байланысты кіріптарлыгын айтамыз. Мысалы, жас балалардың, ата- аналардың, 
зеинетақы алмаитын ата-аналардың балаларына материалдык тэуелділігі. 
Лауазымдык жөніндегі тэуелділік деп тікелей немесе жогары тұрган басшыга багынышты 
болуын айтамыз. Басқадай тәуелділікке туыстық, ерлі-зайыптылық қатынастар жатады. 
8. Белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе когамдық борышын өтеуіне байланысты 
оған немесе оның жақындарына қатысты қылмыстык құқық бұзушылық жа- сау. 
Өзінің қызметін немесе қоғамдық борышын аткарып жүрген адамды өлтіру - касакана кісі 
өлтірудің ауыр түрі болып табылады, ол туралы арнаулы қылмыс құрамы бар. Мұндай 
жағдайлардағы кінәлінің әрекеті арнаулы заңның диспозициясымен қамтылатындықтан 


197 
жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде жаза тагайындаганда тағы да есепке алын- байды. Басқа 
қылмыстық заңда нақты қылмыстык құқық бұзушылық кұрамы ретінде көрсетілмеген жағдайларда 
озінің қызметін немесе қогамдық борышын атқарып жүрген адамга қарсы қылмыстық кұқык 
бұзушылық істеу жауаптылықты ауырлататын мән- жайға жатады. 
Бұл жерде өзінің қызметін атқарып жүрген адам деп, меншік түріне қарамастан, мем- лекеттік 
немесе коммерциялық, баска да аппаратта заң бойынша белгіленген тәртіппен лауазым адамының 
функциясын атқарып жүрген адамды айтамыз. 
Қогамдық борышын атқарған адам деп қогам, мемлекет, жеке адам мүддесі үшін пайдалы іс-
әрекет жасап жүрген адамды айтамыз. Мысалы, халық жасакшысына қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылық істеу, қылмыстык құқық бұзушылықты тойтаруға қарсы эрекет жасаған адамга немесе 
жэбірленушіге көмек көрсетуге эрекеттенген адамға карсы істелген т. б. қылмыстық құкық 
бұзушылықтар. Аталган адамдардың жақындарына оның жақын туыстары жэне басқадай соларга 
қатысы бар адамдар жатады. Бұл ретте кылмыскер жоғарыда аталган қызметкерлердің туыстарына 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылык жасап, оларға әсер ету арқылы, кек алу мақсатын місе тұтады. 
9. Аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жэбірленушіні қинап қылмыстық кұкық 
бұзушылық істеу. Мұндай кылмыстар көбінесе жеке адамдарга қарсы, басқа да жеке адамдардың 
өміріне, денсаулыгына, бостандығына қарсы жаса- лады. Мысалы, адам өлтіру, тонау, қарақшылық, 
бұзақылық, өкімет билігінің шегінен шығу, кейбір жағдайларда аса қатыгездікпен басқа да 
қылмыстық құқық бұзушылықтар істелінуі мүмкін. Мысалы, 338-бап жануарларга қатыгездік жасау. 
Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен қылмыстық құкык бұзушылық істеу кылмыскердің осы тәсілдер 
арқылы жәбірленушіні қинап, оны азаптап, жанын, тэнін ауыртып, оған аса ауыр материалдық және 
моральдық ауырлыкты келтіруі айтылады. Мысалы, балаларының көзінше анасын азаптап, сабау 
немесе жәбірленушіні жанын қинап өлтіру, ерекше қаталдықпен мүлікті қорқытып талап ету, т. б. 
әрекеттер. 
Жәбірленушіге қинап, қорлық көрсету деп кінэлінің жәбірленушіге қарсы шек- тен шыққан 
арсыздықпен қылмыс істеп, оның ар-намысын, адамгершілігін аяққа басу арқылы оған моральдық 
немесе материалдық зардап келтіруін айтамыз. 
Осы айтылғандарды жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатқызғанда, соттың кінэлінің 
ерекше каталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсетіп қылмыстық құкық бұзушылық істеу 
тәсілін қолдануды сезгенін аныктау өте қажет болып табылады. 
10. Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе оны бейнелеуші қондыргылар, арнайы дайындалган 
техникалық құралдар, тез тұтанатын жэне жанғыш сұйықтар, улы жэне радиоактивті заттар, дэрілік 
жэне өзге де химиялық фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсеткен 
немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті тэсілмен кылмыстық кұкық бұзушылық жасау. 
Қылмыскердің көрсетілген құралдарды, қаруларды қолдануы коғам үшін қауіпті басқа да тәсілдерді 
пайдалану қылмыстық құқық бұзушылыктың қоғамга кауіптілігін жоғарылатады. Сол үшін оған 
катаң жаза белгілене- ді. Жалпыға қауіпті тәсілді қолданып қылмыстык кұқык бұзушылық істеу. 
Мұндай тэсілді қолданып қылмыстық құкык бұзушылық істеу қылмыстық заң қоргайтын көптеген 
қогамдық қатынастарга зиян келтіру каупін туғызады. Жалпыға қауіпті тәсілдерге: жа- рылыс, 
копарылыс ұйымдастыру, өрт қою, су астында қалдыру, қопарылыс жасайтын заттарды, 
уландыратын газдарды пайдаланып қылмыстык құқық бұзушылық істеу жатады. Жауаптылықты 
ауырлататын мән-жайлар орын алу үшін қылмыстық кұкық бұзушылықты жалпыға қауіпті тэсілді 
колданып істеу фактісі болу қажет. 
11. Төтенше жағдайды, төтенше ахуалды жағдайларды қылмыстық кұқық бұзушылық жасау 
үшін пайдалану, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде кылмыстық құқык бұзушылык жасау. 
Мұндай әрекеттерді төтенше жағдайды немесе жұртшылыққа келген ауыртпалық жагдайларды 
пайдаланып қылмыстык құқық бұзушылық жасау деп атай- мыз. 
Жұртшылыққа келген ауыртпалық жағдайына жер сілкіну, су тасқыны, қар көшкіні, өрт апаты, 


198 
дауыл соғуы сияқты оқиғалар жатады. Төтенше жағдайга - мемлекетте жап- пай тәртіпсіздікке 
немесе баска оқиғаларға байланысты пайда болған ерекше жағдайға байланысты белгілі бір уакытқа 
тэртіп сақтау үшін енгізілген ерекше құқылық шаралар болып табылады. Бұл туралы осы мәселеге 
арналған заңда нақты айтылады. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ерекше корғану 
шараларын, құзыреттерді іске асыратын арнаулы органдар құрылады. Кінэлі адамның басқа уақытқа 
қарағанда осы жағдайды пайдаланып қылмыстық құқық бұзушылық істеуі оның жауаптылығын, сөз 
жоқ, ауырлатады. Жаппай тәртіпсіздіктің түсінігі 272-бапта берілген. 
12. Алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлықтан масаң күйде қылмыстық құқык бұзушылық 
жасау. Адамның осындай күйде болып қылмыстық құқық бұзушылық істеуі кінәлінің келтіретін 
зияндылығының сау адамга қарағанда едәуір зор болатындыгы, со- нымен бірге оның кауіптілік 
дәрежесінің де үлкен екендігін көрсетеді. Қандай жағдайда мас күйге келудің қылмыстык құқық 
бұзушылықты саралау үшін маңызы шамалы. Адамның алкоголь ішімдігін, есірткілік немесе 
уландыратын заттарды пайдаланып, мас күйге келуі арқылы қылмыстық кұқық бұзушылық істеуі 
мүмкін. 
ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің «12» тармағына сәйкес, қылмысгың сипатына қарай сот 
қылмыстык құқық бұзушылықты мас күйінде жасауды жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-
жай ретінде танымауға құқылы. Бұл мэселені шешу барысында соттар жасалған қылмыстық 
эрекеттің өзінің сипаты бойынша кінэлінің мастыгына қатысы бар- жоғын, сондай-ақ оны осындай 
күйге алып келген жағдайларды ескеруі тиіс. Мысалы: отбасына, жеке басына келген ауыр кайғыдан, 
күйіктен ішіп мас болуы немесе мас болып маңызы шамалы қылмыстық құқық бұзушылықты істеу, 
т. б. жағдайлар. 
Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамның қылмыстык кұкық бұзушылық жасаган кезде мас болуы, 
егер оны бұндай күйге арак, есірткі немесе баска да есеңгірететін заттар- ды пайдалану арқылы 
ересек қылмыстык құқык бұзушылыкка қатысушы жеткізсе, жа- уапкершілік пен жазаны 
ауырлататын жағдай ретінде есептелмейді. Мұндай іс-эрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше 
бөлімінде көрсетілген жеке қылмыстык кұкық бұзушылык құрамын түзеді. 
13. Адамның өзі берген антын немесе кэсіби антын бұза отырып кылмыстык құкык бұзушылық 
жасауы. Аталган жағдайда қылмыстық құқык бұзушылык істеу - әруакытта да жазаны 
жоғарылатудың негізі. Өйткені, аталған адамдар өзі кабылдаған антын бұза отырып, өзіне берілген 
сенімге қиянат жасап, алдау жолына түседі. Мысалы, антты бұзып, мемлекеттік құпияны 
жариялайды, береді немесе банк қызметкері кәсіби антын бұзып салушылардың қаржыларын өзі 
пайдаланып кетеді және т. б. әрекеттер. 
14. Қылмыскердің қызмет бабын немесе шартка байланысты өзіне көрсетілген сенімді 
пайдаланып қылмыстық құкық бұзушылық жасауы. Бұл жағдайларда кызметкер өзіне сеніп 
тапсырылған кызмет жагдайын пайдаланып сенімге қиянат жасап, оны қылмыстық құқық 
бұзушылық істеуге пайдаланады. Мұндай ретте осындай кылмыстык құқық бұзушылықты 
лауазымды адамдар қызметкерлерімен бірге қатардағы қызметкерлер де жасауы мүмкін. Шартқа 
байланысты мәселе Азаматтық кодекс нормасы арқылы рет- теледі. Шарт заңды тұлғалармен де, 
жеке азаматтармен де бекітілуі мүмкін. Шарттан туындайтын сенімді пайдаланып, қиянат жасау 
жауаптылық пен жазаны ауырлатын мэн- жайга жатады. 
15. Билік өкілінің нысанды киімін немесе кұжатын пайдаланып кылмыстык кұқық бұзушылық 
жасау. Билік өкілініңтүсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 9-тармагында берілген. Осыған 
жататын адамдардың нысанды киімін немесе құжатын пайдала- ну қылмыс істеуге зор 
мүмкіндіктерді туғызады. Сондыктан да мұндай мэн-жайлар жауаптылықты жэне жазаны 
ауырлатуға негіз болады. 
Құкық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган кызметкерлерінің, судьяның өзінің қызмет 
бабын пайдаланып, кылмыстық кұқық бұзушылық жасауы. 
Құкық корғау қызметкерлеріне, прокуратура, ішкі істер, эділет органдары қызметкері, арнаулы 


199 
мемлекеттік орган қызметкерлеріне - ұлттық қауіпсіздік органдары, басқа да ар- найы мемлекеттік 
органдар кызмткерлір судьялық қызметке осы лауазымдарға занда бел- гіленген тәртіппен сайланған 
тұлғалар жатады. Мұндай адамдардың қызмет бабын пай- даланып, қылмыстық құқык бұзушылыгы 
өте кауіпті. Осындай жағдайды ескере отырып, жаңа Қылмыстык кодекстің 54-бабының 16-
тармақшасында бұл жағдай жауаптылықпен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде тұңғыш рет 
көрсетіліп отыр. 
Құқық корғау органы қызметкерінің түсінігі құқық қорғау органдары туралы заңда, судьялық 
қызмет түсінігі де арнаулы заңдарда көрсетілген осындай лауазымдарды пай- даланып қылмыс жасау 
аса қауіпті, бұлар жауаптылықты жэне жазаны ауырлататын мән- жай ретінде есепке алынады. 
Қылмыстық кодекстің 54-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық үшін 
жауаптылыкты жэне жазаны ауырлататын мэн-жайлар тұжырымды болыгі табылады жэне оны кең 
магынада талқылауға жол берілмейді. Өйткені, Кодекстің 54-бабының 
3- 
бөлігінде «Жаза тағайындау кезінде сот осы баптың бірінші бөлігінде корсетілмеген мән-
жайларды ауырлатушы мэн-жайлар деп тани алмайды», — делінген. Осы баптың 
2- 
бөлігінде «Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жай осы Кодекстің Ерек- ше 
бөлімінің тиісті бабында қылмыстық кұқық бұзушылык белгісі ретінде көрсетілген болса, ол 
жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қайталап ескерілмеуі керек», - делінген. 
Мысалы, аса қатыгездікпен жасалған ауырлататын жағдайдағы кісі өлімі (99-бап 2-бөлігі «5» 
тармакшасы). Жауаптылықты жэне жазаны ауырлататын осын- даи мэн-жайлар кылмыстық құқык 
бұзушылық құрамының қажетті немесе ауырлататын белгісі ретінде көрсетілгендіктен жаза 
тағайындағанда оны қайтадан жазаны ауырлата- тын мэн-жай деп есепке алуға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет